3.Несеп қапшығындағы тастар
Несеп қапшығындағы тастардың жиналуы несеп тас ауруына бірден-
бір негіз болып табылады. Несеп тас ауруы барлық үй жануарларында
кездеседі. Уролитиазаның эндемиялық формасы қауіпті болып табылады,
бұл кезде біраз бас мал ауырады және ауру жіті өтіп, малдың өліміне
әкеліп соғады.
Себебі және патогенез
. Несеп тас ауруының пайда болу себебі әр
түрлі: химико-коллоидты, эндокринді, инфекциялық және алиментарлық.
Жануарларда эндемиялық уролитиазаның пайда болуының негізгі
факторларының бірі азық, яғни А витаминінің және май қышқылдарының
жетіспеушілігі, азықта фосфат, магний тұздарының көбеюі, су аз
қабылдауы.
Организмде А витаминінің және май қышқылдарының жетіспеуі ішкі
ағзалардың, әсіресе несеп мүшелердің эпителиінің морфологиялық
құрлымының өзгеруіне, сонымен қатар бүйректе патологиялық процесстің
(нефроз, нефрит) дамуына әкеліп соғады. Эпителий бүтіндігінің
бұзылуынан, оның тереңді және көлемді десквамацияға ұшырауына әкеліп,
қорғаныс қызметі бұзылады. Бүйректің паренхиматозды дистрофиясының
әсерінен белоктік заттардың және бір-біріне жабысқан эпителий
торшалары көп мөлшерде несеп қапшығында жиналады. Патологиялық
процесстің нәтижесінде, несеп жолдарының кілегейлі қабығының
бүтіндігінің бұзылуынан несеп тасының пайда болуының біріншлік
процессі яғни органикалық негізді тас гелі пайда болады. Егер несеп
68
жолдары микрофлорамен асқынса, іріңнің, фибриннің және кілегейдің
нәтижесінде тас гелінің пайда болуы тездетіледі. Эпителидің қорғаныс
қызметінің бұзылуынан несеп жолдарына түскен микробтар (стафилококк,
ішек таяқшалары) көбееді. Микробтар өмір сүру барысында уреаза
ферментін бөледі, нәтижесінде мочевина ыдырап, аммиак бөлінеді, несеп
сілтіленеді. Несеп тұзының түсуі және тастың кристаллизациясы екіншілік
поцесс болып табылады. Несепте тастың пайда болуына тұздың
концентрациясы қажет, бірақ міндетті емес. Несепте тұз концентрациясы
өте жоғары болғанымен, егер несеп жолдарының кілегейлі қабығының
бүтіндігі бұзылмаса тас пайда болмайды. Несепте гелдің болуы тастың
пайда болуының бірден-бір негізі болып табылады. Пайда болған тас
іріңнің, тұздың, кілегейдің жиналуынан ұлғаяды. Химиялық құрамына
байланысты мынадай түрлерін ажыратамыз: оксалаттар —қымыздық
қышқылды әк, карбонаттар — көмір қышқылды кальцин, ураттар— несеп
қышқылды тұз, фосфаттар— фосфорды қышқылды тұз. Цистинді және
ксантинді тастар жануарларды сирек кездеседі. Ірі қара малдарда
силикатты тастардың пайда болуы байқалған. Күзендерде белоктік және
коллоидтық тастар кездеседі.
Несеп қапшығының тастары біріншілік яғни тастар несеп
қапшығының өзінде пайда болады және екіншілік яғни тастар бүйрек
лоханкасынан несеп қапшығына түседі. Кейде несеп қапшығында көп
мөлшерде құм кездеседі (ірі қара малда 15 кг-ға дейін). Тастың көлемі әр
түрлі болады. Ұсақ тастар қозғалмалы келеді, олар несеп жолдарына түсіп
кетіп, кез - келген жерде уретра каналын жауып тастайды. Тастың несеп
жолдарын қысқа мерзімге немесе толық жауып тастауы, бүйрек қызметіне
және несеп жолдарының динамикасына кері әсер етеді. Несеп
қапшығында несептың шамадан тыс жиналуы, несеп ішілік қысымның
жоғарылауына әкеліп соқтырады. Несеп жолдарының толық немесе ұзақ
мерзімге жабылуы рефлюкстің пайда болуына, яғни несептің кері ағуына
әкеліп соғады. Несеп қапшығында несептің шамадан тыс көбейіп, сыртқа
шықпауынан, несеп қайта бүйрек лоханкасына барады. Несептің
созылмалы тұрып қалуы (уростаз), пиелитке, пиелонефритке және
гидронефрозға әкеліп соқтырады.
Клиникалық белгілер.
Егер тас жылтыр және үлкен болмаса, малда
ауырсыну сезімі байқалмайды. Көп жағдайда мал несеп бөлуі үшін
күшенеді, несептің бөлінуі кезінде ауырсыну байқалады, қан бөлініп
шығады. Егер күзендердің несеп каналында тас тұрып қалса, несеп бөлінуі
қиындайда кейде тұрып шықпайды, нәтижесінде «ылғалды қарын» пайда
болады, өздігінен бөлінген несеп аңның терісін сулайды, сонан соң парез
дамиды. Несеп қапшығының кілегейлі қабығы қабынады, несеп бөлгенде
ауырсыну сезімі байқалады, несеп ылайлы және іріңді.
Уролитиазаның негізгі белгісі гематурия және пиоурия болып
табылады.
69
Күзеннің эндемиялық уролитиаза барысында несеп мүшесінің
зақымдалуымен қатар, конъюнктивит, кератит, ринит, бронхопневмония,
гастроэнтерит бауырдың майлы дистрофиясы байқалады.
Балау.
Малдың жағдайына қарап байқайды, несеп бөлуіне, несеп
түсіне және зертханалық зерттеудің нәтижелеріне сүйеніп қояды. Ұсақ
малдарда қарынның сырт жағынан несеп қапшығын ұстап ірі тастарды
байқауға болады, ірі қара малдарда несеп қапшығын ректальді жолмен
зерттеу жүргізеді. Егер тас уретральді каналда тұрып қалса, катетер енгізу
арқыл байқауға болады. Несепті зертханалық зерттеулер жүргізу
барысында морфологиялық өзгерістер байқалады (эритроцит, лейкоцит,
несеп тұздары). Ұсақ малдарда диагнозды рентгеногрфия жасау арқылы
нақтылайды.
Өтуі.
Күзендерде эндемиялық уролитиаза кезінде болжам қолайсыз.
Емі.
Уролитиазаның оперативтік емі цистотомия немесе уретротомия
жолымен тасты алып тастайды. Цистотомия жасау ұсақ малдарда тиімді
болып табылады. Ірі қара малда цистотомия кеңінен қолданбайды.
Иттерде, мысықтарды және күзендерде цистотомия лапаротомия жолымен
және несеп қапшығының дорсальді қабырғасын тілу арқылы жасалады.
Несеп қапшығын тастан босатқаннан кейін, екі этажды сірлі-бұлшықетті
тігіспен тігеміз. Ірі қара малдарда және жылқыларда несеп қапшығындағы
тастың пайда болуы жаймен дамыса, күрделі асқынулар болмаса, мал ұзақ
уақыт өнімділігі және жұмысқа қабілеті сақталады. Эндемиялық
уролитиаза қойларда күзендердегідей жіті өтеді.
Тасты оперативтік жолмен алып тастағаннан кейін рецидив беруі
мүмкін.
Аралас наркоз жасалып операция жүргізіледі. Жатқызып бекемдейді.
Құрсақты ақ сызықтың бойымен тіледі. Тілік ұзындығы еркек малда 8-10 см,
ұрғашы малда 1-2 см. Сонан соң несеп қапшығын саусақпен жаймен тілікке
қарай жақындатады, жібек жіппен кілегейлі қабықты зақымдап алмай екі
жақтан уақытша тігеді. Несепті шприцтің көмегімен босатып алады, несеп
қапшығын тіледі. Несеп қапшығының кілегейлі қабығында бұлшықет
қабатын қарағанда тілікті кіші тілеміз.
Доғал ілмектермен ашып, тастарды саусақпен немесе корнцангтің
көмегімен алып тастаймыз. Егер құм болса онда оны меттал қасықтармен
алып тастаймыз. Несеп қапшығына кетгуттің көмегімен 2 қабат тігеміз.
Алдымен жара шетінен 3-4 мм қашықтықта үзілмелі тігіспен кілегейлі
қабаттан басқа барлық қабаттарды біріктіреді. Егер жіптер несеп
қапшығының ішінде болса. Сол жерлерге тұздар жиналып қайта тас түзеді.
Екінші қабаты ішек тігісіне ұқсас сірлі-бұлшықетті тігеміз. Құрсақ
қабырғасын қабатты тігістерді қолдана отырып тігеді.
Несепте тастың пайда болуына әсер ететін себептерді жою керек. А
гиповитаминозымен күресу яғни бауыр және ішек қызметін қалпына
келтіру, азықтың құрамындағы май, белок, көмірсу, витамин, фосфор,
70
магний, кальций тұздарының ара қатынастары дұрыс болуы керек. Несеп
жолдарының инфекциялануына жол бермеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |