Дәріс 6.
Жоғары май қышқылдары.
Май қышқылдары – карбон қышқылдары, жануарлар мен өсімдік ағзасында бос күйінде кездеседі және липидтердің құрамына кіргенде энергетикалық және пластикалық қасиет атқарады. Май қышқылдары фосфолипидтердің құрамында биологиялық мембраналардың қалпына келуіне көмектеседі. Қанықпаған май қышқылдары адам және жануар ағзасында биологиялық белсенді заттардың биосинтезіне қатысады, сонымен қатар май қышқылдары қан плазмасы жарақаттанғанда қосымша диагностикалық тест болып табылады.
Жоғары май қышқылдар – өсімдік шикізатында қатты және сұйық болып бөлінеді. Қатты майлар қаныққан көмірсутектерден түзіледі де, бөлме температурасында қатты күйде болады, бұл майлар тропикалық өсімдіктер үшін тән болады. Мысалы, медицинада какао майы – Butyrum Cacao кең қолданыста, оны шоколад ағашының (Theobroma Cacao L.) тұқымдарынан алады.
Қатты майлардың компоненттері – лаурин қышқылы – С11Н23СООН; мирис-тин қышқылы – С13Н27СООН; пальмитин қышқылы – С15Н31СООН, стеарин қышқылы – С17Н35СООН.
Сұйық жоғары май қышқылдар құрамында қанықпаған топтар болады, мысалы, олеин қышқылы – С17Н33СООН, линол қышқылы – С17Н31СООН, линолен қышқылы – С17Н29СООН, гидроксиолеин қышқылы – С17Н32ОН СООН. Сұйық жоғарғы май қышқылдары химиялық табиғатына қарай тез кебетін (лен майы), жартылай кебетін (жүгері және күнбағыс майы) және кеппейтін (мин-даль, персик, оливка, кастор майы) болып бөлінеді. Жоғарғы май қышқылдар құрамында линолен және линол қышқылдар болса, онда күрделі физика-химиялық тотығу, конденсация, полимеризация процестер жүріп, коллоидты түрлендірулер болады да, майлар кебеді. Бұл жоғарғы май қышқылдарын жұқа етіп құрғақ бетке жақсақ, ол кеуіп мөлдір смола тәріздес эластик қабық – оксин береді. Осы қасиетті лак, олиф және әртүрлі бояулар даярлауда пайдаланады.
Май қышқылдары тізбектегі көміртегі атомына жалғасқан сутегілерге байланысты қаныққан және қанықпаған болып бөлінеді. Тізбектегі көміртек атомының санына байланысты төменгі (С1−С3), ортаңғы (С4−С8) және жоғары (С9−С29) болып бөлінеді. Төменгі май қышқылдары – ұшатын, өткір иісті; ортаңғы май қыш-қылдары – жағымсыз исі бар май; жоғары май қышқылдары – қатты кристалды зат. Май қышқылдары спиртте және эфирде жақсы ериді. Құмырсқа және пропин қышқылдарынан басқасы суда жақсы араласады, май қышқылы адам және жануар ағзасында кездеседі, молекуласындағы көміртек атомы жұп болып келеді.
Химиялық тұрғыдан триацилглицериндер, әсіресе қаныққан қышқылдардың триацилглицериндері инертті заттар. Өсімдік түрлерінің 90%-ының тұқымда-рында майлар болады, олар көп факторларға байланысты. Піспеген тұқымдарда бос жоғарғы май қышқылдары болады, сондықтан піспеген шикізаттың қыш-қылдық саны жоғары болады. Зығыр тұқымынан алынған май (Кавказдың қай жерінен жиналғанға байланысты болады) йод саны әртүрлі көрсетіледі. Оңтүс-тікте өскеннен солтүстікте өскен зығырдан алынған зығыр майының йодтық саны жоғары.
Май қышқылдары ағзада кішкене бөлігі CH3 тобы бойынша немесе екіншілік көміртек атомы бойынша тотығады. CH3 тобы бойынша тотыққанда дикарбон қышқылы түзіледі, екіншілік көміртек атомы бойынша бір көміртек атомына азайған май қышқылы түзіледі. Екі жағдайда да жасушалар май микросмосына сіңіріледі.
Май қышқылдарының синтезі барысында, ішек-қарында, май ұлпаларында, бас сүйекте және сүт бездерінде жүреді. Бауыр жасушасының цитоплазмасында екі негізгі палмитин қышқылы синтезделеді, ұзын тізбекті май қышқылдары ішек-қарында тізбек үзіліп синтезделген палмитин қышқылы бауырға бағыт-талады.
Май қышқылдарының биосинтезі жануарлар ұлпасында байланыс механизм-мен жүреді, сонымен қатар май қышқылдары өздері жиналып биосинтезге кері әсерін тигізеді. Май қышқылы бауыр жасушасының цитоплазмасында цитраттар (лимон қышқылы) жиналады.
Май қышқылдарының синтезінде ең бастысы жасушада никотинамидди-нуклеотидфосфаттың (НАДФ) қалпына келуі. Сонымен қатар адам ұлпасы және кейбір жануарлар полиқанықпаған май қышқылдарды синтездеуге қабілеті жоқ. Онда линол- , линолен және арахидон қышқылдары жатады, бұл қышқылдар ауыстырылмайды деген атқа ие, немесе эсенумальді май қышқылы кей жағдайда оларды шартты түрде F витамині деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |