Сабақ тақырыбы: Иіндіктің тепе-теңдік шарты



бет1/3
Дата13.10.2019
өлшемі0,49 Mb.
#49776
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Индіктің тепе-теңдік шарты
Елім менің танымдық сайыс



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.4В Күш моменті

Мектеп: Т.Бокин атындағы №41 орта мектеп

Күні

Мұғалімнің есімі : Сарсенгалиев Балгазы Жумауратович


Сынып: 7

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабақ тақырыбы:

Иіндіктің тепе-теңдік шарты




Сабаққа негізделген оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.4.4– тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдайды және есептер шығаруда қолданады.

Оқушылардың басым бөлігі: тепе-теңдік жағдайында тұрған денелердің күш моменттер ережелерін тәжірибе арқылы анықтайды.

Кейбір оқушылар: екінші ретті иіндіктің тепе-теңдік шартын туралы өз ойын растайды.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Күш моменттер ережесін есептер шығаруда қолданады

Тілдік мақсаттар

(Физика пәні бойынша 7 сыныпқа арналған ОМЖ-ға сілтеме)

Тілдік дағдылар: Зерттеу нәтижесіне ауызша және жазбаша талдау жасай алады

Терминология: Жай механизм, иіндік, күш иіні, күш моменті, масса центрі, салмақ, сағат тіліне қарсы, сағат тілімен бағыттас, тепе-теңдік (баланс)

Сөз тіркестері: Егерде сіз … жасайтын болсаңыз, мен … жасаймын.

Келіңіздер алдымен … жасап алайық, сосын біз … жасай аламыз.

… жасауға қалай қарай сыздар?

Егерде біз…, не болады?



Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуға баулу

Пәнаралық байланыстар

Математика: күш моментін есептеу кезінде математикалық амалдарды қолданады

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Күш, масса, ұзындық, жай механизмдер, иіндік ұғымдарын қайталайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

(15 минут)



І. Ұйымдастыру: амандасу, түгендеу

ІІ. Оқушылардың алдыңғы білімдерін тексеру:

Арқа-арқа, бетпе-бет стратегиясы.

Сұрақтар:



  1. 1. Күш туралы не білеміз?

  2. 2. Өлшем бірлігі км, м, см, мм болатын қандай шаманы білеміз?

  3. 3. Ауырлық күші дегеніміз не?

  4. 4. Күш моменті қандай шамаларға тәуелді?

  5. 5. Жай механизмдердің қандай түрлерін білеміз?

ІІІ. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:.

Топқа бөліну: Атомдар мен молекулалар

1-топ. Күш.

2-топ. Күш моменті

3-топ Иіндік

4-топ. Блок.

1 тапсырма:

Белсенді оқыту әдісі: «Орын ауыстыру» әдісі.

Тапсырмасын орындап болған оқушылар келесі топқа барып, оның есебін шығарады.



Жеке жұмыс

І топ

1-тапсырма

Келтірілген сызбанұсқадан иіндіктің күш иіндері мен иіндеріне түскен күштерді көрсетіңдер



2-тапсырма

Иіндіктің кіші иініне 300 Н күш, ал үлкен иініне 20 Н күш түсті. Кіші иіннің ұзындығы 5 см, үлкен иіннің ұзындығын анықтаңдар.

Жауабы: 75 см.

ІІ топ

1-тапсырма

Келтірілген сызбанұсқадан иіндіктердің қайсысы тепе-теңдік жағдайда болады?



2-тапсырма

Иіндіктің кіші иінінің ұзындығы 5 см, үлкенінікі 30 см. Кіші иінге 12Н күш түссе, иіндікті тепе-теңдік қалпына келтіру үшін үлкен иінге қандай күш түсіру керек?



Жауабы: 2 Н.

ІІІ топ

1-тапсырма

Келтірілген сызбанұсқадан иіндіктің иіндеріне түскен күштерді көрсетіңдер.



2-тапсырма

Иіндіктіктің кіші иінінің ұзындығы 5 см, ал үлкенікі 2 м. Кейінгісіне түсетін күш 12 Н. Иіндік тепе-теңдігін сақтау үшін кіші иініне қандай күш түсіру керек.

Жауабы: 480 Н

IV топ

1-тапсырма

Келтірілген сызбанұсқадан иіндіктердің қайсысы тепе-теңдік жағдайда болады?


2-тапсырма

Күш моменті М1= 1Н*м. Рычагтың айналу осінің оң жағындағы салмағы 4Н жүк ілініп тұр, рычаг тепе теңдікте болуы үшін қандай қашықтықта орналасуы керек?



Бағалау критерийі: Күш моменттер ережесін есептер шығаруда қолданады

Дескриптор



- күш моменттер ережесін біледі;

- күш иіні мен күштердің түсу нүктесін біледі

- күш моменттер формуласынан күш иінін анықтайды;

- күш моменттер формуласынан түсірілген күшті анықтайды;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет