45
Дәріс №8
Тақырып:
Бас аумағына
жасалатын операциялар
Кілт сөздер:
эктропия, энтропия, глаукома, мүйізге операция
Дәрістің мақсаты
– бас аумағына жасалатын операциялардың жасалу
техникасын меңгеру
Жоспар:
1.
Танауға операция
жасау
2.
Мүйізге операция жасау
3.
Орбита аумағына операция жасау
1.Мұрын аумағына операция жасау
Мұрын қабырғасы:
Мұрын артқы жиегі – маңдай сүйекпен, сыртқы бүйір жағы жоғарғы жақ
және тұмсық сүйекпен, төменгі жиегі торлы сүйекпен, медиальді шеті мұрын
сүйекпен байланысып, мұрын қуысының бүйір қабырғасын түзуге қатысады.
Бүйірі – күрек
тістерден;
Түбі – жоғарғы жақпен және таңдай сүйектерінен тұрады.
Қабаттары:
•Тері
• Беткейлі фасция
•Жоғарғы ерінді арнайы көтергіш бұлшықеті
•
Сойдақ тіс бұлшықеті
• Сүйек үсті
• Сүйек қабырғасы
•Ішкі жағы қалың кілегейлі қабықпен қапталған
Мұрын қуысын және маңдай қойнауын ашу
Көрсеткіші –іріңді қабыну, ісіктер, бөгелек құрттары, жоғарғы жақтың азу
тістеріне жету үшін.
Мұрын сақинасын кигізу
Көрсеткіші
: Сақинаны бір жасар жас бұқаларды жуасыту мақсатында
мұрын қалқасынан өткізеді.
Бекіту және жансыздандыру
: Бұқаны станокқа орналастырады және
оның басын берік бекітеді. Бұлшықетке нейролептик енгізеді.
Құрал жабдықтар:
Сақина, арнайы қысқыштар.
Операцияның техникасы
: Мұрын қалқаны
және мұрынның бас жағын
0,5%-тік мүсәтірлі спирт ертіндісімен өңдейді. Сақина өткізу орыны-мұрын
46
қауырсынның артқы жоғарғы бөлімі. Сақина арнайы қысқышқа орналасады.
Қысқыштың бранштарын жылжытып ашып мұрынның қалқасына
орналастырып, қысқышты қысып сақинаны перфорациялап (тесіп) өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: