Байланысты: Апта 6. лек. Отбасы және қазіргі заман
Зерттеулердің қорытындыларын сараласақ, жас адамдардың біраз бөлігі некеге отырғанда отбасына жат әрекеттерді басшылыққа алып, соларға сүйенген. Мысалы, ата - анасының жанынан, сол езі өскен отбасынан кетуге, өз бетінше жеке-дара жауапты кадам жасауға, біреуден кек алуға немесе тандап алған досына серік болуға ниеттенеді. Әлбетте, некеге бұлайша атүсті, жауапкерсіздікпен қарау, бірігіп түтін түтетуге сай келетін мақсат-мүдделердің болмауы, түптеп келгенде, ерлі-зайыптылардың алдына біршама қиыншылықтарды тосады. Олар — отбасының өзін-өзі билеуі, ерлі-зайыптылық рөлдерді анықтау, әрқайсысының отбасының ішіндегі статусын, әздерінің ортақ мақсаттарын белгілеу жөніндегі міндеттері. 20 жастан аспай үйленгендер арасында некеге отырудың психологиялық дайындығының болмайтыны анықталған.
Жас отбасы әдетте ата-анасынан бөлініп кетпейді және бастапқы кезде материалдық жағынан әке-шешесіне тұтастай тәуелді болады. Мұндай жағдайда жаңадан отау көтерген жастар арасында өз тіршіліктерін өз беттерінше қамтамасыз ету, ондағы отағасылық билік, үй болған жастар арасындағы және олармен бірге тұратын ата-аналарымен өзара дұрыс қарым-қатынас орнату проблемалары туындайды. Бұл проблемалар ерлі-зайыптыларды қалай болған күнде де әрқилы шиеленістерге әкеліп соқтырады.
Ерлі-зайыптылардың ажырасу себептерінің арасында олардың бір-бірінен көңілдерінің сууы және осының негізінде алғашқы махаббат сезімінің жойылуы да жиі кездеседі. Бұл көбінесе үш айдан алты айға дейін ғана таныс болып, бірін-бірі жете білмей үйлене салғандар арасында ұшырасады. Демек, некенің беріктігіне, босағаның солқылдамағына теріс әсер ететін бірнеше алғышарттардың отбасын құрмай тұрып қалыптасуы да ықтимал. Десек те, екі жастың бірлесіп өмір сүру кезінде қалыптасатын бірқатар себептер ерлі - зайыптардың ажырасуына ықпал етеді.