6 Дәріс. Өсімдік шикізатында кездесетін қышқылдар және олардың туындылары


Оксиқабық қышқылы және оның туындылары



бет3/5
Дата18.10.2023
өлшемі204,69 Kb.
#186485
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
ХПС 6 дәріс

Оксиқабық қышқылы және оның туындылары
Төрт оксиқабық қышқылдары өсімдіктерде көп таралған. Олар көптеген фенолды қосылыстардың биогенетикалық өзгеруіне айтарлықтай әсер етеді.
Оксиқабық қышқылдары кубышка Nuphar variegatym өсім- дігінің тамырында кездеседі, оларға 3,4-диметоксиқабық қышқылы және 3,4,5-три- метоксиқабық қышқылы жатады. 3,4,5-триметоксиқабық қышқылы көбінесе истода Polygala tenuifolia мен текоманың Tecoma radicans тамырларында кездеседі.
Жүгері өсінділерінің жасуша қабырғаларында байланысқан күйдегі 5-окси- ферул қышқылы табылған. Бірақ осы соңғы үш оксиқабық қышқылдары өсім- дікте кең тараған дегенді білдірмейді. Бос 5-оксиферул қышқылы түзілгенімен тез метилдеудің нәтижесінде жинақталмай синап қышқылы түзіледі. 3,4-ди- метоксиқабық қышқылы мен 3,4,5-триметоксиқабық қышқылының таралуы арнайы 4-O-метилтрансферазаның болу немесе болмауынан шектеледі.
Сонымен қатар оксиқабық және оксибензой қышқылының бензол ядросына орналасуының жалпы көрінісінде галл қышқылының эквиваленті, яғни 3,4,5-три- оксиқабық қышқылы көрсетілген. Демек, бұл оксиқабық қышқылы өсімдіктерде түзілмейді. Салицил қышқылының (о-оксибензой қышқылы) эквиваленті, дәлірек айтқанда, о-кумар қышқылы өсімдіктерде глюкозид түрінде кездеседі. Глюкозды қалдықтың ыдырауының нәтижесінде лактон кумаринге ауысады, ол C6-C3 қатар- дағы фенолды қосылыстың екінші тобының қарапайым өкілі болып табылады.
Қалыпты жағдайда өсімдікте оксиқабық қышқылы Е (транс)-түрде болады. Бірақ УК жарығымен сәулелендірсе тепе-теңдік Z (цис)-түрге жылжиды. Окси- қабық қышқылының мұндай ерекшелігінің биологиялық маңызы бар, яғни цис- түр өсімдіктің өсуіне әсер етсе, ал транс-түрдің ондай қасиеті жоқ. Транс- түрден цис-түрге өткенде біршама энергия мөлшері жұмсалады, бұл оксиқабық қышқылының цис-түрі жоғары реакциялық қабілеттілігінің арқасында өсімдік метаболизмінде маңызды роль атқаратынын білдіруі мүмкін. Транс-түрден цис- түрге ауысу in vivo күн сәулесінің әсерінен болатынын 1962 жылы донник Melilotus alba өсімдігінің мысалында анықталған.
Оксиқабық қышқылдарының ерекше қасиеттерінің бірі цис-транс-изомерия- ға қабілетті болуы:

Жалпы өсімдіктерде оксикқабық қышқылдары бос күйінде жинақталмайды, түзілгеннен кейін лигнин және флавоноидтардың биосинтез процесіне қатысады немесе қанттармен, ациклді және алициклді қышқылдармен, терпендермен, аминдермен, алкалоидтармен және тағы да басқа заттармен әрекеттесіп кетеді.
Өсімдікте көбінесе оксиқабық қышқылдары алициклді қышқылдардың – хин және шиким күрделі эфирлері түрінде кездеседі. Мұндай эфирлерге белгілі және өте кең таралған фенолды қосылыс, яғни хлороген қышқылын жатқызуға болады. Ол кофейн және хинн қышқылының күрделі эфирінен тұрады.
Хлороген (5`-кофеилхин) қышқылы өте көп мөлшерде күнбағыс және қуырылмаған кофе дәнінен табылған. Кофе дәнінде хлороген қышқылынан басқа оның изомерлері – 4`-кофеилхинн қышқылы (криптохлороген немесе псевдохлороген) және 3`-кофеилхинн қышқылы (неохлороген) және де 1`,4`- дикофеилхин қышқылы (цинарин) анықталған. Хинн қышқылы мен оксиқабық қышқылдарының эфирлерін мәдени өсімдіктерден зерттегенде (алма, алмұрт, шие, өрік, алхоры және т.б.) хлорогенді, неохлорогенді және криптохлорогенді қышқылдармен қатар, 3`-п-кумарилхинді, 4`-п-кумарилхинді, 5`-п-кумарилхин- ді, 3`-ферулоилхинді және 5`-ферулоилхинді қышқылдар табылған.
Оксиқабық және шиким қышқылдарының туындылары өте кең таралғанымен аз зерттелген. Өсімдіктердің 17 түрінен моно- және диацилденген n-кумар, кофейн, ферул және синап қышқылдарымен тирамин және путресцин, сонымен қатар поли- аминдер спермидин және спермин табылған.
Кейінірек n-кумар, ферул және кофейн қышқылдарының туындылары Araceae тұқымдасының 16 түрінен анықталды. п-кумарил-, кофеил- және ферулоил-путресциндерді культивациялық табак жасушалары түзуге бейім, сонымен қатар бұл жасушалар п-кумар, кофейн және ферул қышқылдарының эфирлерін де синтездейді. Және де оксиқабық қышқылы мен холиннің туын- дылары да белгілі. Мысалы, клеоме тұқымдасының Cleome pungens метанолды экстрактысынан ферулоилхолин бөлінген, ал шалқанның дәнінен Raphanus sativus синапоилхолин идентификацияланып алынды.
Оксиқабық қышқылдарының амин қышқылды туындылары да белгілі. Мыса- лы, жасыл қуырылмаған кофеден кофеилтриптофан, ал жоңышқаның Trifolium pretense жер беті бөлігінен N-транс-кофеил-3-(3,4-диоксифенил) – L-аланин және N-цис-кофеил-3-(3,4-диоксифенил) – L-аланин (транс-кловамид және цис- кловамид), сұлының дәні мен люцерна Medicago sativa жапырақтарының ақуызын бөлшектеп қышқыл ортада гидролиздегенде N-ферулоил-глицил-L- фенилаланин бөлінген.
Оксиқабық қышқылдары туындыларының тағы бір үлкен тобы май қышқыл- дарының конъюгаттары мен терпеноидтардан тұрады. Жоғарғы өсімдіктердің кутикулярлы талшықтары кутин мен суберин полимерлері мен талшық түзгіш материалдардан тұрады. Кутерин мен субериннің құрамынан май қышқылдары мен спирттермен қатар, n-кумар және ферул қышқылдары да жиі кездеседі. Яғни ковалентті байланысқан n-кумар қышқылы алма, қызанақ, шабдалы және ал- мұрттағы кутин мен суберин құрамында болады, ал ферул қышқылы тек шаб- далы мен алмұрттың кутерині мен суберинде кездеседі. Ковалентті байланысқан ферул қышқылы қант қызылшасының тамырында болады.
Кофейн қышқылы мен гексадецил спиртінің эфирі повиликадан Cuscuta lehmanniana табылған, ал сұлыдан α, ω-полиметиленглюкольмен кофейн және ферул қышқылдарының диэфирлері анықталды (C22-C24).
Куркумның фенолды комплексінде оксиқабық қышқылына негізделген үш компонент қарастырылады: диферулоилметан (куркумин), n-кумарилферулоил- метан (дезметоксикуркумин), ди-n-кумарилметан (дидезметоесикуркумин). Олардың өсімдіктегі сандық қатынасы келесідей: 4:2:1.

Оксиқабық альдегидтер мен спирттер өсімдікте бос немесе этерифицир- ленген түрде сирек кездеседі. Олар түзілгеннен кейін әдетте жылдам лигнин түзу процесіне қатысады. Белгілі кониферил спиртінің β-D- глюкозиді (4-окси-3- метоксикорич) кониферин көктемде камбии өсімдігінде жиналады.
Ива Salix triandra өсімдігінің қабығынан n-кумар спиртінің γ-O-β-D-глюкопи- ранозиді мен дигидро-n-кумар спирті бөлінген. Өсімдіктің өсу белсенділігін рет- тейтін дигдрокониферил спирті өсімдікте бос күйінде кездеседі. Аршадан Pinus contorta дигидрокониферил спиртінің 4-O-β-D-глюкозиді және γ-O-β-D-глюкозиді, сонымен қатар дигидро-n-кумар спиртінің екі глюкозиді табылды.
Органикалық қышқылдары бар кейбір жемістер:
- Клюква жемісі (Fructus Oxycocci) 2-5% органикалық қышқылдар болады, оның ішінде ең көп кездесетін хинн, лимон, алма және бензой қышқылы. Бензой қышқылы гликозид-вакциниин түрінде кездеседі, бұл қосылыс клюква жемісін- де консервілеуші қасиет көрсетіп, жемісті бүлінуден сақтайды. Сонымен қатар жемісінде пектин заттар – 1,5%, эфир майы аз мөлшерде – 12-29 мг% және В тобының витаминдері, каротиноидтар, флавоноидтар (кверцетин, рутин, гесперидин), тері илегіш заттар – 4,9%, бос катехиндер, антоциандар, терпенді қосылыстар, калий, фосфор, кальций, марганец тұздары бар, ал тұқымында 16- 28% жоғары май қышқылдар бар.
- Малина жемісі (Fructus Rubi idaei) – көмірсулар – 7,5%; алма, лимон, салицил, шарап, сорбин қышқылдары – 2%; пектин заттар – 0,45-0,73% аскорбин қышқылы – 0,45 мг % витамин В2, Р, Е, каротиноидтар, антоциан, флавоноидтар, катехиндер, тритерпен қышқылдар, бензальдегид, тері илегіш заттар, азоты бар заттар, стериндер, минерал тұздар, тұқымында 15% жоғары май қышқылдар бар.
СН3 – СН = СН – СН = СН – СООН – сорбин қышқылы.
Өрік, миндаль, шабдалы, күнбағыс майлары сары түсті май тәрізді сұйықтар, егер хлорофиллдің аз бөлігі қосылса, онда жасыл түс береді (конопля майы), қызғылт-сары түс болады, егер май құрамында каротин болса (облепиха майы). Бұл майлар суда ерімейді, спиртте аз ериді, оңай ериді эфирде, хлороформда, петролей эфирінде. Ал кастор майы спиртте оңай еріп, петролей эфирінде қиын ериді. Бұл майлар нейтрал реакция көрсетіп, тығыздығы 1-ден кем болады (0,91- 0,97).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет