21. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абайдың диалогтерін табыңыз
1. - Сен бұлбұл едің! Азат аспанда көк бұтаққа қонып, бұлбұл үніңді әлемге жарласаң еді. Жаның сырыр тыңдаушыны әніңменен ұйытып өтетін туысың бар еді. Мен сол бұлбұлды ұстап ап, әдемі торға бөлеген аушыдай болдым ғой.Қапас бұлбұлы сен болыпсың....
2. - Сенсің, өзің болмасаң атаң Өскембай, Құнанбай, Мырзатайлар! Бұлар баяғыдан суыңмен кіріп, күліңмен шыққандар. Сенің тұқымыңның есігінде, ата –анасымен малайлық, құлдықта күн кешкендер. Күшін алып, түсін алып, бүгінде қартайғанда керексіз деп қағып –қуып тастаған күн қақтыларың! Жарлылық, жарымжандығынан басқа түк жазығы жоқ. Жылаулар ағайын осылар!
3. – ...Ей, сорлы заман, менен аяған қай қыстағың қалды. ...Мен ішпеген у бар ма!.. Жүрегім көрші міне, жарадан сау жер қалды ма? Мұнша ғазап шеккендей не жазық, не айыбым бар? Көп көргенің шер кеуденің әлсіреген тынысы ма?!
4. - Аузыңда Алла, шеңгеліңде қан! Тағы қан...Бұларды шариғат та қосады. Бір кезек, сол шариғат жолы деп, бір нахақ қан төгіп ең... Енді шариғатқа қарысы тағы да өлім жұмсадың ба? Үнсіз сопысып жатқаның құлшылыұ емес, сұмдық үшін, осындай сұмдық жыртқыштық үшін бе еді? – деп қайнап тұр.
5. - Бәсе, мынандай жыр шығарған Мұхамеджан –ау, сен болсаң сенімен не деп тайталасар едім? Жолды беріп енді өлеңді жалғыз сен айт, мен қойдым дегеннен басқа не қалар еді? Туу, бағымды алып қоя жаздағандай боп шұқшиып ең, рахмет саған, шын рахмет, Мұхаметжан.
22. Хафиздің ғазалдарын көрсетіңіз
1. Мен Шираздың пәк сұлуын тәңіріме теңер ем,
Бір меңіне Самарқанд пен Бұқараны берер ем.
2. Осынау қиын өмірден, өнеге ал да, кел үйрен,
Сонда ғана өзіңнен зұлымдық әр кез жеңілген
3. Қайран жүрек дауа таппай дал болар да қамығар,
Бұл сөзімді махаббаттың уын жұтқан жан ұғар.
4. Биік кезде мәртебең игеріп ал ғылымды,
Түсіп кетсең сәл төмен бола алмассың білімді
5. Қос бұрымың қара арқандай оралса егер мойныма,
Көз жанарың кетсе шарпып – қиын нәубет болды да.
23. Шәкәрім өлеңдерін анықтаңыз
1. Бетін байқап қарасаң бұл қазақтың,
Соқпағына түсті ғой дәл тозақтың.
Ақыл айтсаң алады бір жеріңнен,
Белгісіз есі шыққан сандалақтың
2. Кейде тасқа
Кейде ағашқа,
Соқтығамыз дөп келіп.
Суынан да,
Уынан да,
Құтылармыз жоқ болып.
3. Болды деп қиын,
Жеңілдеп киім,
Шыр айналып ұршықтай;
Еппенен барып,
Ынтасын салып,
Тышқан көрген мысықтай.
Кіргенде барып есіктен,
Болмаса жапсар, тесіктен
4. Әр жолды ойлап ойлап,
Ойыма бойлап,
Ұқтым тайаз, тереңді.
Сайраған тілмен,
Зарлаған үнмен,
Құлағы жоқ кереңді.
Ұқтыра алмай сөз әуре,
Тек тұра алмай біз әуре.
5. Алыс –жақын қазақтың бәрі қаңғып,
Аямай бірін-бірі жүр ғой аңдып.
Мал мен бақтың кеселін ұя бұзар.
Пәруардигәр жаратқан несін жан қып
24. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөздері қайсы?
1. Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатының жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса,
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса,
Бұл дүниенің прағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе!
2. Тату болса ағайын жақын,
Ақылшы болса апайың жақын,
Инабатты болса келінің жақын,
Алдына тартқан адал асың,
Қимас жақын – қарындасың.
Сыбайлас болса нағашың жақын,
Адал болса досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағың шөберең жақын,
Жан серігің жас кезіңнен,
Бәрінен де әйелің жақын
3. Жылқышы жылқыны баққанын айтар,
Қойшы қойына өріс тапқанын айтар,
Түйеші түйесінің шаңдақта жатқанын айтар,
Аңшы қақпанынын қапқанын айтар,
Мерген аңды атқанын айтар,
Саудагер матасын сатқанын айтар.
4. Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ,
Дүние деген фәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ,
Бәрінен қиын сол екен,
Артыңда жанған шырақ жоқ.
5. Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын,
Шанышқылаған сөз қиын,
Дәл осындай жағдайда,
Пана блмас өз үйің.
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын.
Ақылыңнан адасып,
Өзіңе түскен өрт қиын.
Тентек болса ұл қиын,
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас миың
25.Ілияс Жансүгіровтің туындыларын көрсетіңіз
1. Іңірде баяулаған дауыл бәсең,
Боздатқан бұлбұл күйін бабыңда әсем.
Асықтар алқымдасқан, мауқын басқан,
Сырласқан: «жарым да сен, жаным да сен!»
Әдемі үн айтақтаған, қой күзеткен,
Адамды - адам күткен, уһлеткен.
Самалдай сайдан соққан саңқылдатқан,
Әлдилеп қоңыр түнді қос бойжеткен.
Кейде күй талмаураған, талықсыған,
Кейде өжет, кейде долы, албытсынған.
Кейде паң, кейде дарқан, кейде сергек,
Шаршы өрге кейде шапшып шауып тынған.
2. Қағылды кейде бір күй дабылдай боп,
Бұрқырап кетгі түтеп дауылдай боп.
Әлде күш, әлде дауыл, әлде ат шапқан,
Әйтеуір қырдан көшкен сарындай боп.
Мұз еріп, қатты аяздың кәрі қайтып,
Қас батыр көңілі жұмсап, зәрі қайтып.
Майрылып ақ семсерлер қалайы боп,
Қажытты мұзбалақты күй мұңайтып.
Құлпыртып бәйшешекті кетті шалқып,
Аққудай көкте күйлеп, көлде қалқып.
Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп,
Талдырып, тамшылатып сығып сарқып.
Біресе ағытылып күй сылдырлап
Тербетіп тыңдағанның көңілін ырғап,
Бұлақтай таудан тасып, тастан орғып,
Аңқылдап жатыр жосып сайды құлдап.
Күлдірлеп қоңыраудай, күй сыңқылдап
Бота күй маймаң қақты үн былқылдап.
3. Келмеске күйші аттанды. Күй қалды да,
Оқтай боп суық хабар тиді-ау мына
Қазақтың даласына сыймай кетті,
Домбыра шанағына сыйған мұра.
Келмеске күйші кетті. Күйі қалды,
Біртуар бірегейім, биік, арлы.
Бақиға аттанардың соңғы сәті -
Өмірдің өлім деген сыйын алды.
Келмеске кетті, бірақ... Күй боп мәңгі
Арайлап атқан әрбір сүймек таңды.
Сапары саңлағымның күрт үзіліп,
Қатары ағалардың сиреп қалды.
4. Бір үйде қобыз даусы шымыраған
Күңіреніп кейде, бірде ыңылдаған.
Бір кезде бебеу қағып, күшіктей боп
Қыңсылап, сыңсығандай күй жылаған.
Бір үйде домбыра да ыңыранған
Қыр күйі құлдыраған, бұлдыраған,
Қос ішек «Қосбасарды» сылқылдатып,
Жүректі жұлып жеуге күй жынданған.
5. Өнерге салды бұлбұл сонда аңыратып,
Шыңғыртып, шымырлатып, сорғалатып,
Мың түрлі күйге салып толқынтады,
Маңайда жан біткенді таңырқатып.
Қой жатыр, қойшы тыңдап тұрды елбіреп,
Көзіне қып-қызыл боп жас мөлдіреп.
Жел соқпай, құс шуламай, бәрі жым-жырт,
Әнге көңіл жіберіп тұрды елжіреп.
Достарыңызбен бөлісу: |