Өмір тіршілік қауіпсіздігі



бет1/2
Дата25.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#170139
  1   2
Байланысты:
Аса кауыпты

Өмір тіршілік қауіпсіздігі

Аса қауіпті аурулар


Орындаған : Кадирбаева А.Г
Тексерген : Ибраева Еркеназ

Жоспар: 1 Оба, оның жұғу жолдары 2 Житс , оның жұғу жолдары

Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар: Ішек аурулары; Жоғарғы тыныс жолдары аурулары; Қан немесе трансмиссивті аурулар ; Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.

Оба(лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Себебі Үеrsіnіа реstіs, бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, ауа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар - бүргелер арқылы жұғады карантиндік инфекцияға жатады


Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 жылы бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато (1853 – 1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863 – 1943) (адамнан; 1897 жылы егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді. Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы, сирек септик. түрлері дамиды. Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау-қас өледі. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет