6 Апта. Отбасы және қазіргі заман


Отбасы әлеуметтік топ ретінде



бет10/26
Дата07.02.2022
өлшемі45,15 Kb.
#85795
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
Апта 6. лек. Отбасы және қазіргі заман

Отбасы әлеуметтік топ ретінде
Отбасы — ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.
Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса маңызды талаптары.
Отбасы — белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез - құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.
Сонымен қатар отбасы — некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын төп. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет