ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
МСЖ 3 деңгей құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-14.4.04.01.20.47/02-2012
|
ПОӘК - «Ветеринарлық генетика»
пәніннің студентке арналған жұмыс оқу багдарламасы
|
№ 1 басылым
|
5В120100 – «Ветеринарлық санитария» мамандығына арналған
«Ветеринарлық генетика»
ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (ПОӘК)
Семей- 2012
042-14.4.04.01.20.47/02-2012
|
№ 1 басылым 30.09.2012 ж.
|
2 бет 47-ден
|
Алғы сөз
1.ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырған Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті “Биология” кафедрасының доценті, а.ш. ғ.к. Нұржанова К.Х.
ТАЛҚЫЛАНҒАН
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті “Биология” кафедрасының мәжілісінде.
20 ж. № хаттама.
Кафедра меңгерушісі Арынова Р.А.
2.2.Аграрлық факультетіның оқу - әдістемелік комиссия мәжілісінде.
20 ж. № хаттама
Төрағасы Сатиева К.Р.
БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу - әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданып, басылымға ұсынылған.
20 ж. № хаттама.
ОӘК төрағасы Рскельдиев Б.А.
4. ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕҢГІЗІЛГЕН
Мазмұны
Глоссарий
Эдебиеттер
Дәріс
Зертханалық сабақтар
1. Глоссарий
Абберация – мутацияның әсерінен хромосоманың құрылымының зақымдануы.
Аллеломорфты белгілер – бір геннің әр түрлі аллельдерінің әсерінен пайда болған белгілер.
Аллополиплоидия – Бір организмнің жасушасында әр түрдің диплоидты хромосомалар жиынтығы.
Антигендер – организмге кірген бөгде заттар иммундық жауап туғызады.
Антидене – жоғары сатыдағы организмдердің иммундық жүйесі бөліп шығаратын белок, олар бөгде молекулалық заттарды ерекше түрде байлайды. Антидене организмдерде пайда болған антигендерге жауап ретінда бөлінеді.
Антикодон – тРНК молекуласының бөлігі, үш нуклеотидтан тұратын және өзіне сәйкес амин қышқылын кодтайтын иРНК ның үш нуклеотидтен тұратын бөлшегін таниды.
Аутбридинг – генетикалық туыс емес өкілдерді шағылыстыру.
Бактерофагтар – бактерияларда өсіп-өнетін вирустар.
Биотехнология - әр түрлі микробиологиялық синтезді, генетикалық және клеткалық инженерияны, ферменттер инженериясын қолдану арқылы өсімдіктің, жануарлардың организміне ықпал ететін және жасанды қосылыстарды өндірістік реакторларда алу үшін көп бағытта жүргізілетін ғылыми-техникалық салксы.
Вектор – дербес еселенетін генетикалық құрылым, оның көмегімен өзгертілетін геномға тиісті генді жеткізіп орналастыруға болады.
Ген – тұқым қуатын ақпараттық құрылымдық бірлік.
Ген инженериясы – алдын ала белгілі жаңа қасиеттері бар тірі оргаизмдерді жасау мәселелерін зерттейтін молекулалық биологияның саласы.
Генетикалық код – белок молекуласына қажетті амин қышқылдарының орнын анықтайтын ДНҚ молекуласындағы үш негізден тұратын тізбек.
Генотип – организмдегі гендер жиынтығы.
Делеция – мутацияның нәтижесінде хромосоманың орта бөлігінің жоғалуы.
Иммунитет – генетикалық бөгде белгілері бар заттардан және тірі денелерден организмнің қорғану әрекеті.
Иммундық реакция – генетикалық бөгде заттарды құртуға, бейтараптандыруға бағытталған организмнің бейімділік жауабы.
Инбридинг - өте жақын туыстас өкілдерді шағылыстыру.
Кариотип – түрге тән хромосома жиынтығы.
Клеткалық инженерия – қайта құрастыру, будандастыру, өсіру негізінде жасушаның жаңа типін жасау әдісі.
Клон – жыныссыз өсіп даму арқылы бір ортақ тектен тараған жасушалар немесе ұрпақтар.
Кодон – триплет.
Комплементарлық – бірін – бірі толықтырушы гендендің болуы, олар бірге әсер етіп, белгінің пайда болуына себеп болады.
Локус – хромосомадағы белгілі бір геннің орны.
Мейоз – жыныс жасушасы ядросының екі рет қатарынан бөлінуінің нәтижесінде төрт гаплоидты жасушаның пайда болуы.
Мозаиктер - әртүрлі генотипі бар жасушалардан тұратын организм.
Мутаген – физикалық және химиялық аген мутацияның жиілігін жоғарылатады.
Мутация – генетикалық материалдың негізгі қасиетін өзгертетін тұқым қуатын өзгеріс.
Ноненс кодондар – амин қышқылдарының ешқайсысына сәйкес калмейтін трансляцияны тежеуші ролін атқаратын кодондар.
Онкогендер – эукариоттар жасушаларынан залалды ісіктерге өзгерте алатын белоктарды кодтайтын гендер.
Онтогенез – организмнің жеке дамуы, туғаннан бастап өмірінің аяғына дейінгі өзгерістер жиыны.
Партеногенез – еркектің гаметасынсыз ұрғашының гаметасынан организмнің дамып өсуі.
Плазмидтер – хромосомамен байланыссыз дербес өмір сүретін сақина тәріздес ДНҚ молекулалары.
Полимерия – бір белгіге әртүрлі, бірақ ұқсас ететін аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің түрі.
Полиплоидия – гаплоидтық жиынтықпен салыстырғанда хромосомалар санының өсуі.
Профаг – бактериялық жасушаға тұқым қуу материалы қосылған фаг.
Рестриктазалар – ДНҚ-ны кесетін фермент.
РНҚ- полимеразалар – ДНҚ үлгісімен РНҚ синтездейтін ферменттер.
Селекция – мал тұқымын, өсімдіктер сорттарын микроорганизмдердің, бактериялардың және вирустардың расаларын өзгертетін ғылымның саласы.
Транспозон – геномда өз орнын ауыстыра беретін ДНҚ фрагменті.
Фенотип – организмдегі барлық белгілердің жиынтығы.
Шағылыстыру – белгілері бойынша айырмашылығы бар бір түрдің өкілдерін жұптау.
Эволюция – тірі табиғаттың тұқым қуу, өзгергіштік және сұрыптау арқылы дамуы.
2 Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
Бегимкулов Б.К. Генетика, Алматы, 2000.
Генетика с основами биометрии. Меркурьева Е.К., Шангин-Березовский Г.Н. М., Колос, 1983.
Практикум по генетике. Ларцева С.Ю., Муксинов М.К., М., Агропромиздат, 1985.
Общая генетика. Дубинин Н.П., М., Наука, 1986.
Биометрия в селекции и генетике сельскохозяйственных животных. Меркурьева Е.К., М., Колос, 1970.
Генетика. Петухов В.Л., Жигачев А.И., Назарова Г.А. М., Агропромиздат, 1982.