6-8 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жасөспірімдер арасындағы олимпиаданың іріктеу турының тапсырмалары


Төмендегі шығармаларды авторларымен сәйкестендіріңіз



бет2/3
Дата17.04.2017
өлшемі412,66 Kb.
#14118
1   2   3

6. Төмендегі шығармаларды авторларымен сәйкестендіріңіз

1. «Гүлстан»

2. «Қиссасу-л-Жүсіп»

3. «Қиссасу-л-әнбия»

4. «Хұсырау уа Шырын»

5. «Жұм-жұма»

А) Әли

В) Рабғузи



С) Сәйф Сараи

D) Хусам Кәтиб

Е) Құтба
7. Төмендегі тарихи прозалық шығармаларды сипатталатын тарихи кезеңдерімен сәйкестендіріңіз

1. «Қилы заман»

2. «Қаһарлы күндер»

3. «Дарабоз»

5. «Қызыл жебе»

6. «Қаһар»


А) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы тарихи оқиға

В) 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс оқиғасы

С) ХІХ ғасырдың ІІ жартысы, ХХ ғасыр басындағы тарихи –саяси жағдай

D) ХІХ ғасырдың екінші ширегіндегі тарихи көтеріліс

Е) ХҮІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі тариғи жағдай
8. Абай лирикаларын тақырыбына қарай сәйкестендіріңіз

1. Ем таба алмай,

От жалындай,

Толды қайғы кеудеге.

Сырласа аламай,

Сөз ашаш алмай,

Пендеге
2. Назына кім шыдар,

Бұраңдап жүр шығар,

Қасқая күлгені,

Қылады тым құмар.

Ер емес қымсынар,

Әркім-ақ ұмсынар,

Құдай-ау бүл көңілім,

Күн бар ма бір тынар?


3. Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,

Сүйіп, жылып тұрады жан лебізің.

Қызыл арай сары алтын шатырына,

Күннің кешкі кіргенін көрді көзім


4. Күн жиылып ай болды, он екі ай – жыл,

Жыл жиылып, қартайып қалғаны – бұл.

Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,

Жалғаны жоқ бір Тәңірім, кеңшілік қыл


5. Болмасын кекшіл,

Болсайшы көпшіл,

Жан аямай кәсіп қыл;

Орынсыз ыржаң,

Болымсыз қылжаң,

Болама дәулет, нәсіп бұл?

Еңбек қылсаң ерінбей,

Тояды қарының тіленбей.

Егіннің ебін,

Сауданың тегін,

Үйреніп ойлап, мал ізде;

Адал бол – бай тап,

Адам бол – мал тап,

Қуансаң қуан сол кезде;

Біріңді қазақ бірің дос,

Көрмесең – істің бәрі бос.


А) Философиялық лирика

В) Азаматтық лирика

С) Табиғат лирикасы

D) Көңіл-күй лирикасы

Е) Махаббат лирикасы
9. Дулат Исабековтің кейіпкерлерін туындыларымен сәйкестендіріңіз

1. Бағила

2. Сафура

3. Қажымгүл

4. Салтанат

5. Зейнеп


А) «Пері мен періште»

В) «Қарғын»

С) «Өкпек жолаушы»

D) «Тіршілік»

Е) «Гауһар тас»
10.Мұхтар Мағауиннің туындыларын мазмұны бойынша сәйкестендіріңіз

1. ХІ-ХХІ ғасыр аралығындағы ұлтымыздың тарихы, саяси өмірі мәдениетінің көкейкесті мәселелері қозғалатын хикаят.

2. Адам рухының асқақтығы түз перісінің қаһарлы мінезімен астастырыла, шендестіріле суреттелген, қазақтың аңшы –мерген бейнесін сомдаған психологиялық роман
3. Қазақстанның қазіргі саяси –қоғамдық өміріндегі шешімін таппаған келелі мәселелер сөз болатын роман
4. Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдар аралығында интеллигенцияның, оның ішінде ғалымдар өмірінің кейбір сыр ­сипаттары суреттелетін хикаят («Қара қыз»)
5. Кеңес дәуірінде жеке адамның күрделі табиғатын ашу үшін өзі өскен ортасы мен жан-жануарлардың тіршілігін байланыстыру үрдісіне сүйеніп ауыл өмірі мен ауыл адамдарының мінезі суреттелетін хикаят
А) «Қара қыз»

В) «Жармақ»

С) «Шақан шері»

D) «Тазының өлімі»

Е) «Қыпшақ аруы»
11. Жазғытұрымғы тіршілікті суреттеген ақындардың өлеңдерін сәйкестендіріңіз

1. Сәуірде алуан-алуан жауар нөсер,

Нөсердің қуатымен жер шөбі өсер.

Көкөрай дүние жүзі шалғын болып...

Жан, айуан, адамизат бауырын төсер.

Жан-жәндік рахат тауып түру үшін

Ұшпақтан хош иісті желдер есер.

Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен,

Құдайым дәрмен бол деп етер пәрмен.

Бір малы шаруаның екеу болып,

Қыстаудан ел шығады алуан-алуан.

Күлісіп, құшақтасып әзіл етер,

Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған...

Жүгірер киік, құлан тау мен қырда,

Қуанып ықыласпен келген жылға.

Алыстан мұнарланған сағымдары

Шақырып тұрар күліп кел деп мұнда.
2. Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің түрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойыны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Туйе боздап, кой қоздап - қора да шу,

Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,

Жүмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.

Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,

Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауыл баз.

Құс қатарлап байлаған қанжығаға

Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.


3. Жаз шығып, жазғытұры,

Анау мал толып жатқан.

Жайнаған терең сайлар,

Ойнаған құлын, тайлар.

Ел қонып көл жағалай,

Өріске малын айдар.

Гүл өсіп гүл-гүл жайнар,

Бұтақта бұлбұл сайрар.

Тіріліп құрт-құмырсқа,

Жер жүзі быж-быж қайнар.

Сұлу жүр сылаңдаған.

Күлімдеп қыландаған,

Ерініп бір басуға,

Жас талдай бұраңдаған.

Қыдырып жігіт сылқым,

Ерігіп күнде дарқан.

Жеңгесі жылы жүзді,

Ат қойып кенже қалқам.

Аспанда күннің нұры,

Мақпалдай жердің түрі.

Қуаныш мал мен жанда,

Қыс шыққан өлмей тірі.  


4. Ой, балалар, балалар!

Жылы-жылы жел соқты,

Жылғалардан су ақты.

Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,

Жер қарайды: жаз кепті.

Желкілдейді көк майса.

Желіндейді мал жайса.

Ауыл көшті қыстаудан,

Әне, апамдар қой сауған,

Құс ұясын түзеді,

Тайымды ағам күзеді.

Ел ешкісін қырқыпты.

Егіндерін жыртьшты.

Ой, балалар, балалар.

Ойналық та күлелік,

Қос басына мінелік.


5. Май кірді, жер құлпырды, гүлдер жайнап,

Жібектей көкорайлар жатқан жайрап,

Сұлудай бұраңдаған бұтақтарда

Ән салып әр түрлі құс тұрған сайрап,

Суықтан тоңып өлген шыбын-шіркей

Тіріліп, қанат қағып, быж-быж қайнап,

Аспанда күн күркіреп, от жарқылдап,

Жылы жел қара бұлтты тербеп айдап.

Уызға жаңа тойған жас құлынды

Шыңғыртып жылқышылар ұстап, байлап,

Азырақ күйлі шыққан қысыр тайын

Балалар шапқыласқан мініп жайдақ .

Қыс қысқан арық-тұрақ, жаман-жәутік

Кетті ғой әлдеқашан тырақайлап.

Жаратқан жанға рахат жазғытұрды

Шүкір қыл бір Аллаға «я, құдайлап».


А) М.Жұмабаев

В) Ы. Алтынсарин

С) Ж.Аймауытов

D) М.Дулатов

Е) А. Құнанбаев

12. Төмендегі балалардың мінездеулерін кейіпкерлерімен және авторларымен сәйкестендіріңіз

1. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де тез көне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті. Ең жақсы қасиеті - ешкіммен төбелсіп, сөзге келмейтіндігі еді. Бір-екі рет кейбір шатаққұмар балалар тиісіп ие көрген өзіне. Аян үндеместен қабағын түйіп, ондайлардан сырт айналып кетіп жүрді.


2. Ох, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес. Осы ауылда оны алуға жарайтын бір ғана ұстара бар - ол Әубәкірдікі. Оның өзі де алғаш салған бетте тұтқырланып, жүрмей қалады. Шашымды ор алған сайын Әубәкір мені бірінші рет кездестірген адамдай таң қалып бітеді.

- Япыр-ай, мұндай да шаш біте береді екен-ау! Мынау шаш емес, тікенек қой. Тікенек. Мінезіңнің шатақтығы осыдан-ақ көрініп тұр.

3. Біздің ішімізде менен екі-үш жас үлкендігі бар бір атты бала болушы еді. Әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын жасқаншақ еді. Бәрімізден гөрі ерекшелігі, таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын ол ортамыздағы білгішіміз, аузымызды ашып тыңдар абызымыз сықылды.

4. Ол жалғыз өзі ең артқы партада отырды. Далдың-дұлдыңы жоқ, көп сөйлемейді, жұрт құсап орынсыз ыржақтап күле де бермейді. Әлде кербез, әлде сібер, мүмкін тәкаппарлығы да бар шығар, өйгеуір басқалардан пысы биік.


5. Жер шетінде жатқан балалар үйіндегілердің орысша оқып, орысша сөйлейтінін неге білмесін. Білу бар да, көзбен көріп, қолмен ұстау бөлек екен. Соңғысы алдыңғыдан он есе ауыр ма деді. Сырт көзге Манап сабырлы, салмақты көрінгенмен жетім өскен адамның мінезі бұған да жұққан; ешкімге сыр бермесе де іштей қиналып, іштей желінетін. Аға төрбиешіні дер кезінде есіне түсірді де, бойын жинады. Оның амандасу үшін солаңдатып ұсынған қолын ұстай алды да, сілкіп өзіне тартып, төсіне төс тигізді, маңдайынан иіскеді. Тіп-тік бозбала иілмеді, ағаштан шабылған жансыз мүсінді құшақтағандай болды. Шашынан шыққан арзан қол сабынның иісі кеңсірігін жарды. Эльжбета Сергеевнадан қысылды ма, Ол бетін алып қашып, құшағынан сытылып шыға берді
А) Оралхан Бөкеев «Тортай мінер ақбоз атындағы» Тортай

В) Қалихан Ысқақтың « Қоңыр күз еді» Алтын

С) Марат Қабанбаев «Бауырындағы» Қали

D) Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасындағы» Қожа

Е) Сайын Мұратбековтің «Жусан иісіндегі» Аян
13. Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» романындағы портреттуді көрсетіңіз

1.«...жауырыны кең, тесі жалпақ болғанмен, дене құрылысы асып кеткен ірі емес, ортадан аз-ақ биік екен, бұл топта одан биік те, денелі де кісілер бар?.. Кескіні бір сыдырғы көркем екен: имектеу зор мұрынды, қалың қабақты, қою қасты, үлкен қара кезді, атжақты, қою, ұзын қара сары мүртты, дөңгелектеу қою қара сақалды... жауырыны кең, тесі жалпақ болғанмен, дене құрылысы асып кеткен ірі емес, ортадан аз-ақ биік екен, бұл топта одан биік те, денелі де кісілер бар?.. Кескіні бір сыдырғы керкем екен: имектеу зор мұрынды, қалың қабақты, қою қасты, үлкен қара кезді, атжақты, қою, ұзын қара сары мүртты, дөңгелектеу қою қара сақалды»

2.«Шәкет – он бес, он алтыдағы жас бала. Пәлен сұлу да емес. Бірақ бет пішіні, көз қарасы неше алуан құбылады. Кейде қасын керіп құбыла қалады; кейде назданғандай көзін қысып қылымсиды, кейде сені сүйем дегендей құлықтанып терең қарайды; кейде көзін жалт еткізіп жайдарлана қалады. Әйтеуір тоқсан құбылып отырған бір көз».
3.« Аз күткеннен кейін, ағаштан шыға берген ұзыншалау денелі, қалаша киімді біреуді «сол болар» деп қарсы барсам: аққұба өңді, сопақтау қушық бетті, ұшы істік қыр мұрынды, көк көзді жас жігіт. Кескіні аумаған орыс...»

4.«Басы әдеттегі адамның басынан әлдеқайда үлкен, қоп-қою қара қасы қалың қабағын түгел жапқан қалың, томпақ үлкен көзді, кең бетті, қоңқақ зор мұрынды, жалпақтау бетінің шықшытынан басқа жерін түгел жауып ұйыса біткен, қылы жуан қара сақалды, аузын жаба төмен салбыраған басылмайтын қою қара мұртты, бықыр, қысқа мойынды, кең жауырынды, жуан денелі, орта бойлы ....күні бүгінге дейін еске алсам, менің көзіме зор денелі қара аюды елестетеді. Жасы кіші адамдар оны «Бәтеқ»дейді.»

5.« Оның маған қаншалық әсер беруін баяндаудан бұрын, көз алдымда қалған елесін сипаттайын: орта бойлы, жауырындылау келген ашаң денелі, сопақтау аққұба кескінді әжімі қатпарланған кең маңдайлы, жіңішкелеу қасты, қоңқақтау мұрынды, кішірек көзді, сақалынан басқа жерін ұстарамен басқан, сұйықтау қара буырыл мұртты, тұтамдай ғана қара буырыл шоқша сақалды, жүқа ерінді, сүйірлеу иекті, ұзын мойынды, ұзын нәзік саусақты адам сияқты еді...».

14.Қазтуған жыраудың толғауларын анықтаңыз

1.Таудағы тарлан бөрі едім,

Тарылған сынды тынысым.

Кейінгі өскен жас бала,

Ақ балтырын түрініп,

Басарына ерініп,

Көкірегі күйініп,

Тек тірлікке сүйініп,

Ықтиярсыз жүгіріп,

Аузы түкті кәпірдің

Етпегей еді жұмысын!

Бұл қоныстан кетпесең,

Мұны талақ етпесең,

Екеу-екеу сөйлесіп,

Біздің кейінгі өскен жас бала

Аузы түкті кәпірдің

Соқпаса екен пайдасын!
2.Арыстандай екі бұтын алшайтып,

Арғымақ мінген өкінбес.

Кілең бұздай кілшейтіп,

Көбелер киген өкінбес.

Жұпарын қардай боратып,

Арулар құшқан өкінбес.

Торы төбел ат мініп,

Той тойлаған өкінбес.

Құрама шапшақ көп қымыз

Құйып ішкен өкінбес.

Екі арыстап жау шапса,

Оқ кылқандай шаншылса,

Қан жусандай егілсе,

Аққан судай төгілсе,

Бетегелі Сарыарқаның бойында

Соғысып өлген өкінбес!


3.Арғымақтың баласы

Арыған сайын тың жортар,

Арқа мен қосым қалар деп;

Ақ дария толқын күшейтер,

Құйрығын күн шалмаған балығым

Ортамнан ойран салар деп;

Азамат ердің баласы

Жабыққанын білдірмес,

Жамандар мазақ қылар деп!
4.Билер атты би соңы,

Би ұлының кенжесі,

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,

Бұлұт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кәуірдің

Арасын өтіп бұзып дінді ашқан


5.Басы саудың түгел-дүр

Толған тоғай малы-дүр.

Тоқтамай соққан толағай

Толастар мезгіл жеткей-дүр.

Керегеге ілінген

Шабылмаған семсер тұр.

Жаудан алмай кегімді,

Есіл де өмір өткен құр.

Азап шектім аралда

Ханға қарсы тұрам деп.


15.Алпамыс батырдың жекпе-жектерін көрсетіңіз

1.Қарсыласып қалысты,

Тайынбай найза салысты.

Біріне-бірі лағып,

Екі найза қағысты.

Осыменен екеуі,

Біраз жерге барысты.

Найзаларын тастасып,

Қылышпенен салысты.

Ат үстінен жүгіртіп,

Бірін-бірі шабысты.

2. Жайықтың бойы қамыс-ты,

Бермейміз деп намысты

Екі батыр екпінмен

Жақындасып қалысты.

Итерісіп тұрысты,

Ат тізесін бүгісті,

Бүгісе-бүгісе тұрысты,

Бір-біріне ұмтылып,

Тақымдары құрысты,

Он саусағы қарысты

Бірін-бірі ала алмай…

От шығады ұртынан,
3. Әне-міне дегенше

Екі қолын сындырды

Ұрыстан өзін тындырып,

Екі қолын сындырып,

Доңыздай қалмақ шыңғырды.

,Енді бала құтырып,

Ителгідей жұтынып,

Жетіп келді ұмтылып.

Жағасынан ұстады,

Буындырып қалмақты.

Ат үстінен мұштады

Бағана жеген құйрығын

Ә дегенде тастады.

4. Толғады батыр найзаны,

Жалғыз жаумен ойнады.

Жауды еркіне қоймады,

Көтеріп салған көк сүңгі,

Тіріде қанға тоймады.

Бір уақыт болғанда ,

Суырды белден қанжарды,

Жауға таман барады.

Қалмақтың көбі шалбарлы,

Шалбарлыны сермеді,

Іліндірді сағақтан,

Бауыздады тамақтан.

Қарсы алдына қараса,

Адам шыдар ер емес,

Қар жаудырды қабақтан


5. Осыны айтып болды да,

Шыға келді құтырып.

Ителгідей жұтынып,

Басқа қалқан төңкеріп,

Күрзісін келді көтеріп,

Өзінен басқа жан жоқтай,

Жетіп келді ұмтылып.

Қарсы ұмтылды батырың,

Ақ тұйғындай құнтиып,

Ауадан құйған тұйғындай,

Бір ұрып кетті сыпырып.

Ұшып кетті кәлләсі,

Денесі қалды домалап,

Астына мінген керігі,

Шыға келді ойнақтап,

Жап-жалаңаш сытылып


16.Күлтегін жырының мәтін үзінділерін анықтаңыз

1. Ілгері  Шаңтұң жазығына дейін жауладым,

Теңізге сәл жетпедім.

Түстікте  Тоғыз Ерсенге дейін жауладым,

Тибетке сәл жетпедім,

Батыста Інжу өзенін кеше

Темір қақпаға дейін жауладым.

Терістікте  Байырқы жеріне дейін жауладым,

Осыншама жерге дейін жорыттым,

Өтүкен қойнауының нағыз иесі жоқ еді,

бірақ ел тұтатын жер осы

Өтүкен қойнауы еді.

(Дәл) осы жерде отырып,

табғаш халқымен табыстым.


2. Әскері үш мың екен,

Біз екі мың едік.

Соғыстық,

Тәңірі жарылқады, жеңдік.

Өзенге түсті, жеңдік.

Жол үстінде өлді көп.

Сөйтіп, оғуз түгел бағынды

Әскері үш мың екен,

Біз екі мың едік.

Соғыстық,

Тәңірі жарылқады, жеңдік.

Өзенге түсті, жеңдік.

Жол үстінде өлді көп.

Сөйтіп, оғуз түгел бағынды

3. Соңындағы інілері қаған болған,

Ұлдары да қаған болды.

Соңындағы інісі ағасындай болмады,

Ұлдары әкесіндей болмады.

Біліксіз қағандар отырған екен,

Жалтақ қағандар отырған екен.

Әміршілері де біліксіз екен,

Жалтақ болған екен


4. Сонда өш адамдар былай иландырып еді.

"Жырақ болса, жаман сыйлық берер,

Жақын болса, жақсы сыйлық берер",  деп.

Осылай иландырып еді.

Білімсіз кісілер сол сөзге нанып,

Жақын барып, көбің қырылдың


5. Жаулар бектен ұйықтады (қажыды)

Соны (Бектің күшін) көріп азғындады.

Өлім оларды қонақша қабылдады

Ауыздарына у ішірді (құйды).

Оны (жауды) қуып жетіп сүңгіледі ( найзамен шанышты)

(Жаудың) басына жаңа (жара) қасырат орнатты.

Ерлер байып мұңылады (арылды, қуанышқа бөленді)

Олардың (жаудың) батырларына бұғау салды.


17.Шортанбай Қанайұлының толғауларын көрсетіңіз

1. Ертістің бойы ен жайлау,

Көшіме түсті бір байлау.

Алғанын мұжық аз дейді,

Жер қосып тағы жаз дейді.

Келіп те қапты төресі,

Жоқ шығар бізге бересі.
2. Заманның қандай түрінен

Сыбағалап берейін.

Заманым түгіл ел азды,

Ел ішінде ер азды.

Айқын-айқын сулардың

Балығы кетіп көл азды.

Ағадан кетті ағалық.

Ініден кетті інілік.

Інісі болды терен жар,

Жүрмеді аға сүрініп.

Атаның салган ақ жолы,

Тоқтап қалды кідіріп.

Ағадан кетті ағалық.

Ініден кетті інілік.

Інісі болды терен жар,

Жүрмеді аға сүрініп.

Атаның салган ақ жолы,

Тоқтап қалды кідіріп.


3. Көз көрген қазақ батыры,

Алысқа кеткен дағбыры.

Хан Кенедей ер қайда,

Шейіт боп кеткен тағдыры!?

Өлшеулі күні біткен соң,

Алладан ажал жеткен соң,

Кәпір салған тұзаққа

Ілініп бір кеткен соң,

Қош - қош айтып еліне,

Самалды шалқар көліне,

Құбақан сағым беліне,

Иманын тілеп алладан,

Көзден таса ақыры.
4. Сол заманның ішінде

Сиыр деген пұл болар,

Алтын, күміс тас болар,

Арпа, бидай ас болар,

Бірігіп жан тусаң да,

Қарап та жүріп қас болар.

Мініп көрер күші жоқ,

Сауып ішер сүті жоқ,

Алтын, күміс тас болар,

Арпа, бидай ас болар,

Бірігіп жан тусаң да,

Қарап та жүріп қас болар.

Мініп көрер күші жоқ,

Сауып ішер сүті жоқ,

5. Аллалап азан шақырса,

Аузына харам салмаса,

Шипалы жерге бармаса,

Ақ кәләмді оқыса,

Алланың берген санасын

Кеудесіне тоқыса,

Шариғаттың жолы деп,

Әдеп бір етсе мұртына,

Өсиет етсе жұртына,

Ақ кәләмді аударған-

Ол пір ұлына жарасар.
18.Мұхтар Әуезовтің табиғат құбылыстарын суреттеген әңгімелерін табыңыз

1. Қарадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-кабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа боз қараған, тобылғы басқан.

Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Бастары көгеріп, бүрленіп қалған қалың қараған жел лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып теңселіп, ырғалып қояды. Маңайдан жуалардың, жас шөптердің исі келеді.

2. Суық, қыстың орта кезі. Күн түске тақап қалған. Аспанда бұлт жоқ, ашық. Жарығы көз тайдыратын нұрлы күн бүгін жазғы түріне түскендей болып, өзгеше жарқырап тұрса да, ызғарлы қар, суық ауа қызуын жоғалтып, жарығына жансыздықтың табын басып тұрғандай.

Жер қарлы. Үш-төрт күннен бері қарай айықпаған шыңылтыр аяз бүгін де мықырлап білініп тұр. Күншығыстан соққан баяу жел суықтың көрігіндей болып, ызғарды көбейте түсті. Кейде сүйкеп өткен салқыны бетті шымырлатып, денені тоңазытады.

3.Январь айының аяқ кезі. Күн батуға тақап қалған мезгіл. Күнбатыс батуға айналған күннің қызғылт сәулесімен нұрланып, қызыл торғынның түсіндей болып тұр. Күнге жақын тұрған ұзынша, жұқалаң бұлттардың түсі қалың өртке қызған темірдей қып-қызыл. Төбеге жақын тұрған алысырақ бұлттардың бір-бір жағы ғана жұқалаң қызылға боялған асыл нұрдың буын ғана жалатқандай. Қызғылт сәулесін дүниеге жайып тұрған күн шарасымен тұтас көрініп тұр. Аспан ашық. Берірек тұрған аз ғана ала-шұбар бұлттар кең жаһанның жүзіне перде болған жоқ.

4. Дала боран, жел ысқырады, ұлиды. Сақылдап күлгендей болады, сарнап жылағандай болады. Қараңғылық түнеріп, тұлданған күннің ызғарымен әлемді құшағына алып тұншықтырыи бара жатқан секілді!    Дала боран, жел ысқырады, ұлиды. Сақылдап күлгендей болады, сарнап жылағандай болады. Қараңғылық түнеріп, тұлданған күннің ызғарымен әлемді құшағына алып тұншықтырыи бара жатқан секілді!
5. Жазғы күннің ыстығы қайтып, кеш батуға тақалған. Даланың кешкі салқын желі ауыл отырған өзекте аз-аздап білініп келеді. Күн сары белден асып, ұясына кіруге айналған.

Таудың кешкі көлеңкесі ауыл үстіне түсіп, мүйнет сайын қоюланып келеді. Қоңырқай-сұрғылт түсі тұтасып, жер бетіне тарап барады. Қоңыр-салқын майда жел жұмсақ демалысымен жан иесін түгел сергіткендей.



19. Шыңғыс Айтматов шығармаларындағы мамандық иелері кімдер?

1. Теміржолшы Мәлібек жалпақ алақанын аударып-төңкеріп отырып миығынан күледі. Екі иығы селкілдейді. Жауырыны еңкіш еңгезердей кісі үнсіз жылап отырғандай елестейді.


2. Саадат трактор бригадасында прицепщик болып істегендіктен, көбіне далада жүреді. Оның үйге әр келгені Зейнеп апай үшін үлкен бір той.
3. Шешесі Жаһанкүл совхоздың почта бөлімінде телефонистка боп істейді. Жыл сайын жаз шығысымен жүн қырқуға араласатын. Ертеден қара кешке дейін «алло-аллодан» жағы тынбай ақпар, бұйрықтар, асығыс хабарлар, қала берді ағайын арасындағы есен-саулық, сым арқылы туып жататын ұрыс-керіс, айқай-шулардың тоқсан түрлі қияпаттарын көз ілестірмей жалғастырып, түйістіріп, табыстырып жүруге әбден төселіп алған.

4.Ол жауапқа Қаратайдың көптен бері бойы үйреніп, шындығына әбден көзі жеткен. Неге десеңіз өзінің мұраптық міндетін Қаратай ешкімнен кем атқармайды. Мұраптың өзіне тән міндеттері бар: ол -колхозға жіберілген суды көрсетілген нормамен арық-арыққа бөліп береді. Бітті шаруа, одан арғысын басқарма біледі, бригадирлер біледі.

5. Келер күндер Нұрбек өмірінің ең бір үлкен, қызық шақтары болмақ. Ол шалғай жатқан тау бөктеріндегі тың жерде ұйымдастырылған совхозға механик боп барады. Ол - сонда алғаш баратындардың біреуі. Берген мінездемеде завод парторгы оны іскер маман, ойлы, парасатты механик, сондықтан да оның завод сенімін ақтайтындығына партком кәміл сенеді деп жазды...

20.Күлаш Ахметованың өлеңдерін анықтаңыз

1. Мәрмәрдей әппақ қала, шөлдi мекен,

Түнiң де мойылдайын мөлдiр екен.

Алматыны мақтайды жұрттың бәрi,

Солар осы Ақтауды көрдi ме екен?

Бұрынғы дала емес бұл қурай басқан,

Iргесiнде теңiз боп тулайды аспан.

Асфальт жол түйелерден үркiп кетiп,

үй-үйдiң арасымен зулай қашқан.

Өр толқынға құмарта қарағам мен,

Бабалар рухына балағам мен.

Бiреулердiң тiлi өтiп кете ме деп,

Теңiзiңдi бүркеймiн орамалмен.

Ал теңiз  шапшаңдықты құптайтындай,

Толқындары жүгiрер құйттай тынбай.

Мұнда ғажап жайдары сергектiкпен,

Қара түн түрегелiп ұйықтайтындай.

Алыстан қарап тұрар таулар күндiз,

Көшеде самсай өскен баулар құндыз.

Бағандардың басына қалған iлiнiп,

Авторы жоқ аспаннан жауған жұлдыз.

Тұрғындары - ғажайып кеншi халық,

Алматыға елiктер өршiл алып.

Ақтауың да ержеттi.

Келер жазда, Алатау-ай,

Ақтауды көршi барып.


2. Жасыл дала, жасыл қыр, жасыл ғалам,

Жасыл нұрмен, табиғат, асыл бағаң.

Жасыл дала төсінде ойнайды Ертіс -

Еркелігі әлі де басылмаған.

Ертіс бойын жағалап ұшар әнім,

Тұнығынан иіліп іше аламын.

Кенет... түсті есіме шөлдеп жатқан

Ауылым - менің құйттай Үшаралым.

Жасыл дала, жасыл қыр, жасыл ғалам,

Жасыл нұрмен, табиғат, асыл бағаң.

Жасыл дала төсінде ойнайды Ертіс -

Еркелігі әлі де басылмаған.

Ертіс бойын жағалап ұшар әнім,

Тұнығынан иіліп іше аламын.

Кенет... түсті есіме шөлдеп жатқан

Ауылым - менің құйттай Үшаралым.

3. Жайнаған гүлдей жамалы бөлек кентімсің,

көктемнің нұры көркіңді сенің келтірсін.

Ғимараттарымен кеңейіп қанат сермеген

Қазақстанымның еркесіндейсің, еркінсің.

Шаһарым менің, шаттығым, әнім, шәрбатым,

шапағаттанып жатасың-ау сен таңда тым.

Шілдеде - гүлге, ақпанда - қарға бөленіп,

шәйі бүлттардан шәді байлаған Алматым!

Жайнаған гүлдей жамалы бөлек кентімсің,

көктемнің нұры көркіңді сенің келтірсін.

Ғимараттарымен кеңейіп қанат сермеген

Қазақстанымның еркесіндейсің, еркінсің.

Шаһарым менің, шаттығым, әнім, шәрбатым,

шапағаттанып жатасың-ау сен таңда тым.

Шілдеде - гүлге, ақпанда - қарға бөленіп,

шәйі бүлттардан шәді байлаған Алматым!

4. Өнерлі орда, аспаны ән,

Жаңбыр - нұрмен жуынған -

Көшіп кеттің, Астана -

Жауһар Жетісуымнан.

Алатаудан бата алған,

Арқадағы қаламсың.

Қаратаудан апарған

Қара мәрмәр қалансын.

Ақтауымнан алынған

Ақтастарым көрінсін.

Көкшетаудан шағылған

Көк тастармен өрілсін.

Асқақ тұрған қалпы - айбын,

Айбатымен танылсын.

Ағашынан Алтайдың

Айшықты есік салынсын.

5. Қыстағы байсалдылық былай қалып,

Жайықтың суы жатыр ылайланып.

Бұлқынған сағынышпен жүректердей,

соғады жарға толқын шыр айналып.

Толқынын Ақжайықтың тамашалап,

қиялдар жетелейді қарасам-ақ.

Кейде үнсіз, кейде долы - ерке мінез,

өзіңе осы кейпің жарасады-ақ!

Жайығым - ата қоныс, игі мекен,

ақ бурыл толқындарың жүйрік екен.

Құшасың құмарлана жағалауды,

өзіңді о да бір кез сүйді ме екен...

Кей сәтте байсалдысың, ақылдысың,

кей сәтте сескендірер батыл күшің.

Қаншама ұмтылсаң да кең далаға,

аса алмай жаға-жардан жатырмысың?!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет