Тақырып: Балалардағы ауа-тамшылы жұғатын инфекциялар



бет1/5
Дата26.10.2022
өлшемі13,93 Mb.
#155092
  1   2   3   4   5
Байланысты:
6 сабак Султан Р

Тақырып: Балалардағы ауа-тамшылы жұғатын инфекциялар(Қызылша,Қызамық,Эпидемиялық паротит)


Тексерген : Оспанбекова Найля
Орындаған : Сұлтан Рзагүл
623 топ
Тыныс алу жолдарының инфекциялары – қоздырғыштың аспирациялық механизммен беріліп, тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарында орналасуымен сипатталатын жұқпалы аурулар.
Қызылша мен қызамық – біріне бірі өте ұқсас жұқпалар. Екеуінің де қоздырғышы вирус. Ауру ауа арқылы жұғады. Екеуіне тән негізгі белгі – денеде бөртпелердің пайда болуы.

Қызылша (корь) – парамиксовирустармен қоздырылатын, ауа-тамшылы механизм арқылы берілітін, клиникасы циклді ағымымен, қызбамен, интоксикация белгілерімен, катаральды синдроммен, макулопапулезді бөртпемен және ерекше энантемалармен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.


Этиологиясы
Қызылша қоздырғышы (Polinosa morbilliorum) - морфологиялық жақтан басқа да парамиксовирустармен ұқсас, оның вирионының диаметрі 120-250 нм. Қабықтары 3 қабаттан тұрады – белоктық, липидтік, гликопротеидтік. Құрамында РНҚ бар. Сыртқы ортада төзімсіз.
Эпидемиологиясы
Жұқпалы аурудың көзі — тек қана науқас адам. Ол жасырын кезеңнің соңғы 2 күнінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 4 күнге дейін сыртқы ортаға қызылша вирустарын бөледі. Бөртпенің 5-ші күнінен бастап аурудың жұғу қауіпі жойылады. Инфекцияның берілу механизмі — ауа-тамшылы. Контагиозды индексі бұрын 1,0 болған, вакцинациядан кейін -0,1-0,2. Ауру жыл бойына тіркелгенмен, оның өршу мерзімі қарашадан наурызға дейін байқалады.
Патогенезі
Инфекцияның кіру — жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары. Вирус тыныс алу жолының эпителийінде көбейеді. Жасырын кезеңнің соңғы күндерінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 1-2 күн ішінде, вирусты қаннан бөлуге болады. Қоздырғыш бүкіл ағзаға гематогенді таралады. Жасырын кезеңнің аяғында вирусемияның тым шиеленіскен 2-ші толқыны байқалады. Вирусты сондай-ақ кеңірдектің шырыш қабықтарынан, бронхтардан, кейде дәреттен табуға болады. Гиперплазиялы лимфоидты тіндерден, соның ішінде лимфа түйіндерінен де, көмекей бездерінен, көкбауырдан гигантты ретикулоэндотелиоциттерді табуға болатыны анықталған. 3-ші күні вирусемия бірден төмендеп, 4-ші күні вирус әдетте табылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет