5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»


Қабақтар ішке қайырылған кезде жасалатын операция



Pdf көрінісі
бет36/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

 
Қабақтар ішке қайырылған кезде жасалатын операция. 
Көрсеткіші:
қабақтың ішке қайырылуы, иттерде және жылқыда жиі 
кездеседі. 
Жансыздандыру
. Инфильтрациялық жансыздандыру. Асау малдарға 
нейролептиктер қолданылады. 
Операция техникасы:
Қабақты дезинфекциялайды, хирургиялық 
пинцетпен тері бүрмесін 0,75-1 см ара қашықтықта ұстайды. Бүрме биіктігі 
0,5-1 см болу тиіс, бірақ терісін қаншалықты алу керектігін, қабақтың 
қалыпты жағдайда тұратыны ескеріледі. Қайшымен қабақтың бүрмесі кесіп 
алынады. Сосын тілікке үзілмелі тігіс салады.
 
Қабақтың сыртқа қайырылуы кезінде жасалатын операция 
 
Көрсеткіші.
Созылмалы конъюктивит, төменгі қабақтың сыртқа 
қайырылуы. 
Жансыздандыру.
Инфильтрациялық жансыздандыру. Асау малдарға 
нейролептиктер қолданылады. 
Операция техникасы:
Қабаққа жақын маңға (0,3-0,5 см) терісін V 
тәріздітілік жасайды. Ақау шетін түйінді үзілмелі тігіспен тігеді. 


48 
 
 
Сурет 31
 – 
Қабақтың сыртқа қайырылуы 
 
Үшінші қабақты кесіп алып тастау 
 
Көрсеткіші:
ісік, фиброздың қалыңдауы, үшінші қабақ шамадан тыс 
өскенде (ет қоректілерде).
Жансыздандыру.
Ұсақ жануарлардың көзіне 5%-ды новокаин 
ертіндісін тамызады. Ірі малдарға қабақ астына новокаин ертіндісін 
инфильтрациялап енгізеді.
Операция техникасы
. Ірі малға түрегеп тұрған жағдайда операция 
жасайды. Үшінші қабақты пинцетпен көтереді, оның негізіне өткір иілген 
қайшымен керіп қояды. Сосын жаймен бөліп алады, әсіресе қатерлі ісік кезде 
абай болу керек.
 
Сурет 32 –
 
үшінші қабақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет