6 Апта. Отбасы және қазіргі заман


Халықтың ұдайы өсуі мен күнделікті бала тәрбиелеу жөніндегі мәселелерді бір-бірімен ұштастыратын орта — отбасы



бет15/26
Дата07.02.2022
өлшемі45,15 Kb.
#85795
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
Апта 6. лек. Отбасы және қазіргі заман

Халықтың ұдайы өсуі мен күнделікті бала тәрбиелеу жөніндегі мәселелерді бір-бірімен ұштастыратын орта — отбасы. Ол дұрыс қалыптаспай, сәбидің, баланың жан-жақты дамуы мүмкін емес. Оның үстіне отбасын бұл мәселеде бірде-бір институт немесе ұйым алмастыра алмайды. Отбасындағы тәрбие атаулының барлығына әке-шеше тікелей ықпал етеді. Отбасының күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі өзара қамқорлық пен жылылық сезім, туыстық қарым-қатынастар, басқа да жағдайлар баланың бойындағы кептеген мәні зор әлеуметтік сапаларды қалыптастыратын және оның дұрыс дамуына үздіксіз ықпал ететін тәрбиелік күш болып табылады. Өйткені әке-шешенің үлгі боларлық қасиеттері ұл мен қыздың ой-санасының, таным дүниесінің артуына, адамшылық жақтарының орнығуына әсерін тигізбей қоймайды.
Ата-ананың тәрбиесі сәбидің туған күнінен бастау андып, оның жас ерекшеліктеріне сәйкес күрделеніп, тәрбиенің талап - міндеттері күшейеді. Отбасыда ұлдар мен қыздар тәрбиенің маңызды түрлері - еңбексүйгіштікке, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа және т.б. баулынады. Үй шаруашылығындағы еңбекке жас өспірімдерді тарту, соған жаттықтыру арқылы оларды жұмыс істеуге, оны сүюге тәрбиелеудің маңызы зор. Ата-ананың ішімдікке салынуы баланың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсер етіп, олардың мінез - құлықтарының, тәрбиесінің теріс бағыт алуына, сөйтіп жеткіншектің қылмыс жасауына себепкер болады. Отбасындағы тәрбие рөлінің осылайша құлдырауы отбасы ішінде болып жататын аса өзекті өзгерістерге де тікелей байланысты. Отбасында қалыптасқан дәстүрлі ережеден, яғни шаңырақ иесі — ер адам деген қағидадан ауытқып, ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқығын бір деңгейге қоюда ер адамның тәрбие барысындағы беделін жойып, оның отбасы мүшелеріне ықпал ету дәрежесін төмендетті. Осыдан барып әкесі мен шешесі отбасындағы біртұтас тұлға деген түйсік - түсінікті бойына қалыптастырып, сіңісті алмаған жас өспірімдер әкесі мен шешесі бір-біріне мүлде тәуелсіз, бөтен адамдар деп қарастырады. Әлеуметтанушылардың пікіріне сүйенсек, отбасы тәрбиесінің қалыптасқан бірнеше тұрақты стереотиптері бар: бала центризмі, профессионализмі, прагматизмі.
Бұлардың біріншісінде балаларға деген жалған махаббат бәрін кешірімпаздыққа сайдырып, соған итермелейді. Мұндай отбасында балалар шолжың болып еседі, тыйым салулар мен жүктелген міндеттерді мойындамайды, соның ішінде ата-ананың алдындағы міндетін, борышын да ескермейді. Әдетте осындай балалардың қалыптасуына отбасындағы ересек адамдар ықпал етеді. Әсіресе бұл бір бала өсіріп отырған отбасында және немерелерін өмірде кездесетін қиыншылықтардан қызғыштай қорыған әжесі мен атасының тәрбиесіне берілген балалар бойында жиі кездеседі. Осынын салдарынан әзіне қойылатын жауапкершілікті қабыл алмайтын инфантильді жас адамдар легі өсіп-жетілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет