6-7 Дәрістер Тақырыбы: Тағамдық концентраттар өндірісіне қажетті шикізаттар


Ұнтақ жармасының негізгі сапалық көрсеткіштері ондағы дәндердің қабығы мен ұрықтан тазартылуында.ол көрсеткіш «М» маркалы жармада – 0,6%-дан «Т» маркалы жармадағы 0,85%-ға дейінгі аралықта



бет7/10
Дата31.03.2023
өлшемі76,77 Kb.
#173419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
6-7 лек

Ұнтақ жармасының негізгі сапалық көрсеткіштері ондағы дәндердің қабығы мен ұрықтан тазартылуында.ол көрсеткіш «М» маркалы жармада – 0,6%-дан «Т» маркалы жармадағы 0,85%-ға дейінгі аралықта.

  • Ұнтақ жармасының негізгі сапалық көрсеткіштері ондағы дәндердің қабығы мен ұрықтан тазартылуында.ол көрсеткіш «М» маркалы жармада – 0,6%-дан «Т» маркалы жармадағы 0,85%-ға дейінгі аралықта.
  • Бидай жармасын қатты бидайдың дәндерін тазарту жолымен алады. Ірілігі жағынан оны 1-ден 4-ке дейінгі нөмірде Полтавскийлік, 1 және 2 нөмірлі жармалар – тазартылған, дәндері ұзынша келген, бидай дәндерінен алынады, ұрық пен тұқым қабықшаларынан аршылған жарма, Артек жармасы деп бөледі. №3 және 4 –ші жармаға бидай көлемдері әртүрлі, ұсақталған, домалақ бидай жармасы жатады. Артек – бидай дәнінін тазартып, ұсақтау арқылы жасалады.

Сапасын анықтау үшін сараптама жүргізген кезде електерге елеу арқылы көлемін өлшейді. Өнімдегі сапасы жақсы өзектердің үлесі 92%-дан кем емес.

  • Сапасын анықтау үшін сараптама жүргізген кезде електерге елеу арқылы көлемін өлшейді. Өнімдегі сапасы жақсы өзектердің үлесі 92%-дан кем емес.
  • Тазартылған бидай жармасында крахмал (80%) мен ақуыз көп (14,8%). Ақуыздардағы лимиттеуші амин қышқылы - лизин. Липидтер сипаты қанық емес, ал линол қышқылы басымдау. Минералдардың мөлшері аз ғана, оның ішінде 60%-ы фитаттардың үлесінде. Дәрумендер арасынан В тобындағы дәрумендері көбірек. Тазарту (шлифование) оперциясы неғұрлым көп жүргізілсе, крахмалдың да үлесі соғұрлым көп болады.
  • Пісіру уақыты жарма нөміріне қарай 15-60 минутқа жалғасады. Одан жасалған ботқа тұтқыр (вязкая) немесе шашыраңқы, дәмі жақсы; піскен кезде көлемі 4-5 есе ұлғаяды.

Арпа жармалары. Өңдеу тәсілдеріне қарай олар ақтаған арпа және арпа жармасы деп екіге бөлінеді. Түйіршіктерінің көлеміне қарай ақтаған арпаның бес, арпаның үш нөмірі болады.

  • Арпа жармалары. Өңдеу тәсілдеріне қарай олар ақтаған арпа және арпа жармасы деп екіге бөлінеді. Түйіршіктерінің көлеміне қарай ақтаған арпаның бес, арпаның үш нөмірі болады.
  • Ақтаған арпаның дәнектері ұзынша (№1,2) және домалақ (№3,4,5), гүлдің қабыршақтарынан аршылған, жақсылап үйкелген, түсі ақ, шұңғылында қошқыл сызығы болады.
  • Арпа жармасы – бұл дәнді ұсақтау нәтижесінде алынатын түйіршік көлемдері мен пішіні әртүрлі, гүл қабыршақатры түгел, тұқым қабықшаларынан жарым-жартылай аршылған жарма. Жарма сарғыш, кейде жасыл реңкке жақындау болатын ақ түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет