8.3 Үшбұрышпен берілген жалпы жағдайдағы жазықтықтардың қиылысу сызығын салу
Бұған дейін айтылғандай, жалпы жағдайдағы екі жазықтықтың қиылысу сызығын салу үшін көмекші қиюшы жазықтықтар қолданылады.
Егер жазықтықтар көпбұрыш түрінде берілсе, онда бір жазықтыққа тиісті түзулердің басқа жазықтықпен қиылысу сызығын табады. Осылайша, егер жазықтықтар үшбұрышпен берілсе, үшбұрыштың бір қырымен жазықтықтың қиылысу нүктесін табу керек, содан кейін үшбұрыштың екінші қабырғасымен сол жалпы жағдайдағы жазықтықтың қиылысу нүктесі табылады. Осы нүктелерді қосу арқылы үшбұрыштар қиылысатын түзу сызықты аламыз (53 сурет).
Ережеге сәйкес, қиюшы жазықтықтар ретінде ерекше жағдайдағы жазықтықтар қолданылады: фронталь-проекциялаушы, немесе горизонталь-проекциялаушы.
Сурет 53 Δ АВС және Δ DEF үшбұрышпен берілген жалпы жағдайдағы жазықтықтардың қиылысу сызығын салу
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Ізбен берілген жазықтықтардың қиылысу сызығын салу алгоритмін келтіріңіз.
2. Сызбада, әдетте, көмекші жазықтықтар қалайша орналасады?
3. Есепті шығару барысында, әдетте, неше көмекші жазықтық қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: |