Клиникалық ағымының ауырлығы бойынша (М.А.Селимов):
- Жеңіл түрінде: жергілікті көріністері айқын, температурасы қалыпты немесе аз уақытта көтеріледі.
- Орташа түрлерінде: интоксикация симптомдары және жергілікті белгілері орташа айқындылықта. Температура 37,5-38С.
- Ауыр түрінде: жергілікті зақымдану және интоксикация өте айқын, қызуы 39-40С.
Вирус бездер іскенге дейінгі 1-6 күн бойына және клиникалық симптомдар пайда болғаннан кейін 4 күн бойы бөлінеді. Науқас инкубациялық кезеңнің соңынан кері даму кезеңіне дейін жұқпалы
- Атиптік түрі – жүйке жүйесімен, безді ағзалардың (жақ астылық, тіл астылық, жыныстық, көкіректік бездер, ұйқы безі т.б. безді ағзалар) зақымдануы.
Паротитік инфекция кезінде ОЖЖ зақымдалуы жиі кездеседі: серозды менингиттер, менингоэнцефалит.
- Қосарланған түрлеріне: орхит, оофарит. Өте сирек: ларингит, бронхит, конъюктивит, отит, остиомиелит, полиартрит, эндокардит, нефриттер болуы мүмкін.
Ажырату диагностикасы:
- Жақ асты лимфоаденит (инфильтрат төменгі жақ бұрышында орналасады, пальпацияда ауырады, лимфа түйіндерінің контуры бөлініп тұрады, аңқада – баспа).
- Перидонтитпен (жақ аумағында орналасады, кареозды тіс пен қызылиектің ісінуі болады)
- Ауыз-жұтқыншақ күлі – токсикалық түрінен (ауыз-жұтқыншақта өзгерістер, ісіну,.
Лабораторлық диагностика:
- Иммунологиялық зерттеулер: КБР.
- Серологиялық зерттеулер арнайы антиденелер титрінің ауру барысында көтерілуі.
- ИФА+ПЦР-диагностикасы
Емі
- Симптоматикалық ем
- Төсектік режим, диета, поливитаминдер, ыстықты түсіретін препараттар (анальгин, парацетамол);
- Зақымдалған бездерді қыздыру (УВЧ, УФО)
- Ауыр жағдайда реконвалесценттің сарысуын (20-25 мл) немесе гаммаглобулин қолданылады.
- Анальгетиктер, ауру сезімін басатын, ұйыктататын дәрілер тағайындалады
Достарыңызбен бөлісу: |