5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»



Pdf көрінісі
бет43/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

 
3.
 
Өңеш дивертикулы 
 
Өңеш бұлтығы (Diverticulum Oesophagi) – өңеш қабығының бір жақты 
шектеулі ауытқуы, өңештің шамадан тыс ауытқуы көбінесе туа пайда 
болады, азықпен бітеледі, бұлшықет аумағына ылғи да ауырлық түссе, 
кілегей қабығы кенеттен зақымдалған кезде байқалады. Бұндай 
патологиялық жағдай көбінесе өңештің кеуде және мойын аумағындағы 
бөліктерінде көп кездеседі. Өңеш бұлтығы мойын бөлігінде пайда болса 
операция көмегі нәтижелі болады. Клиникалық белгілерімен рентген арқылы 
балау қояды.
Мал азықтанғанда шүйде сүйек өсіндісінің сол жағының өңеш 
бұлтығына азық жиналып қалады. Азықтанудан кейін 1-2 сағат өте ісік 
жойылып, азықтанғанда қайтадан пайда болады. Оперативті ем қолданады.
Операция техникасы.
Малды операцияға дайындау эзофаготомиядағы барлық әдісі 
қолданылады.
Өңеш дивертикулына операция жасау 
Дивертикулдың бұлтықтары көлемі жағынан кіші болса, операция 
инвагинация түрі бойынша өткізеді. Өңеш қабығын кеспей, кілегей 
қабығының бір жағының зақымдауын анықтаған соң, өңеш саңылауына 
салып, бетіне үзілмелі 3-4 тігін салады.
Егерде дивертикула көлемі үлкейіп тігуге келмейтін жағдайдан, оны 
жарады. Өңештің сірлі-бұлшықет бөлігін қиық ретінде, кілегей қабығын 
ашпай бөлуге болады.
Соңғы жағын өңештің ішіне аударып, ал сірлі-бұлшықет өңештің 
жарасына үзілмелі тігін салады.
Дивертикул астында өңеш бөлігін бірден тарылу байқалса, ұзындығы 
3-4 см-дей, онда тарылған бөлігін толық кесіп алып, 2 жақ бұрышын бірі-
біріне жалғастырып 2-қатарлық тігін салып тігеді. Операция кезінде өңешті 
висцеральды бұлшықет қабына тігеді. Операциядан кейін 1-шы тәулікте 
малды аш ұстайды. Ірі азықты қолданбай, рационды бірте-бірте көбейтеді.


56 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет