6- сабақ. Асқазан рагы Кіріспе


Асқазан рагының патологиялық анатомиясы



бет11/37
Дата21.12.2023
өлшемі1,2 Mb.
#198223
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
askazan
Жариков Н.М., Тюльпин Ю.Г., Психиатрия, Жүрекшелер тыпыры, Невро тесттер, f60503cc98b5800
Асқазан рагының патологиялық анатомиясы
Рак асқазанның бір жерінде, немесе бірнеше бөліктерінде бір мезгілде өніп-өсуі мүмкін. Кейінгі түрін алғашқы пайда болған, біріншілік көп ісікті рак дейді, ол асқазан рагының 2-3% құрайды. Асқазанның шырышты қабатында пайда болған ісік көзі біртіндеп жайылып, асқазанның басқа қабаттарын зақымдай бастайды. Алғашқы кезде ол тек шырышты қабаттан аспайды, мұны алғашқы ерте рак түрі деп атайды.
Сонымен, алғашқы ерте пайда болған асқазан рагы деп, морфологиялық түріне және ісіктің көлеміне қарамастан, ол тек шырышты қабатты ғана зақымдап, сонда орналасқан түрін айтады. Рак түйіннің көлемі бұл кезде 2-3мм-ден 5,0мм-ге шейін болғандықтан, өте сирек бөгелме ісік береді. Осы өсу дәрежесінде емделсе, онда ауру адам толық 100% жазылып шығады.
Рак асқазанның кез келген жерінде орналасады, ол өсе келіп, асқазанды түгел жарақаттауы мүмкін. Бұл уақытта оның қай жерден өніп-өскенін анықтау қиынға соғады, сондықтан мұндайда ісік көлемінің ең үлкен жеріне байланысты орналасақан жері анықталынады. Көбінде қатерлі ісік асқазанның антральды бөлімін (60-70%), одан кейін - кіші иін (20-25%) мен жоғарғы бөлігі - кардийді (10-15%) зақымдайды. Асқазанның үлкен иіні, алдыңғы мен артқы қабырғалары және күмбезі (2-5%), ал ракка тұтас зақымдануы (5%) сирек кездеседі.
Макроскопиялық түрі бойынша - ісік асқазан қуысына қарай өссе, оны экзофитті, ал асқазан бойымен өрбісе –эндофитті рак дейді.
Экзофитті рактың шеттері тегіс, түймешік (полип), түймедақ (бляшка) және саңырауқұлақ (гриб) тәрізді болып келеді де, өсе келе ортасы ойылып табақ пішінді болып өзгереді. Ісіктің көзге көрінген аналасынан 2-3 см. қашықтығында, рак клеткаларының жайылмасы болмайды.
Эндофитті ісіктер шырышты қабаттың астында жайыла өсіп, шекарасы анық емес және асқазан ішіне қарай өспей, асқазан рагының ең қатерлі тобын құрайды, тез бөгелме ісіктерді береді; рактың бұл түрінде болжам өте қиын, оның себебі емнің нәтижесі өте төмен болғандықтан. Ісік өскен сайын түйіннің ортасы ыдырап іриді, өліеттеніп шіриді, ойық жара пайда болады.
Асқазан рагының үшіншісіне - осы екі түрі қосарланып пайда болған аралас түрі жатады. Ісіктің ағымы эндофитті құрылымына байланысты болады.
Бұлар түйіннің бет-пішініне тікелей әсерін тигізеді. Осы бет-пішінге сәйкес жапон эндоскопистері асқазан рагын үшке бөледі:
1-түйін, шырышты қабат деңгейінен сәл шығып тұрған «төмпешік» ісік,
2- шырышты қабаттың қабыршығы сәл желінген «жалақ» ісік,
3- шырышты қабаттың қабыршығы ойық жаралы ісік
Ісіктің эндоскопиялық бірінші көрінісінде шырышты қабаттың қабыршығында асқазан қуысына қарай шыққан өспе, түймешік сияқты қабыршықтан 5мм-ден артық емес болып көрінеді,
Екінші түрінде шырышты қабаттың өзектері білінбей кетеді де, бұл жер қатая түседі, түсі бозғылттау болып өзгереді. Шырышты қабат қабыршығындағы шұңқыр тереңдігі 5мм-ден аспайды. Біртіндеп бұл өзгерістер жайыла түседі де рактың жайылмалы түрін құрайды.
Үшінші – ойық жара түрінде - шырышты қабаттың қабыршығы терең ойық жараға айналады, оның тереңдігі 5 мм-ден асып кетеді.
Асқазан рагын патанатомиялық түріне сәйкес ісік түйінін 4-түрге бөледі:

  1. «саңырауқұлақ» тәрізді,

  2. «табақша» тәрізді

  3. жайылмалы шекарасы белгісіз ісік,

  4. жайылмалы-ойық жаралы боп өскен ісік,

Бірінші екі түрлері - экзофитті ісіктерді, ал соңғы екеуі - эндофитті ісіктерді қалыптастырады.

  • Экзофитті ісік сыртқы түріне қарағанда қырыққабатқа (капуста) ұқсайды; асқазан қуысына қарай шығып тұрады. Беті тегіс емес, адыр-бұдыр, бірақ шекарасы ап-айқын – сау ұлпадан бөлініп тұрады (№8- сурет),.

  • «Табақша» сияқты ракта, тығыздығы өте қатты, үлкен жара көзге көрінеді, оның жағалары білеулене көтеріңкі келіп, ортасы ойыс болып, беті іріңді қабықпен жабылады (№9- сурет),.

  • Жайылмалы ракта, асқазан қуысына шығып тұрған жағы білінбейді, бірақ оның қабырғасы қатты, өзектері өзгеріп, білінбей қалған ісік. Кейде бұл көрініс бүкіл асқазан бойымен мүшені тұтас жарақаттайды

  • Жайылмалы-ойық жаралы ісікте (№10- сурет),., асқазаннан және оның анық қабырғасынан жара анық байқалады да, ешқандай шекарасы білінбейді, ол мүшені тұтас зақымдайды.




№8- сурет. Түймешік тәрізді асқазан рагы



№9- сурет. Табақша- тәрізді асқазан рагы


№10- сурет. Жайылмалы-ойық жаралы асхазан рагы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет