50
Дәріс №9
Тақырып: Мойын және көкірек аумағының топографиялық
анатомиясы.
Кілт сөздер:
тежеу,
мойын аумағының топанатомиясы, көкірек
аумағының топанатомиясы
Дәрістің мақсаты
–
мойын және
көкірек аумағының топографиялық
анатомиясын және тежеу нүктесін меңгеру.
Жоспар:
1.
Мойын және көкірек
аумағының топанатомиясы
2.
Мойын және көкірек аумағындағы тежеулер
Ірі мүйізді малдың мойын краниальды симпатикалық түйінін тежеу
Көрсеткіші:
Кератоконъюктивит, панофтальмит.
Тежеу техникасы.
Малды станокта бекітеді.
Басты аздап жоғары
көтереді, мүйіз ұшынан ұстайды. Атлант қанатының алдыңғы жағы және
шүйде сүйек аралық тереңдікте мойындырықтық өсіндіні сипап тауып алып,
инені оның алдыңғы жағынан кранио-дорсальды бағытта 3-4 см
тереңдікке
енгізіп, 60-80 мл 0,5%-тік новокаин ертіндісін енгізеді.
Кеуде қабырғасын жансыздандыру
Көрсеткіші:
Кеуде қабырғаларына операция жасау.
Қабырға аралық және вентралдік кеуде жүйкелерін тежеу.
Нейролептиктерді қолдану міндетті. Тежелетін қабырға аралық жүйкелердің
саны операция жасалатын көлемге байланысты. Ине шаншу нүктесі
қабырғаның артқы ұзын және мықын қабырғалық бұлшықеттерден
құрылатын науашадан тұрады. Кеуденің дорсалді бұтағын тежеу үшін тері
астына 10 мл 3%-дық новокаин ернтіндісін инъекциялайды. Содна соң инені
қабырғалардың артқы жақ шетіне сәл жылжытып оны 0,5-0,75 см тереңдікке
тағы да сол мөлшерде новокаин енгізеді.
М.М.Шакуров тәсілімен ішкілік кеуде жүйкелерді және шекаралық
Достарыңызбен бөлісу: