Жедел ринит-мұрынның шырышты қабатының қабынуы. Этиологиясы



Дата07.02.2022
өлшемі18,36 Kb.
#90082
Байланысты:
Жедел ринит


Жедел ринит
Жедел ринит-мұрынның шырышты қабатының қабынуы. 
Этиологиясы: вирустар, микроорганизмдер, аллергиялық, механикалық, химиялық, гипертермиялық тітіркендіргіштер. Осы этиологиялық факторлардың әсерінен мұрынның шырышты қабатының ісінуі және гиперсекрециясы дамиды.

Клиникалық көрінісінің 3 кезеңі бар:
1. Құрғақ ринит, ұзақтығы 1 тәулік.
2. Серозды бөліністер кезеңі- 2-3 тәулік.
3. Іріңді бөліністер кезеңі- 3-4 тәулік, кейде бірнеше аптаға созылады.

Үлкен жастағы балаларда мұрнында және жұтқыншағында құрғақтық сезімі пайда болады. Тыныс алу қиындайды, жас ағу, бас ауыру байқалады, иіс сезуі төмендейді. Жалпы жағдайы нашарлайды. Тыныс алудың нашарлауы емудің нашарлауына әкеледі. Дұрыс тамақтанбауы ұйқынуының бұзылуына, мазасыздыққа әкеледі. Дене салмағы төмендейді. Дене қызуының көтерілуі бірнеше тәулікке созылады. Жұтқыншақтың артқы қабырғасымен шырыштың ағуы әсіресе түнде жөтелге әкеледі.


Аллергиялық ринитте дене қызуының көтерілуі болмайды. Мұрын бөліндісі іріңді болмайды. Бала түшкіреді, көзінің және мұрнының қышуы болдады.
Емі:
1. Жергілікті ем-вирусқа қарсы майлар (оксалин майы, интерферон, бонафтон).
2. Қан тамырларын тарылтатын препараттар-нафтизин, галазолин.
3. Антисептиктер.
4. Иммуностимуляторлар-тимоген.
5. Күрделі тамшылар-пиносол.
6.Қыша қағазын қолдану.


Стеноздаушы ларингит (жалған круп)
Көмейдің шырышты қабатының қабынуы, көбінесе риниттен кейін дамиды. Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дауысы ққарлығып шығады, құрғақ «ит үрген жөтел» пайда болады, дене қызуы көтеріледі. 4-5 күннен кейін бала жазылып кетеді. Аллергиялық диатезбен ауыратын балалардың дыбыс желбезектері астының клетчаткасы ісініп, тыныс саңлауы тарылып бітеді. Стеноз көбінесе түнде кенеттен дамиды. Баланың тыныс алуы қиындап, сырылды демалыс пайда болады, еріндері, мұрын-ауыз үшбұрышы көгілдір тартады (цианоз дамиды).

Стеноздың және тыныс алу жетіспеушілігінің айқындалуына байланысты 4 дәрежесі бар:
1-ші дәрежесінде— «ит үрген жөтел», дауыстың қарлығуы, алыстан естілетін тыныс алу бала жылағанда немесе мазасызданғанда пайда болады.


2-ші дәрежесінде— бала мазасызданады, жөтелі жиілейді, ентігу, терлегіштік және мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы айқын.


3-ші дәрежесінде-бала тынымсыз, қорқақ, төсекте мазасыз, терісі бозғылт, ылғалды, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, акроцианоз. Тыныс алуы-шулы. Тыныс алуда қабырғааралық бұлшықеттері қатысады. Пульсының ритмі бұзылған, жүрек соғысы нашар естіледі.


4-ші дәрежесіндебала әбден шаршаған, әлсіз, басын артқа тастап, аузымен ауа қармайды, мойнының бұлшық еттері тартылған. Цианоз кенет дамиды, тырысу пайда болуы мүмкін. Пульстің ритмі ретсіз, жүрек тоны нашар естіледі, тыныс алу тоқтап, жүрек соғысы тоқтайды.


«Жалған круптағы»/стенозды ларингиттегі/ көрсетілетін жедел жәрдем
1. Баланыңбасынжоғарысалуыңыз
2. Қысатынкиімдерденбосатыңыз
3. Таза ауаменқамтамасуетіңіз
4.Қышақағазынбалтырғажапсырыңыз,ыстықаяқваннасынжасаңыз/экссудаттыңтөменкетуінебайланыстыісінуіқайтады/
5. Ингаляция жүргізіңіз/эуфиллин,ассодасы,қақырықтүсіретіндәрілер/ дауысқуысыныңісінуінтөмендетеді.
6. Бұлшықеткенемесекөктамырға лазикс 1-2мг/кг/1мл-10мг/ енгізіңіз
7. Эфедрин 0,1мл/жастеріастынанемесебұлшықеткеенгізіңіз. Ауыржағдайдапреднизалонбұлшықеткенемесекөктамырғаенгізіңіз 3-5мг/кг /1мл -30мг/
8. Оттегіберіңіз


Өкпе-нәрестелерде толығымен жетілмеген. Өкпенің ұлпасы борпылдақ және эластикалық талшықтарға кедей, тамырларға бай. Осыған байланысты ерте жастағы балаларда өкпесі қанға бай және ауалы. Сурфактант жетіспеушілігіне байланысты ателектазға бейім. Сурфактант альвеолалардың ішкі қабатын астарлап жатады және олардың жабыспауын қадағалайды.
Плевра-қан және лимфа тамырларына бай, кең және оңай созылады. Диафрагмасы жоғары орналасқан, сондықтан демалысы беткей болады.

Тыныс алу жиілігі жасына байланысты:

ЖТБ-да минутына 40-60 рет.

1 жасында 35 рет


5 жасында 25 рет
0 жасында 20 рет
15 жасында 16-18 рет


Бронхит-бронхтың қабынуы. Көп жағдайда респираторлы вирусты инфекцияның асқынуы.
3 түрге бөлінеді:
1.жіті
2.обструктивті
3.бронхиолит
Этиологиясы: вирустар, (парагрипп, аденовирус, қызылша, микоплазма вирустары т.б.), кейде бактериялар болуы да мүмкін (жұтқыншақтағы тұрақты инфекция ошақтары, интубациядан болған асқынулар), тыныс жолдарына сырттан бөгде заттар түскенде ( химиялық) дамуы да мүмкін.
Икемдеуші жағдайға-салқындық, лас ауа, темекі түтіні т.б.жатады.

Патогенезі: Вирустар тыныс жолдарының эпителийін зақымдайды. Бронх қабатының кедергілік (барьерлік) қасиетін төмендетеді. Балаларда, әсіресе сәбилерде тыныс жолдарының тарылуы, бронх қабатының ісінуі, ішіне секреттердің жиналуы жиі байқалады.


Клиникасы: Ең маңызды клиникалық белгісі- жөтел. Баланың терісі, еріні, ауыз қуысының шырышты қабаты көгілдірленіп тұрады, тыныс алуы жиілейді, дем алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Көкірек клеткасы кеңейіп, гипоксияға әкеледі. Кейде қатты жөтелгенде тынысы тарылып, демалысы тоқтап қалуы мүмкін. Уақытында ем жүргізсе 2-3 аптада жазылады.


Тыңдағанда:Орташа, ірі көпіршікті, құрғақ тұрақсыз сырылдар көкірек кеудесінің екі жағынан да естілуі мүмкін.Обструктивті бронхит кезінде тыныс алу жолының саңылауы күрт әлсірейді. Бронхиолит майда бронхтардың қабынуы. 2-3 жас балаларда жиі кездеседі.
Емі: Төсек режимі дене қызуы түскеннен соң тағы 2-3 күнге тағайындалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет