Инсульт кезіндегі алғашқы көмек



Дата09.11.2022
өлшемі2,26 Mb.
#157287
Байланысты:
алғашқы көмек Тұрар А

Инсульт кезіндегі алғашқы көмек

Орындаған:Тұрар Ақерке

Қабылданған:Мырзатаева Айсауле Сабырханкызы

Инсульт (лат. Insultus — соққы, қыспа талу) — ми ұлпасының зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады (тромбоз).

  • Инсульттың басты себебі — гипертония ауруы және ми тамырларының атеросклерозы.
  • Көп ретте ауру адам кенеттен құлап қалады, есінен танады; оларда аяқ пен қолдың парезы (сал болуы) әдетте дененің бір жағынан басталады, тілі күрмеледі, алғашқы сағаттарда тыныс алуы бұзылып, денесі тырысады, құсады.

Қандай адамдарда инсультке шалдығу қаупі жоғары?

Гипертониядан зардап шегетіндер;

- Жүректе дерті барлар (мәселен, жүрек жетіспеушілігі немесе жүрек ырғағының бұзылысы);

- Қант диабетіне шалдыққандар (диабет тамырларға зақым келтіреді, қан құйылу қаупін жоғарылатады);

- Артық салмақтың болуы;

- Белгілі бір препараттарды қабылдау. Олардың кейбірі эстрогеннің деңгейін өзгертеді (мысалы, жүктілікке қарсы дәрі);

- Қимыл-қозғалыстың жетіспеуі;

- Қанда холестерин деңгейінің жоғарылауы;

- Шылым шегетіндер;

- Ұйқы кезіндегі апноэмен зардап шегетіндер;

- Жасы 55-тен асқандар. Осы жастан асқаннан кейін әр он жыл сайын инсультке шалдығу қаупі өсе береді.

- Өкініштісі, инсульт отбасылық дәстүрге ие, яғни жақындары осы ауруға тап болғанның басқа да туысына кесел өтуі ықтимал;

  • - Ер адамдар, ал әйелдерде инсультке шалдығу көрсеткіші айтарлықтай төмен.

Алғашқы көмек көрсету

Алғашқы көмек қадамдары:

  • 1.Жедел жәрдем шақырыңыз.
  • 2. Міндетті түрде, медицина қызметкерлерін алғашқы көріністен хабардар етіңіз, оның есінен танғанын, тепе-теңдік жоғалтқанын, бір қолын көтере алмай жатқанын айтыңыз.
  • 3. Жедел жәрдемді шақырған соң, науқасты жастыққа жатқызып, тар киімдерін шешіп, есік-терезені ашып, таза ауамен қамтамасыз етіңіз. Су не тамақ беріп жүрмеңіз, себебі, органдардың функциясы бұзылуна орай, оны жұту аса қиындық тудырады.
  • 4.Егер мүмкіндік болса, артериалды қысымын өлшеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет