Табиғи майдағы негізгі май қышқылдары
Тривиалдық атауы (С атомдарының және қос байланыстың саны)
|
Жүйелілік атауы
|
Формуласы
|
1
|
2
|
3
|
Қаныққан май қышқылдары
|
Май қышқылы (C4:0)
|
Бутан қышқылы
|
CH3-(CH2)2-COOH
|
Капрон қышқылы (C6:0)
|
Гексан қышқылы
|
CH3-(CH2)4-COOH
|
Каприл қышқылы (C8:0)
|
Октан қышқылы
|
CH3-(CH2)6-COOH
|
Каприн қышқылы (C10:0)
|
Декан қышқылы
|
CH3-(CH2)8-COOH
|
Лаурин қышқылы (C12:0)
|
Додекан қышқылы
|
CH3-(CH2)10-COOH
|
Миристин қышқылы (C14:0)
|
Тетрадекан қышқылы
|
CH3-(CH2)12-COOH
|
Пальмитин қышқылы (C16:0)
|
Гексадекан қышқылы
|
CH3-(CH2)14-COOH
|
Стеарин қышқылы (C18:0)
|
Октадекан қышқылы
|
CH3-(CH2)16-COOH
|
Арахин қышқылы (C20:0)
|
Эйкозан қышқылы
|
CH3-(CH2)18-COOH
|
Беген қышқылы (C22:0)
|
Докозан қышқылы
|
CH3-(CH2)20-COOH
|
Лигноцерин қышқылы (C24:0)
|
Тетракозан қышқылы
|
CH3-(CH2)22-COOH
|
Қанықпаған май қышқылдары
|
Пальмитоолеин қышқылы (C16:1)
|
Цис-Δ9 – гексадекан қышқылы
|
CH3-(CH2)5-CH=CH-(CH2)7-COOH
|
Олеин қышқылы (C18:1)
|
Цис-Δ9 – октадекан қышқылы
|
CH3-(CH2)7-CH=CH-(CH2)7-COOH
|
Вакцен қышқылы (C18:1)
|
Транс-Δ11 – октадекан қышқылы
|
CH3-(CH2)5-CH=CH-(CH2)9-COOH
|
Линол қышқылы (C18:2)
|
Цис-цис-Δ9,12 – окта-декадиен қышқылы
|
CH3-(CH2)4-CH=CH-(CH2)6-COOH
|
Линолен қышқылы (C18:3)
|
Тұтас цис-Δ9,12,15 –октадекатриен
|
CH3-CH2-(CH=CHCH2)3-(CH2)6-COOH
|
Арахидон қышқылы
|
Тұтас цис-Δ5,8,11,14 –
|
CH3-(CH2)4-СООН
|
(C20:4)
|
эйкозатетраен
|
(CH=CHCH2)4-(CH2)6-COOH
|
Клупанодан қышқылы (C22:5)
|
Тұтас цис-Δ7,10,13,16,19 –докозапентаен
|
CH3-CH2-(CH=CHCH2)5-(CH2)4-COOH
|
Негізгі май қышқылдарының молекулалық массасы және балқу температурасы
Қышқылдар
|
Қышқыл символы
|
Молекулалық масса
|
Балқу температурасы, °С
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Май
|
C4:0
|
88,3
|
-5,3
|
Капрон
|
C6:0
|
116,3
|
-4,0
|
Каприл
|
C8:0
|
144,4
|
+16,0
|
Каприн
|
C10:0
|
172,3
|
+31,3
|
Лаурин
|
C12:0
|
200,3
|
+43,5
|
Миристин
|
C14:0
|
228,4
|
+54,4
|
Пальмитин
|
C16:0
|
256,4
|
+62,9
|
Стеарин
|
C18:0
|
284,5
|
+69,6
|
Арахин
|
C20:0
|
312,5
|
+75,4
|
Беген
|
C22:0
|
340,6
|
+80,8
|
Лигноцерин
|
C24:0
|
368,5
|
+84,2
|
Церотин
|
C26:0
|
396,6
|
+87,7
|
Моноқанықпаған май қышқылдары
|
Пальмитоолеин
|
C16:1 (цис)
|
254,4
|
+0,5
|
Олеин
|
C18:1 (цис)
|
282,5
|
+13,4
|
Эландин
|
C18:1 (транс)
|
396,6
|
+31,0
|
Полиқанықпаған май қышқылдары
|
Линол
|
C18:2
|
280,5
|
-5,0
|
Линолен
|
C18:3
|
278,4
|
-11,0
|
Арахидон
|
C20:4
|
304,5
|
-48,5
|
Клупанодон
|
C22:5
|
334,5
|
-78,0
|
Жоғары май қышқылдар майын алу үшін суық және ыстық престеу немесе экстракт әдісі қолданылады. Престеу жиі қолданылатын әдіс. Тұқымдарды және жемістерді сорттап, кептіреді, тазалайды, сосын ұнтақтайды, ұнтақталған өнімді аздап қуырады, сосын ыстық бумен өңдеп, ылғалдайды. Сөйтіп жоғары сапалы май алынады, ал қалған мезганы суық немесе ыстық престеуге жібереді. Суық престеумен алынған майдың сапасы жоғары болады, ал ыстық престеу кезінде май құрамына фосфатидтер, токоферолдар тағы басқа заттар өтеді.
Өсімдік шикізатын экстракциялауды органикалық ерітінділер (хлороформ, дихлорэтанмен) жүргізеді, сосын ерітіндіні айдау арқылы кетіреді. Алынған майларды тазалайды немесе рафинадтау жүргізіледі, олар мынадай сатылардан тұрады:
- Механикалық қоспадан арылу үшін фильтрлеу.
- Гидрофилді заттардан арылу. Майды ішінде араластырғышы бар қыздырылатын бакқа құяды, майды 60°-қа дейін ысытылған сумен жуады, араластырады, бұл кезде ақуыздар, фосфатидтер, слизьдер тұнбаға түседі де, оны фильтрлеп бөледі.
- Егер жоғарғы майлардың қышқылдығы жоғары болса, онда сілтілік тазалау жүргізіледі. Майды ішінде араластырғышы бар қыздырылатын бакқа құяды, майды 80°-қа дейін ысыған содасы бар (нейтрализацияға жұмсайтын сілтінің мөлшерінен 30%-ға көп жұмсайды) сумен жуады, араластырады, пайда болған сабынды натрий хлоридімен тұнбаға түсіріп, фильтрлейді. Сабын толық кету үшін майды жылы сумен жуады.
- Дезодорлеу – майдан ұшатын заттарды кетіру үшін май арқылы ыстық бу жіберіледі.
- Майды түссіздендіруді өте сирек пайдаланады.
Майларды дұрыс сақтамаса май қызып, иіс шығады, бұзылады. Май қызуының екі түрі болады: гидролитикалық және тотығу. Гидролитикалық қызу липаза қатысуымен жүреді, оған ылғал, күн, ауа және жылу әсер етеді. Тотығу арқылы қызу гидролитикалық қызудан кейін жүреді. Тотығу арқылы қызудың үш жолы болады:
- ауаның көмегімен қанықпаған май қышқылдар тотыққанда, оттек атомы қос байланыс бойынша қосылады, пероксидтер, альдегидтер түзіліп, майға жағымсыз иіс және дәм береді;
- ферментативті бұзылу микрорганизмдер көмегімен болады, алдымен май қышқыл β-тотығуға түседі (қышқыл қалдығына β-жағдайда жатқан көміртек атом), сосын декарбоксилдеу жүріп, көмірқышқыл газы бөлініп, кетон түзіледі;
- липоксидаза және липоксид көмегімен ферментативті бұзылу болады, бұл кезде гидропероксидтер түзіледі, олар май құрамындағы биологиялық активті заттарды тотықтырады, мысалы, каротиноидтарды.
Майларды тотығудан сақтау үшін қоңыр банкілерде, күн түспейтін, құрғақ бөлмеде сақтау керек. Майларға сараптау жүргізгенде, Мемлекеттік Фармакопея бойынша түсін, иісін, дәмін, ерігіштігін, тығыздығын, сыну коэффициентін, эфирлік санын, иодтық санын, т.б. сипатын анықтайды.
Медициналық практикада белгілі майлар миндаль майы – Oleum Amygdala-rum, розоцвет тұқымынан (Rosaceae), миндальдің екі түрінің тұқымдарынан ала-ды, оны іш босататын дәрі есебінде пайдаланады.
Шабдал майы – Oleum Persicorum, розоцвет тұқымынан (Rosaceae), шабдал және өрік тұқымдарынан алады, шабдал майын инъекция үшін камфора ерітін-дісін алуда пайдаланады. Сонымен қатар комплексті препараттар құрамына кіреді.
Зәйтүн майы – Oleum Olivarum маслина Olea europaea L. жемісінен алынады. Олива майы камфораны укол түрінде салуда пайдаланылады, сонымен қатар «Цистенал», «Олиметин» препараттарының құрамына кіреді.
Кастор майы – Oleum Ricini – Ricinus communis L. – өсімдігінің тұқымынан алынады. Кастор майы күйікке, жараға, күйгенде, жатырды стимуляциялауға, іш жүргізуде пайдаланады, көптеген линименттерге және бальзамға қосылады.
Күнбағыс майы – Oleum Helianthi бір жылдық (Helianthi annuus L.) күнбағыс дәнегінен алынады. Теріге жағатын камфора майын даярлауда, беленна, облепиха майларын алуда пайдаланады.
Жүгері майы – Oleum Maydis жүгерінің дәндерінің бүршіктері (Zea mays L.) алынады. Атеросклерозды емдеуде және профилактика үшін қажет.
Зығыр майы – Oleum Lini лен тұқымынан (Linum usitatissimum L.) алынады. Зығыр тұқымында жоғары майлар мөлшері 55%-ды құрайды. Басқалардан ерек-шелігі полиқанықпаған жоғары май қышқылдар көп мөлшерде кездеседі: линол қышқылы – 15-20%, линолен қышқылы – 35-45%, олеин қышқылы – 8-9%. Полиқанықпаған жоғарғы май қышқылдар, соның ішінде линолен және линол қышқылдарының мұндай қоспасы (ауыстырмайтын жоғары май қышқылдары) F дәруменін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |