Сапалық және мәтінді есеп шығару
Тапсырмалар
-
PQ стержені вертикаль қабырғаға Р нүктесінде суретте көрсетілгендей бекітілген.
Стерженнің ұзындығы 1,60 м. P нүктесінен 0,64 м қашықтықта стерженьге ауырлық күші әсер етеді. Стержень қабырғаға бекітілген QR сымының көмегімен горизонталь қалыпта тепе-теңдікте орнатылған. Сымның керілу күші F = 44 Н горизонтпен 300 бұрыш жасайды.
-
Анықтаңыз:
-
F күшінің вертикаль құраушысын;
-
F күшінің горизонталь құраушысын.
-
Р нүктесіне қатысты моменттер ережесін пайдаланып, ауырлық күшінің мәнін анықтаңыз.
-
Неліктен қабырға тарапынан стерженьге Р нүктесінде қысым түсірілетінін түсіндіріңіз.
-
Қабырға тарапынан стерженьге Р нүктесінде түсірілетін қысым күшінің бағытын көрсетіңіз және ол күшті N әрпімен белгілеңіз.
-
Массасы 2,0 г оқ горизонталь бағытта ұшып, массасы 600 г ағаш білеушеге тиеді. Білеуше вертикаль жіптердің көмегімен төбеге бекітілген және еркін қозғалады. Оқ білеушенің ішіне енеді. Оғы бар білеуше вертикаль бағытта 8,6 см биіктікке суретте көрсетілгендей көтеріледі.
-
Оқ пен білеушенің гравитациялық потенциалдық энергиясының өзгерісін анықтаңыз.
-
Оқ пен білеушенің бірге қозғалар алдындағы бастапқы жылдамдығын есептеңіз.
-
Импульстің сақталу заңын пайдаланып, оқтың білеушемен соқтығысар алдындағы жылдамдығын есептеңіз.
-
Оқтың білеушемен соқтығысар алдында ие болған кинетикалық энергиясын есептеңіз.
-
Оқ пен білеушенің әрекеттесуінің түрін сипаттап, қорытынды жасаңыз.
-
Ламинарлық және турбуленттік ағыстардың екі айырмашылығын көрсетіңіз. Өз түсіндірулеріңізде сызба қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |