75
қысқыштардың үстіне қазық бау шалып жіппен таңады. Байламның шешіліп
кетпеуі үшін, жіптің ұштарына теңіз түйінін салады, қысқыштарды бір орап
алады да байлайды. Ен бауын қынап қабығымен бірге, қысқыштың төменгі
жағынан 2 см шамасындай қашықтықта кеседі де, екінші еннің операциясына
кіріседі. Кестірілген қуысына вазелин майын жағады.
Ашық әдісте аралық тарамысты қырқуға жарамайды, өйткені кестіріп
болғаннан кейін ен бауының түсіп кететін жағдайлары болады.
Кестірілген жердің жарасын ластап алмау үшін, операция жасар
алдында оның құйрығын байлап қояды.
Қысқыш салынған жерде пайда болған жара қабығын кесуге
жарамайды, өйткені одан қан кетеді, әбден шірігеннен кейін бірнеше күнде
оның өзі-ақ түсіп қалады. Жараның ернеуіне йодоформ не бор қышқылы
майын жағады. Кескен жеріндегі жарасының аузы, ен бауынан шіруге
айналған ұлпаны, әбден түскенге дейін бітеліп қалмауын бақылау керек.
Піштірілген жерінің жарасы 20—25 күнде жазыла бастайды.
Операциядан кейінгі күтімі. Операция ойдағыдай жасалса, кестірген
жерінің жарасына ем керек етпейді. Жануардың ұмасы мен күпегі ісіп кетпеу
үшін, піштірілгеннен бір күннен кейін бір сағаттан, жетелеп жүріп
серуендету керек. Жылқыны бесінші күні алғаш жеңіл, ал содан
кейін ауыр
жұмыстарға қосуға рұқсат етіледі, піштірілген жерінің жарасы 16—20 күнде
толық жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: