5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»



Pdf көрінісі
бет39/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

бағандарды тежеу 
Көрсеткіші:
Жиі бұзауларға қолданады. Жіті тыныс ағзалардың 
аурулары, пневмоторакс, плеврит және өкпе пневмониясы кезінде жасалған 
тежеулерден емдік тиімділігі айқын байқалады.
Тежеу техникасы.
Ірі қара мал болса тұрып тұру, ал бұзауды жатқызып 
бекітеді. Шынтақ буыны толық бүктелгенше кеуде аяғын алға тартады. 
Иненің шаншу нүктесі 4-ші қабырға аралығында жауырдың каудовентралді 


51 
жағы 5-ші қабырғалар алдымен айқасқан горизанталдық сызыққа 5-8 см 
тереңдікке қадалады. Ине ұшы омыртқа денесіне тірелу қажет. Алдымен 1-2 
мл 0,5%-дық новокаин ертіндісін енгізеді, сонан соң шприц ажыратылады, 
иненің дұрыс орналасқандығын байқау үшін, инеден дем алу және шығаруна 
синхронды тамшылар ағады. Дәл осылай екінші бетінеде жасалады. Тежеу 
үшін жаңа дайындалған жылы 0,5%-ды новокаин ертіндісін жануардың тірі 
салмағына байланысты: бұзауларға-10-20, ересек ірі қара малға – 60-80, 
қозыларға – 3-5, қойларға -10-12 және итке 5 -15 мл-ден әр жағына жеке-жеке 
енгізеді.
Новокаинды тежеу
Симпатикалық жұлдызша ганглилерді тежеу көрсеткіші: мойын және 
алдыңғы аяқ қабынуларында, экссудативті бронхит, өкпенің қабынуы, 
пневмония, плеврит, жүрек және өңеш аурулары. Новокаиндік тежеу дұрыс 
жасалса кеуде аумағындағы вагус тежелмейді.
Ірі қара малда, қойда және итте симпатикалық жұлдызша ганглий 1-ші 
қабырға арлығындағы ¼ проксималді деңгейдеорналасады, қабырғаның 
басынан 2-3 см төмен, жылқыларды оң жағындағы ганглидің орналасуы дәл 
осылай, ал сол жағында 2-ші қабырғамен жабылған немесе 2-ші қабырға 
деңгейінде орналасқан. Барлық жануарларда ол ұзын мойын бұлшықетінің 
латералді беткейінде орналасқан, болбыр клечаткамен қоршалған, кеуде 
қуысы жағынан плеврамен жабылған.
Бақылау сұрақтары: 
1.
Мойын аумағының топанатомиясы. 
2.
Көкірек аумағының топанатомиясы. 
3.
Ірі қара малдың симпатикалық түйінін тежеу техникасы. 
4.
Ш.Шакуров тәсілімен кеуде жүйкесін және симпатикалық 
шекаралық плевра үстін тежеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет