71
Дәріс № 14
Тақырып:
Малды пішу
Кілт сөздер:
кастрация, стерилизация, крипторх
Дәрістің мақсаты
– ұрғашы және
еркек малды пішудің жасалу
техникасын меңгеру.
Жоспар:
1.
Еркек малды пішу
2.
Ұрғашы малды пішу
3.
Крипторх малды пішу
1.
Еркек малды пішу
Ауылшаруашылық
жануарларын
пішу
анатомо-
топографиялық қысқаша мәліметтер
Жануарлардың ендері эмбрионалдық даму кезеңінде іште болады да,
жануарлардың туар қарсаңында шап шеңбері арқылы ұмасына түседі. Ірі
малдардың ұмасындағы ендері шап арасында тұрады. Жылқылар мен күйіс
малдарында — санының алдыңғы жағына жақын тұрады.
Ұма теріден, серпімді бұлшықет қаптап және купер шандырынан
құралады.
Ұманың терісі жұқалау болады; иттерде, мысықтарда және ұсақ
күйістілерде түкті болады; жылқылардың, ірі қара малдардың және
шошқалардың ұмасындағы түгі аз және майда болады.
Ұмасының дәл
ортасында, оңға және солға екі бөліп тұратын көзге айқын түсетін жігі
болады.
Серпімді бұлшықет қабығы, тері астылық қабат пен шандырдан
құралады. Ондағы қабығы ұма терісіне тығыз байланысып тұрады,
сондықтан бұлшықеттердің талшықтары
жиырылған кезінде ұмасы да
жиырылады. Сонымен қатар серпімді қабығы ұманың қабырғасын құрайды,
сөйтіп ол ұманы оң және сол жақ екіге бөліп, ұма қуысын жасайды.
Купер шандыры өте тығыз фибриозды тақташық тәрізді болады, ол
серпімді бұлшықет қабықпен тығыз қосылған және астыңғы ұлпалармен
бірігеді.
Бұлшықет — ен көтергіші — жолақ бұлшықеттен кұралады да,
жалпы
қынап қабығын сырт жағынан жауып, онымен өте тығыз байланысады. Ен
көтергішін сыртқы беткейінен жұқа шандыр қаптайды, ол ұманын ішкі жақ
қабырғасымен біріктіргіш ұлпамен жалғасады. Бұлшықеттер жиырылған
қезінде ен жоғары тартылады.
Еннің қынаптық қабығы. Әрбір ұма қуысының ішіндегі еннің
көтергіші жағынан екі қабығы болады: 1)
өзара берік қосақталған екі
тақтадан (сыртқы тығыз талшықты және ішкісі сірлі — іштің ішкі
72
жапырағы) және қынап қуысынан құралады, өзі қынап қапшығы сияқты
келетін жалпы қынап қабығы болады ; 2) арнаулы не өзіндік қынап қабығы
болады, ол іштің сыртқы жапырақшасы. Ол ен
мен сағақты тікелей және
берік қоршап тұрады, салбырай түскені кезінде ілесе жүреді. Әлгідей
арнаулы қабықпен, сондай-ақ тамырлар мен жүйкелерді де қоршалған, олар
ен бауын құрастырады.
Достарыңызбен бөлісу: