«Педиатрия» кафедрасы БӨж тақырыбы: Қызамық және жүктілік. Туа біткен қызамық. Орындаған : Ұсханова. Б тобы: жм-622



бет1/7
Дата11.05.2020
өлшемі58,5 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

«Педиатрия» кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Қызамық және жүктілік.Туа біткен қызамық.

Орындаған : Ұсханова.Б

Тобы:ЖМ-622

Қабылдаған: Усманов Н.А.

Түркістан қ. 2020 ж.
Тақырыбы: Қызамық және жүктілік.Туа біткен қызамық.
Тақырып жоспары:


  1. Қызамықтың анықтамасы

  2. Қызамықтың этиологиясы

  3. Қызамықтың эпидемиология

  4. Қызамықтың патогенезі

  5. Жүктілік кезіндегі қызамық

  6. Қызамықтың клиникасы

  7. Қызамықтың диагнозы және салыстырмалы диагнозы 

  8. Қызамықтың емі 

  9. Қызамықтың алдын алу шаралары .



Анықтамасы: Қызамық – жедел респираторлы вирусты инфекция ,аздап катаральды құбылыстармен , аздап қызуының көтерілуімен, ұсақ бөрпе шығуымен, лимфоаденопатиямен сипатталатын ауру.
Этиологиясы: Қызамық вирусы тогавирустарға жататын құрамында РНҚ бар. Вириондардың диаметрі –50-70нм ,үстіңгі жағында сирек талшықтар орналасқан, ұзындығы – 8нм .Басқа тогавирустардан айырмашылығы, вируста нейраминидаза бар. Вирус көптеген клетка дақылында көбеюге қабілетті. Вирус сыртқы ортада тұрақсыз, 56°-та бір сағат қыздырғанда өледі.Ол құрғатуда, pH өзгерісінде, ультра күлгін сәулесінің әсерінде, эфир мен формалин әсерінде тез жойылады, ал бірақ мұздатылған жағдайда бірнеше жылдай сақталынады, бұл кезде жұқпалығын жоғалтпайды.

Эпидемиология: Қызамық өте кең таралған, жыл мерзіміне байланысты пайда болады. Ауру суық мерзімде жиілейді. Жұқпалығы қызылшамен салыстырғавда төменірек. Иммунитеті бар анадан туылған 6 айға дейінгі балалар қызамықпен ауырмайды. Жиі мектеп жасына дейінгі балалар ауырады, баланың жынысына байланысты емес. Қызамықан кейінгі иммунитет ұзаққа созылады, тұрақты, бірақ 15-20 жылдан соң әлсірейді, сол кезде реинфецирлену болуы мүмкін .Инфекция көзі - ауру адам. Яғни, олар қызамық түрлерінің клиникалық көрінісі бар адамдар немесе аурудың атипті, бөртпесіз, сондай – ақ туғаннан қызамықтың вирусы ағзада көп айлар бойы сақталуы мүмкін балалар. Инкубациялық кезеңнің өзінде вирус бөліне бастайды, клиникалық белгілері көрінерден 7-10 күн алдын біліне бастайды. Бөртпе шыкқанан кейін 7-10 күн жұқпалы кундер деп саналады, ал туа пайда болған қызамықпен ауырған балалар 1,5-2 жыл бойына өте жұқпалы болып саналады. Вирустың жұғу жолы — ауа-тамшылы арқылы және трансплацентарлы жол арқылы болғанцықган, ол адам тығыз орналасқан жерлерде — жатаханаларда, интернатгарда, балабақшада, казармаларда, эпидемия түрінде өтеді.Қызамық вирустары сыртқы ортаға бөртпе пайда болғанға дейін және бөртпе шыққаннан кейінгі 1аптаның ішінде бөлінеді.Қабылдаушылық жоғары. Контагиозды индексі өте жоғары.

Патогенез: Қызамықтың вирустары адам ағзасына тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары арқылы өтеді. Эксперимент жасау арқылы интрадермальды жол арқылы жұғу мүмкіндігі дәлелденген. Одан әрі вирусемия басталады. Бүкіл организмге вирус гематогенді жолмен таралады және лимфа түйіндерінің өзгерісін тудырады, яғни жасырын кезеңінің аяғында олар үлкейеді., әсіресе қоздырғыш енген жердегі (маңындағы) лимфа түйіндер үлкейеді. Инкубациялық кезеңнен бастап вирус қанға өтеді, сосын көптеген мүшелерді зақымдайды, соның ішінде теріні. Қан тамырының эпителийінің зақымдалу салдарынан қан тамырының өткізгіштігі артады, тіннің ісінуі болады. Вирустардың тері эпителиіне түрақгану салдарынан экзантемалар шығады.Бөртпенің пайда болуымен вирус қан және жұтқыншақта табылмайды, бірақ кейде оның бөлінуі 1-2аптаға созылады. Антиденелер қан сарысуына бөртпе шыққаннан 1-2 күннен кейін бөлінеді. Одан әрі олардың титрі жоғарылайды. Ауруды бастан өткізгеннен кейін антиденелер өмір бойы сақталады, яғни иммунитет тұрақты әрі өмірлік болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет