47
Көз алмасының экстирпациясы
Көрсеткіші: Іріңді панофтальмит, көз аламысының күйреуі, ісіктер, көз
аламасы орнынан түсіп, қайта орнына келтіре алмағанда.
Бекіту және жансыздандыру.
Ірі малды станокқа, ал ұсақ малды
жатқызып бекемдейді. Жалпы және жергілікті жансыздандыру, қосымша көз
жүйкесін тежейді.
Құрал –жабдықтар.
Мюзе қысқышы, ине ұстағыш, инелер және
таңатын заттар.
Операция техникасы
. Қабақтың шетінен 0,5 см қашықтықта
параллельді конъюктиваға дейін теріні кеседі.
Конъюктиваны қайшымен кесіп, конъюктивамен қоршалған көз алмасы
жеке қалдырып оны теріден ажыратады. Мюзе қысқышымен көз алмасын
тартып, қайшымен бұлшықеттерді, көз жүйкесін және көздің қан
тамырларын кеседі. Қанды тампондармен тоқтатады. Ірі тамырлар
зақымдалса қан тоқтататын қысқыштарды қолданады. Қабақты үзілмелі
түйінді тігіспен тігеді. Орбитаға дренаж салып қояды, бір тәуліктен кейін
алып тастайды. 8 -10 күнне кейін тігісті алып тастайды. Нәтижесінде орбита
қуысы түйіршікті ұлпамен толып, конъюктивамен жабылады, ал қабақтыр
бітеді.
Достарыңызбен бөлісу: