Байланысты: Апта 6. лек. Отбасы және қазіргі заман
Қорғау функциясына келетін болсақ, онда отбасы институты өз мүшелерін әр түрлі деңгейде физикалық, экономикалық және психологиялық тұрғыда қарастырады. Отбасы институты қоғамдық басқа институттардың арасында ерекше орын алады, оны жете зерттеуге де айрықша көңіл бөлінеді. Өйткені отбасы ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалатын мәдениет үлгілерін одан әрі жалғастырушы, ілгері апарушы болуымен қатар, тұлғаны әлеуметтендірудің қажетті жағдайын да қалыптастырады. Адам әлеуметтік рөлдерді тек отбасында ғана үйренеді, білімнің негіздерін алады, мінез - құлық дағдыларын қабылдайды.
Отбасылық әмір ережелері, олардың алғышарттары мен бастаулары, салт-дәстүрлері әр коғамда өзіндік өзгешеліктері арқылы ерекшеленеді. Оз қоғамындағы отбасылық өмірдің құрылымы, отбасылық дәстүрі мен бастаулары әркімге ең тәуірі, бірегейі болып көрінеді. Сөйтіп, отбасылық өмір көбіне-көп этно центризм тұрғысынан қарастырылған. Отбасы қоғамның маңызды бөлігі болып саналады десек, онда неге адамзат бәріне ортақ отбасы үлгісін жасамайды? - деген сауал туады. Бұған жауап беру үшін отбасы институтының шығуы мен дамуы туралы мәселені қарастыру қажет.
Көптеген қарапайым қоғамда отбасы ешкімге ұқсамайтын бірден-бір дара тұрған ерекше өміршең және функция атқарушы институт болып есептеледі. Айталық, казіргі Орталық Африка тайпалары мен Солтүстіктің көптеген халықтарында әлеуметтік институттардың басқа елдерге тән езге формалары байқалмайды. Оларда әр деңгейдегі билік етушілер, формалды заңдар, дін қызметшілері, мамандандырылған кәсіпкер жоқ. Бұл коғамдағы адамдардың бүкіл өмірі отбасында ғана өтеді. Билікті, азық-түлікті және өзге де құнды ресурстарды бөлу мәселелері бір ғана отбасының шеңберінде, тіпті әрі кеткенде бірнеше отбасының кеңесінде ғана шешіледі. Бір сөзбен айтсақ, қарапайым коғамдарда әлеуметтік институттар қанағаттандыруға тиісті физикалық және әлеуметтік қажеттіліктер болмайды. Ондай коғамдарға отбасы институты жеткілікті. Сайып келгенде, отбасы қарапайым аңшылар мен жер ендеушілер үшін экономикалық өнімдерді бөлудің бірегей үлгідегі жеке-дара және жеткілікті институты болып табылады.
Бұған қарағанда біршама күрделі мәдениет деңгейіне көшу кезінде басқа институттық құрылымдар үлкен маңызға ие болады. Қарапайым тайпалардың өзіне етене жақын адамдармен және әзге де көрші тайпалармен сауда-саттыққа кешуі саудагерлерді, тауар тиеушілерді және т.б. отбасы институтының шеңберінен өрбитін мамандықтарды қалыптастырды. Бұлардан сәл кейін сауда өнімдерін өндіретін арнайы шеберлер мен қолөнершілер пайда болады. Олар кәсіби жүктелістің одан әрі іске асуының негізіне айналады. Пайда болған экономикалық институттар отбасылық рөлдер мен функциялардан тыс қызметтерді мамандандыруды жүзеге асырады.
Қарапайым қоғамдарда тәртіпті сақтау мен орнықтыру әлі де ресми заңдардың, полиция органдарының, соттың қатысуынсыз-ақ қолдау тауып отырады. Онда отбасы ғана бедел иесі болып саналады: отбасының ішінен сайланған бедел иесі оның өзге мүшелеріне ез билігі мен ықпалын жүргізеді. Тайпа көлемінің ұлғаюына байланысты мәдениет те күрделене түседі, сөйтіп енді формалды саяси ұйымдардың кажеттілігі туады. Отбасыларының от ағалары тайпалық кеңестерге біріге бастайды, тайпалар - конфедерацияларға бірігеді, түптеп келгенде, мұнын өзі бюрократияның пайда болып, дамуына әкеп соғады.
Сайып келгенде, қарапайым коғамда немесе казіргі коғамда болсын саяси ұйымдардың қалыптасуы ғана ұйымдаспай келген адамдар тобырын бірлескен, үйлесімді саяси немесе әскери әрекеттер жасай алатын адамдар қауымдастығына біріктіруге ықпал етеді. Дәл осындай жолмен, яғни кәсіби еңбек бөлінісінің аркасында дін кызметкерлері мен мұғалімдердің заңдастырылған рөлдері пайда болып, дін және білім институттары дами бастайды. Адамдар мұндай тәжірибемен өте сирек айналысатындықтан, бұл отбасы дәстүрімен шендеспейді. Демек, отбасы бүкіл әлеуметтік институтардың негізі болып саналады, біз отбасылардың дамуын сөз еткенде жалпы қоғамның дамуын қарастырғандай боламыз.
Коғамның өзге де институттары сияқты отбасы да коғам үшін маңызды белгілі бір функцияларды атқару үшін қабылданған нормалар мен процедуралардың жүйесін құрайды. Бұл жағдайда отбасы неке немесе адамдардың туыстық қатынастары арқылы байланысқан топ ретінде анықталады. Ол балаларды тәрбиелеуді қамтамасыз етеді және басқа да қоғамдық маңызы бар қажеттіліктерді қанағаттандырады. Көптеген коғамдардағы отбасы функциялары бір-бірінен соншалық деңгейде ерекшелене қоймайды, ал отбасында қалыптасқан дағдылар мен әдет-ғүрыптар осы функцияларды жүзеге асыруда адамдарға үлкен көмек көрсетеді. Алайда, бұлар мейлінше әр түрлі болады Отбасылық өмірдің бүкіл түрлерін, бітім-болмысын теріп жазатын болса, онда әр коғамның отбасын құрудағы өзіндік ерекше формасының болғанын аңғару киын емес.