Тақырып: Балалардағы ауа-тамшылы жұғатын инфекциялар


Қызамық (орысша краснуха)



бет3/5
Дата26.10.2022
өлшемі13,93 Mb.
#155092
1   2   3   4   5
Байланысты:
6 сабак Султан Р

Қызамық (орысша краснуха) – тогавирустармен қоздырылатын, ұсақ дақты экзантемамен, лимфаденопатиямен, орташа қызбамен, жүкті әйелдерде жатырдағы нәрестенің зақымдануымен сипатталатын жедел вирусты ауру.
Қызамық вирусы тогавирустарға жатады. Вириондарының диаметрі — 60-70 нм, үстіңгі жағында сирек талшықтар орналасқан, ұзындығы 8 нм, РНҚ бар. Басқа тоговирустардан айырмашылығы, вируста нейраминидаза бар. Ол көптеген клетка дақылында көбеюге қабілетті. Вирус сыртқы ортада тұрақсыз, ол құрғатуда, рН өзгерісінде (6,8 төмен, 8,0 жоғары), ультра күлгін сәулесінің әсерінде, эфир мен формалин әсерінде тез жойылады.
Этиологиясы
Аурудың көзі тек қана науқас адам. Яғни, олар қызамық түрлерінің клиникалық көрінісі бар адамдар немесе аурудың атипті, бөртпесіз, сондай-ақ туғаннан қызамықтың вирусы ағзада көп айлар бойы сақталуы мүмкін балалар (1,5 жасқа дейін). Қызамық вирустары сыртқы ортаға бөртпе пайда болғанға дейін және бөртпе шыққаннан кейінгі 1 аптаның ішінде бөлінеді. Жүре пайда болған қызамық ауа-тамшылы жол арқылы, туа пайда болған қызамық трансплацентарлы жол арқылы беріледі. Қабылдаушылық жоғары. Контагиозды индексі өте жоғары- 80-90%.
Эпидемиологиясы.
Патогенезі
Қызамықтың вирустары адам ағзасына тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары арқылы өтеді. Одан әрі вирусемия басталады. Бүкіл организмге вирус гематогенді жолмен таралады және лимфа түйіндерінің өзгерісін тудырады, яғни жасырын кезеңнің аяғында олар үлкейеді. Бұл уақытта вирусты мұрын жұтқыншағынан бөлуге болады. Бөртпенің пайда болуымен вирус қан және жұтқыншақта табылмайды, бірақ кейде оның бөлінуі 1-2 аптаға созылады. Антиденелер қан сарысуына бөртпе шыққаннан 1-2 күннен кейін бөлінеді. Одан әрі олардың титрі жоғарлайды. Ауруды бастан өткізгеннен кейін антиденелер өмір бойы сақталады, яғни иммунитет тұрақты әрі өмірлік болады.
Аурудың жасырын кезеңі 11-24 күнге дейін (жиі 16-20) созылады. Науқастың жағдайы жиі орташа ауырлықта немесе жеңіл болады. Аздап әлсіздік, бас ауыруы, кейде бұлшықет және буындардың ауыруы байқалады. Дене қызуы кейде 38-39°С жеткенмен, көп жағдайда аздап қана көтеріліп, 1-3 күн сақталады. Объективті тексеру барысында тыныс алу жолдарының катаральды белгілері, жұтқыншақты аздап қан кернеу білінеді. Аурудың 1-ші күндері лимфаденопатия пайда болады. Лимфаденит аурудың ерте пайда болатын және кеш жойылатын көрінісі болып табылады.
Қызамықтың өте жиі: ринит және фарингит, Форхгеймер дағы,көздің дәнекер қабығының қабынуы байқалады
Клиникасы

Қызамықтың ерекше белгісі — экзантемалар. Бөртпе жиі аурудың 1-ші күні пайда болады, бірақ ол 2-ші күні де, үшінші және 4-ші күні де шығуы мүмкін. Алғашқыда ол бетте, содан соң бір тәуліктің ішінде кеуде мен аяқ-қолдарда байқалады. Қызылшадан айырмашылығы — бөртпе шығудың сатылылығы жоқ. Көбіне ұсақ дақты бөртпелер 5-7 мм көлемінде, кейде 10 мм дейін жетеді. Дақтармен қатар жалпақ, диаметрі 2-4 мм розеолалардың, сирек папулалардың (түйіншіктердің) кездесуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет