5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»


(интербелсенді әдістердің көмегімен)



Pdf көрінісі
бет47/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

(интербелсенді әдістердің көмегімен).
 
Кілт сөздер: 
құрсақ аумағы, операция, операция техникасы, жарық, 
кіндік жарығы, руменоцентез
 
Дәрістің мақсаты
– мес қарынды тесу және жарыққа операция жасалу 
техникасын меңгеру.
-
«Не білеміз?»
-
«Қандай проблемалар бар?»
 
Жоспар:
1.
Мес қарынды тесу
2.
Жарықтардың операциясы
 
Өндірістік жағдай 
Асқар сәуірдің 19 күні 10 Алатау тұқымды сиырларын таңертең Алатау 
бөктеріне жайылымға шығарды. Жайылымда жоңышқа жақсы өскен, бір күн 
бұрын кешке жақын жаңбыр жауған. 30 минуттан кейін 2 сиырдың 
мазасызданғанын байқады.
Иесінің байқаған клиникалық белгілері: ауру тез дамыған, мал 
мазасызданған, жиі жатып, орнынан қайта тұрады. Азық жемейді, су ішпейді, 
күйіс қайырмайды, қарны ұлғайған. Тынысы жиілеген.
Балау: ? 
Осы жағдайда сіз не істередіңіз: 
-
проблеманың шешімін тез арада табыңыздар; 
-
проблеманы шешуде көптеген дәлелдер келтіріңіздер :



Осы проблеманың алғашқы шешімдері: 
1. Аш бүйіріне массаж; 
2. Малды өрге айдау; 
3. 3 л сүт ішкізу, 1 (10-20г) ас қасық ихтиол ішкізу, креосин, креолин, 
скипидар, 1 ас қасық сүт қышқылын; арақ, антибиотик, 160-200м л 2 л суға 
дайындалған тимпанол. 
4. Бензин немесе солярканы иіскету. 
5. Үстіне суық су құю; 
6. Тілін қайта-қайта тарту арқылы малды кекірту. 
7. Зонд жіберу. 


62 
Осы жоғарыда аталған іс –шаралар көмек бермеген жағдайда.
Мес қарынды тесеміз, латын атауы (................?) 
Тесу техникасы: аш бүйірден теріні тартып, барлық күшін салып, троакармен 
теседі. Егер терісі қалың болса, алдымен теріні скальпелмен тіліп алады. 
Троакар енгеннен кейін, қалқанын қалдырып қанжарды (үш қырлы) суырып 
алады. 
Газды жаймен шығарады, неліктен? 
Егер газды тез шығарсақ, мидағы қан тез таралып, ми анемиясынан, 
малдың талып қалуы байқалады. 
Гильзасы түсіп кетпеу үшін, теріге бекітіп қоямыз. Газ шығып 
болғаннан кейін, ашу процессін тоқтату үшін, гильза арқылы сүт қышқылын, 
тимол, тимпанол енгізеді. 2-5 сағаттан кейін троакарды алып тастайды. 
Тескен жерді йодты спиртпен өңдеп. Теріні коллодимен желімдейді.
 
Сурет 37 – ірі қара малды аш бүйірінен тесу 


63 
Сурет 38– тесу нүктелері 
3.
Жарық (hernia) - анатомиялық немесе жасанды патологиялық қуыстан 
ішкі мүшелердің (ішек, жатыр, шажырқай, несеп қапшығы және т.б.) 
түсуі.
Сурет 39 – Жарықтың түрлері
Себептері :
Жарақат, ірі қара малда патологиялық туудан, жылқыда 
бұлшықеттердің созылуынан және үзілуінен, қатты күшенуден.
Жарықтың түрлері
1.
Кіндік жарығы
2.
Диафрагмалды жарық
3.
Перианалды жарық 
4.
Ингвиналды жарық
5.
Құрсақ жарығы 
6.
Шап-ұмалық жарық 
7.
Операциядан кейінгі жарық (15 жарық түрлері белгілі)


64 
Сурет 40 – Жарықтың түрлері
Проляпсус –жарақаттан құрсақ жыртылып, ішкі мүшелердің тері 
астына немесе бұлшықет аралығындағы кеңістікке түсуін айтады.
Эвентрация –ішкі мүшелердің сыртқа түсуін айтамыз.
Жарықтың: 
Жарық саңылауы (сақинасы)
Жарық қапшығы
Жарық түсіндісі (ішек, шажырқай т.б.) болады. 
 
Жарқытың жіктелуі.

пайда болуына байланысты: туа және жүре пайда болған.

салынатын және салынбайтын (қысылған) жарық. 
Балау
1.
Клиникалық зерттеу
2.
Сипау (пальпация) 
3.
Рентген 
4.
УЗИ
20-дан астам операция түрлері белгілі. Ол жарық түріне (салынатын 
және салынбайтын) және сақинасының көлеміне байланысты.
Операция 4 сатыда өтеді:
1. Жарық қапшығын тілу. 
2. Жарық қапшығын жою. 
3. Жарық саңылауын жабу. 
4. Теріні тігу.
 
Жарыққа қолданылатын операциялық әдістер


65 
1.
Гутман әдісі
2.
Сапожников әдісі
3.
Оливков әдісі
4.
Лаксер әдісі
5.
Ельцов әдісі
6.
Геринга-Седамгродск әдісі
Операциядан кейін қалпына келу уақыты. 
Операциядан кейінгі қабыну 10-14 күннен кейін қалпына келеді.
6-8 аптадан кейін толық жазылу байқалады.
Операциядан кейінгі күтім
Операциядан кейін жеңіл және тез қортылатын азық беру керек.
Анальгетиктерді қолданамыз.
Алғашқы 3 аптада тыныштық жағдайда ұстау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет