6-дәріс Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті және арғы түркілердің мәдени мұрасы



бет4/8
Дата20.03.2022
өлшемі7,19 Mb.
#136454
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мәдениет 5-Дәріс Қазақстан көшпелілері мәдениеті (копия)

КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ЖОЛ СЕРІГІ


Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті игеру құралдарына тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру
арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам
жасады. К.Ясперстің пікірі
бойынша, тағылықтан өркениетке өтуде жер
суару жүйелерін жасаумен,
жазудың
ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды.
Жылқыны пайдалана білу шектелген кеңістіктен бүкіл әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу көптеген жағдайда зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн.
Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке,
шығыстан батысқа қарай (немесе керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға енгенін, түрік тайпаларының Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет