Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады. Әсілі, көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар — ұрмалы даңғыра, құрайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы "адырнасын ала өгіздей мөңіреткен" деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіп- тартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалық аспаптың көне түрі болуы
мүмкін.
Көне Хорезм жеріндегі Қойкырылған қала деп аталатын
дөңгелек ойнап
бекіністен домбыра сияқты екі ішекті аспапта отырған
адамдардың бейнесі табылған.
Зерттеушілердің
ойынша, бұл домбыраның
В.В.Виноградовтың
пікірінше,
көне түрі. қазақтың
Академик
домбырасы мен
қырғыздың қобызы сиякты аспап кем
дегенде бүдан екі мың жыл бүрын пайда болған, қазақтың қобызы осы күнгі виолончель, скрипкалардың арғы атасы.