59
Сурет 36 - Желіннің паралюмбалды новокаинді тежеу кескіні. (Башкирову Б
А.): А. 1 — төртбасты бел бұлшықеті; 2—үлкен бел бұлшықеті; 3—бел-
арқалық фасция; 4 — сыртқы ұрық жүйкесі; 5 — шекаралық симпатикалық
баған; Б. — бөксе жүйкелерін тежеу (Ноздрачеву А. Д.): 1—иненің орналасу
бағыты; 2 — бөксе фасциясының париенталды беті; 3 — торшалық кеңістік;
6 – несеп-жыныс жүйесі.
Ірі қара малда паралюмбалды анестезия бірінші, екінші және төртінші
бос қабырға өсіндісінің деңгейінде жасалады. Инені өсінді ұшынан
жылжытып 0,5—0,75 см тереңдікке енгізеді. Инъекция техникасы және
енгізу ертіндісі жылқыныкіне ұқсас.
Паравертебралды жансыздандыру— омыртқа каналынан шыққан
жүйкені жансыздандыру, тек құрсақ қабырғасын жансыздандырып қоймай,
құрсақ ішіндегі ағзаларды да жартылай жансыздадырады. Тежеу нүктесі ірі
қара малда және жылқыда көкірек және 1-2-ші бел жүйкесін тежеу үшін
омыртқаның орталық сызығынан 5 см төмен. 6-8 см тереңдікте ине қабырғаға
тіреледі, сосын жанына қарай ығыстырып, тағы да 0,5 см тереңдікте
енгіземіз. Ертіндіні енгізгенге дейін, тамырлардың зақымдалмағанын
анықтап алуымыз керек. Әрбір жүйкені тежеу үшін 10-15 мл 3—4%
новокаин ертіндісі енгізіледі (Магда).
Достарыңызбен бөлісу: