E. Ғ1 -ны рецессивті ата-анасымен будандастыру
$$$ 35
Аллеломорфты белгілер дегеніміз:
A. қарама-қарсы екі белгі
B. өте айқын жалғыз белгі
C. доминантты гендері бар белгілер
D. жынысты тіркескен белгілер
E . рецессивті гендері бар белгілер.
$$$ 36
Әртүрлі белгілері бар 2 особьты будандастырудан алынған ұрпақты не деп атаймыз:
A. кроссинговер
B. гибридті
C. гетерозисті
D. дигибридті
E. политенді.
$$$ 37
Ата-анасының белгісінің біреуінің бірінші ұрпақта басым болу құбылысы:
A. эпистаз
B. гипостаз
C. плейотропия
D. доминанттылық
E . конкорданды
$$$ 38
Екі аллельді емес доминантты гендердің әрекеттесіп , бір генотиптің бойында жаңа белгіні анықтауын қалай деп атайды?
A. криптомерия
B. полимерия
C. мультативті
D. комплементарлық
E. плейотропия
$$$ 39
Белгінің дамуын үдететін гендер әрекетінің жинақталуын не деп атаймыз:
A. аддитивтілік
B. идиотивтілік
C. плейотропия
D. полимерия
E. мономерлі
$$$ 40
Организмдегі барлық гендердің комплексі:
A. генофонд
B. генотипическая среда
C. геном
D. генный баланс
E. генотип
$$$ 41
А,а генетикалық символдар нені білдіреді?
A. генотип
B. фенотип
C. гамета
D. зигота
E. гетерозигота
$$$ 42
Егер ата-анасының «таза линиялары» бір-бірінен тұқымының сыртқы формасы бойынша ажыратылатын болса, онда мұндай будандастыру :
A. моногибридті
B. дигибридті
C. жыныспен тіркес
D. тіркесіп тұқым қуалау
E. эпистаз
$$$ 43
Егер ол гетерозиготалы болса,онда генотипті қалай белгілейді:
A . АА
B. Аа
C. АВ
D. аа
E . А
$$$ 44
Бірінші ұрпақта көрінетін белгі қалай аталады?
A. доминантты
B. рецессивті
C. летальді
D. аралық
E. гомозиготалы
$$$ 45
Таза линия дегеніміз:
A.өздігінен тозаңданатын бір өсімдіктің ұрпағы
B.екі өсімдіктің ұрпағы
C. айқас тозаңданатын өсімдіктердің бірінші ұрпағы
D. кез-келген өсімдік ұрпағы
E. айқас тозаңданатын өсімдіктердің 2 ші ұрпағы
$$$ 46
1-ші реттегі 100 овоциттен неше аналық клетка түзіледі:
A. 50
B. 100
C. 150
D. 200
E. 300
$$$ 48
Қара шашты ата-аналардан жирен шашты бала тууы мүмкін бе? Ата-аналарының қандай генотиптерінде бұл жағдай болуы мүмкін?
A. АА х АА
B. Аа х АА
C. Аа х аа
D. Аа х Аа
E .АА х аа
$$$ 49
Аллельдері бірдей екі организмді қалай атайды?
A. гетерозиготалы
B. гомозиготалы
C. гемизиготалы
D. дигетерозиготалы
E. диплоидты
$$$ 50
Қойдың қара түсі ақ түске қарағанда рецессивті. Қай қойдың генотипін бірден көрсетуге болады?
A. ақ қойдың генотипін
B. қара қойдың генотипін
C. екеуін бірдей
D. екеуінде емес
E. ала қойдың
Емтихан сұрақтары
Генетика ғылым ретінде. Генетиканың негізгі даму кезеңдері. Генетиканың биологиялық ғылымдар арасындағы орны.
Генетиканың негізгі әдістері: гибридологиялық, цитогенетикалық, генеалогиялық, популяциялық, феногенетикалық, рекомбинаттық, статистикалық.
Жасушаның құрылысы және тұқым қууда органоидтардың ролі.
Хромосоманың құрылысы және химиялық құрамы. Хромосоманың гаплоидты және диплоидты жиынтығы. Геном және кариотип туралы түсінік.
Митоз және оның генетикалық негізі.
Мейоз және оның генетикалық негізі.
Жыныстық көбеюдің биологиялық және генетикалық ролі.
Кариотип дегеніміз не? Негізгі ауыл шаруашылық малдарының кариотипін сипаттаңыз.
Тұқым қуудың Г.Мендель ашқан заңдылықтары. Будандастыру схемаларында осы заңдарын көрсетіңіздер.
Моногибридтік будандастыру және оның схемасы. Реципрокты, кері қайтару және талдаушы будандастырулар, олардың схемасы және манызы.
Дигибридтік будандастыру. Дигибридтік будандастырудың схемасын құрастыру және талдау.
Доминаттылықтың негізгі түрлері. Нақты мысалдарды пайдаланып будандастыру схемаларың құрастырып, F1 және F2 -де әр түрлі доминаттық типтерін сипаттаңыз.
Гендердің өзара әсер етуі. Нақты мысалдарды пайдаланып будандастыру схемаларың құрастырып, F1 және F2 -де әр түрлі гендердің өзара әсер етуідін сипаттаңыз.
Белгілердің тіркесіп тұқым қууы дегеніміз не? Нақты мысалдарды пайдаланып будандастыру схемаларың құрастырып, F1 және F2 -де белгілердің тіркесіп тұқым қууыды сипаттаңыз.
Кроссинговер механизмі және белгілердің тіркесіп тұқым қууында оның ролі. Кроссоверлі және кроссоверлі емес гаметалар.
Хромосомада гендер аралығының қашықтығын қандай бірлікпен өлшенеді?
Т.Морганың тұқым қуудың хромосомалық теориясының мәнін түсіндіріңіз.
Сүт қоректілектердің және құстардың хромосома арқылы жынысын белгілеу. Жыныс хромосомалары және аутосомалар. гетерогаметалы және гомогаметалы жыныс. Будандастыру схемасы арқылы сүт қоректілектердің және құстардың жынысын анықтауды көрсетіңіз.
Жыныспен тіркес белгідер дегеніміз не? Будандастыру схемасың пайдаланып жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауын сипаттаңыз.
Жынысты анықтаудың баланстық теориясы. Жыныс Х-хромосма және аут осоманың арақатынасының биологиялық мәні.
Уотсон және Крик ұсынған ДНҚ құрылымы. ДНҚ-лардың әр түрлі организмдерде мөлшері. ДНҚ-ның репликациясы.
РНК-ның негізгі түрлері және құрылысы, ақ уыз синтезіндегі ролі. ДНК – РНК – ақ уыз жүйесі арқылы тұқым қууда информацияны ауысуы.
Генетикалық код, маңызы және негізгі қасиеттері.
Ген тұқым қуатын мутация, рекомбинация ақпараттық құрылымдық бірлік ретінде. генның құрылысы, қызметі және қасиеттері.
Прокариоттың генетикалық материалының құрылысы. Прокариоттың генетикалық материалының алмасуы.
Генетикалық инженерия және оның әдістерә. Қазіргі кезеніңдегі генетикада және ауыл шаруашылықта генетикалық инженерияның атқаратын жұмыстары.
Ген биологиялық жүйе ретінде. Эукариоттарда белгідердің қалыптасуына гендердің әсері. Онтогенез – генотиптің іске асыру процесі.
Зигота дамуына аналық гендердің әсері. Онтогенездің алғашқы сатысында гендердің әрекеті.
Ақ уыз және и-РНК синтезің реттеуі туралы Ф.Жакоба және Ж.Моно теориясы
Онтогенездің қауіпті кезендері. Ағза дамуына индуктордың, гормондардың әсері. Гендердің дифференциалдық белсенділігі және ондағы цитоплазманын ролі. Фенокопиялар және морфоздар.
Цитоплазмалық /хромосомалық емес/ тұқым қуу. ДНҚ қандай цитоплазманың органоидтарында орналасқан? Хромосомалық ДНҚ-дан оның айырмашылығы? Жануарлар мен өсімдіктердің цитоплазмалық тұқым қуу мысалдары.
Тұқым қуудың бір түрі – мутациялық өзгергіштік. Мутациялық теориясының құруында және дамуында Г.де Фризоның ролі.
Гендік, хромосомалық және геномдық мутациялар. Олардың сипаттамасы.
Спонтанды және индукцияланған мутанезе. Мутагендік факторлар.
Н.И.Вавиловтың құрастырған тұқым қуалау өзгергіштігіндегі гомологиялық қатарлар заңы, оның манызы.
Тұқым қууда өзгергіштік белгілердің генетикалық негіздері. Полимерлі және полигендін тұқым қуу. Өзгергіш белгілерінің қалыптасуына ортаның әсері.
Тұқым қууғыштық және қайталанушылық коэффициентері. малдың селекциясында оларды манызы және пайдалану.
Популяциялар және таза линиялар. Таза линиялар мен популяциялардағы теріп алудың нәтижелілігін анықтау жолында В.Иоганнсендің жұмыстары.
Генотип жиілігі мен гендін жиналуында популяцияның гендік құрылымы. Еркін өсіп-өнетін популяциялар сипаттау үшін Харди-Вайнбергтін формуласы және заны.
Популяция құрылымында генотип жиілігін бузатын факторлар.
Сұрыптаудың түрлері, олардың сипаттамасы.
Инбридингтін генетикалық маңызы және селекциядағы ролі. Популяция генетикалық құрылымына инбридингтін әсері.
Гетерозис және оның биологиялық маңызы. Гетерозис эффектісің түсіндіретін негізгі гипотизалар.
Иммунитет және оның генетикалық негізі. Иммунитеттің спецификалық және спецификалық емес факторлары.
Малдың аномалийлері және тұқым қуалайтын аурулардың негізгі түрлері, олардың генетикалық тұқым қууы.
ауыл шаруашылық малдардың тұқым қуатын ауруға төзімділігін арттыру.
Ақ уыздың биохимиялық полиморфизмі және оның генетикалық табиғаты. Малдың селекциясында ақ уыздың биохимиялық полиморфизмің пайдалану.
генотипті ұрпақтары бойынша бағалау.
Тұқым қуау, өзгергіштік және сұрыптау эволюцияның факторлары ретінде Ч.Дарвиндің ілімі.
Эволюция процесінде популяция элементарлы бірлік ретінде. Эволюция теориясының қазіргі кездегі дамуына С.С.Четвериков және И.И.Шмальгаузендің жұмыстарының маңызы.
Тәртіп генетикасының қалыптасуында И.М.Сеченов және И.П.Павловтың жұмыстарының маңызы.
Әр түрлі полиморфты ақ уыздың тұқым қуалауы қандай?
Қан топтарының тұқым қуалауда ерекшеліктері қандай?
Вирустер, фагтар, плазмидтердің генетикалық материалдың құрылысы қандай?
Иттің қара жүннің түсі / «В» гені/ қоңырдан / «в» гені/ доминантты. Қара аналық бірнеше рет қара аталықпен будандастырып 18 қара және 5 қоңыр күшік алынды. Ата-анасының генотипін анықтаңыз, шағылыстыру схемасын құрастырыңыз, қаншама қара күшік гомозиготалы болды?
Сары теңіз шошқасы ақ пен шағылыстырғанда үнемі крем тәріздә ұрпақ береді. Крем тәрізді шошқаларды бір-бірімен будандастырғанда мынадай ұрпақ алынды:1 сары: 2 крем тірәздә: 1 ақ. Теңіз шошқасының жүнінің түсі қалай тұқым қуалайды? Будандастыру схемасын құрастырыңыз.
Иттің қара жүннің түсі / «В» гені/ қоңырдан / «в» гені/ доминантты. Төрт аналық бір қара аталықпен будандастырылды. № 1 қоңыр аналық бірнеше ұрпақ әкелді, оның біреуі қоңыр болды. № 2 аналықта (қоңыр) біреуі қара болды. № 3 аналықта (қара) біреуі қоңыр болды. № 4 аналықтың (қара) күшіктері бәрі қара түсті. Будандастыру схемасын құрастырып және атасы мен төрт аналықтың генотипін анықтаңыз.
Теңіз шошқасының қара түсі («А» гені) ақ түстен («а» гені) доминантты. Қара аталық пен қара аналықты шағылыстырғанда барлығы 20 күшік алынды, олардың 6 ақ, басқасы қара болды. Ата-анасыныңгенотипіе анықтаңыз. Шағылыстыру схемасын құрастырып, алынған ұрпақтын арақатынасын анықтаңыз. Шағылыстыру схемасын құрастырып, қара түсті ұрпақтардың генотипін анықтаңыз.
Иттерде қалың жүн доминантты, жұмсақ-рецессивті. Қалың жүнді ата-анасынан қалың жүнді күшік алынды. Осы күшік ата-анасынан жұмсақ жүнді ген алуы мүмкін бе? Генотипінде жұмсақ жүн бар екенін анықтау үшін кіммен оны шағылыстыру керек? Барлық шағылыстыру схемаларды құрастырыңыз.
Үй қояндарында қалыпты жүн ( «С» гені) доминантты, қысқа («с» гені) – рецессивті. Қысқа жүнді аналықтан 5 ұрпақ алынды: 3 қысқа жүнді және 2 қалыпты жүнді. Будандастыру схемасын құрастырыңыз. Атасының, анасының, ұрпақтарының генотипін және фенотипін анықтаңыз.
Ұзын құлақты қойларды («АА») құлақтары жоқтармен шағылыстырғанда ұрпақтарында құлақтары қысқа болда. Бұл тұқым қуудың қандай түрі? Қысқа құлақты қойларды бір-бірімен шағылыстырғанда қандай ұрпақ алынады? Қысқа құлақты құлақ жоқ пен? Шагылыстыру схемасың құрастырып, талдау өткізіғіз?
Тауықтарда жүннің қара түсі («В» гені) ақ түстен («в» гені) доминантты. гетерозиготалы құс көгілдір жүнді. Қандай ұрпақ алынады көгілдір тауықты ақ, көгілдір, қара әтешпен шағылыстырғанда?
Айдары раушан гүл тәрізді тауықты, айдары бұршақ тәрізді әтешпен шағылыстырғанда мынадай ұрпақ алынған: 38 – жаңғақ тәрізді, 13 – раушан гүл тәрізді, 11 – бұршақ тәрізді, 2 – жәй айдар. Раушан гүл тәрізді айдар – «Р» гені, бұршақ тәрізді - «R» гені. Ата-анасының, ұрпақтардың генотипін және фенотипін анықтаңыздар.
Алеут (ааРР) және күміс-көк түсті (ААрр) күзендер бір-бірімен шағылыстырылды. F1 қай мөлшерде көк (аарр), алеуттік (ааР…), күміс-көк (А…рр) және стандартты (А…Р…) күзендер алынды?
Рояль-пастель (ООвв) және жасыл көзді пастель (ооВВ) бір-бірімен будандастырылды. Қанша F2 ұрпақ алынады? О…вв (рояль-пастель) және оовв (жасыл пастель немесе американдық топаз)?
Иттің доберман-пинчер тұқымында «В» гені жүнінің қара түсіне, «в» гені қоңыр (кофе) түсіне жауап береді. «С» гені күшейткіш№ жүннің қанық бояуына, ал «с» гені әлсіреткіш – соның әсерінен жүн көгілдір түсті болады. Қоңыр доберманды (ввСС) көгілдір түспен шағылыстырғанда F1 қара күшіктер пайда болады. . F2 қай арақатынасында қара, көгілдер түсті, әр түрлі кофе тәрізді ұрпақ болады?
Үй қояндарында «шиншилла» («св» гені) альбинизимнен («са» гені) доминантты. гетерозиготалар св са ақшыл-сұр түсті. Қояндар фермасында 5400 ұрпақтан 17 альбиностар болды. Харди-Вайнберг формуласын пайдаланып, неше қоян гомозиготалы «шиншилла» болғанын анықтаңыздар.
Тәуелсіз популяцияда особьтардың «АА» бөлігі 0,81 тең. Бөлімнің қаншасы «Аа» гетерозиготалы болады? Харди-Вайнберг формуласын пайдаланып осыны есептеп шығарыңыз.
Ірі қара малдарда қара түс («А» гені) қызыл түстен («а» гені) доминантты. Ярослав малдардың популяциясында 850 жаңуарлардан құралған, 789 – қара түсті және 51 – қызыл түсті. Фенотип жиілігін, «А» және «а» гендердін концентрациясын және популяцияның генотип құрылымын анықтаңыз.
Тауықтарда түсін бақылайтың гендер Х-хромосомада орналасқан. Плимутрок тұқымды тауықтарда сұр түсі («В» гені) қарадан («в» гені) доминантты. Сұр тауық қара әтешпен шағылыстырған, фенотипін анықтаңыз (бөлек әтештердің және тауықтардың).
Айдары раушан гүл тәрізді тауықты, айдары бұршақ тәрізді әтешпен шағылыстырғанда мынадай ұрпақ алынған: 55 – жаңғақ тәрізді, 23 – раушан гүл тәрізді, 9 – бұршақ тәрізді, 2 – жәй айдар. Раушан гүл тәрізді айдар – «Р» гені, бұршақ тәрізді - «R» гені. Ата-анасының, ұрпақтардың генотипін және фенотипін анықтаңыздар.
Ірі қара малда («А» гені) қысқа аяқты және басты ынқтап, еттің сапасың жақсартады, бірақ летальды әсерін береді. 1. Екі гетерозиготалы жаңуарларды бір-бірімен шағылыстырғанда, 2. гетерозиготаны рецессивті гомозаготамен шағылыстырғанда қандай ұрпақ алынады.
Күзендерде «В» гені күміс-құңдыз түсін – «бос», бірақ летальды әсерін береді. Оны рецессивті аллелі «в» стандартты түсін анықтайды. Гетерозиготаларды бір-бірімен шағылыстырғанда қандай ұрпақ алынады. Олімдікті қалай жоюға болады?
Кекілді үйректерді бір-бірімен шағылыстырғанда 3/4 жұмыртқасынан ғана ұрпақ алынады, 1/4 эмбриондардың өлімге ұшырайды. Тірі балапандардың 2/3 кекіл бар, 1/3 кекіл жоқ. Үйректерде шағылыстыру схемасын құрастырыңыздар.
Ірі қара малдарда бір түстілік («С» гені) ала түстен («с» гені) доминантты. Популяцияда 940 бастың 705 малда қара-ала түс, 235 – бір түсті қара. Харди-Вайнберг формуласын пайдаланып, фенотип жиілігін және «С», «с» гендердің концентрациясын анықтаңыз.
Мысықтарда жүннің түсін анықтайтын гендер жыныспен тіркескен. «В» гені сары түсін, ал «в» гені қара түсін бақылайды. гетерозиготаларда ала түс пайда болады. Қара мысық 4 ұрпақ әкелді, оның 1 – ала түсті, 3 – қара. Осы мысық балаларының әкесінің түсі қандай болды? Қара мысықтардың жынысы қандай?
Мысықтарда жүннің түсін анықтайтын гендер жыныспен тіркескен. «В» гені сары түсін, ал «в» гені қара түсін бақылайды. Гетерозиготаларда ала түс пайда болады.Қара еркек мысықты ала ұрғашы мысықпен шағылыстырғанда, ұрпағы қандай болады? Ал сары ұрғашы мысықпен?
Тышқандарда сары түсі («У» гені) летальды ісер береді. Оның рецессивті гомозиготалы аллелі «у» қара түсті анықтайды. Ересек сары тышқандардың генотипі қандай? Бір-бірімен шағылыстырғанда қандай ұрпақ алынады?
Достарыңызбен бөлісу: |