2.
Тотықсыздана дезаминдену:
R – CH – COOH + 2H
| R – CH
2
– COOH + NH
3
NH
2
Амин қышқылы Май қышқылы
3.
Гидролиздік дезаминдену:
R – CH – COOH + H
2
О R – CH – COOH
| | + NH
3
NH
2
OH
Амин қышқылы Оксиқышқылы
4.
Молекулаішілік дезаминдену:
R – CH
2
– CH – COOH
| R – CH = CH
– COOH + NH
3
NH
2
Амин қышқылы Қанықпаған май қышқылы
Дезаминдену реакцияларының өнімдері боп, аммиактан басқа – қаныққан және
қанықпаған май қышқылдары, кетоқышқылдары, оксиқышқылдары саналады.
Тотықсыздана дезаминдену – сутек атомдарын, ал гидролиздік дезаминдену су
молекуласын қосып алу арқылы өтеді. Бұл реакциялар көптеген бактериялардың тіршілік
қарекетіне тән. Молекулаішілік дезаминдену өсімдіктер мен бактерияларда жүретін
құбылыс. Жануар ағзасында (негізінен бүйректе) бұл жолмен тек гистидин дезаминденеді.
Жануарлар ұлпаларында, өсімдіктерде және аэробты микроағзаларының көпшілігінде
тотыға дезаминдену реакциясының үлесі басым.
Тотыға дезаминдену реакциясы белгілі бір жағдайларда қайтымды, яғни
кетоқышқылынан керісінше амин қышқылы түзіледі. Кері реакция энергияның
жұмсалуын қажет етеді. Оны –
тотықсыздана аминдену
реакциясы деп атайды, және де
ол ауыстырылатын амин қышқылдарының биосинтезі үшін аса маңызды.
Амин қышқылдарының тотыға дезаминдену жолымен ыдырауы әртүрлі
жылдамдықпен жүреді. Адам ағзасында глутамин қышқылын дезаминдейтін
глутаматдегидрогеназа ферменті ерекше белсенділік танытады. Өзге амин қышқылдары
өте баяу дезаминденеді. Амин қышқылдарының амин тобы трансаминдену реакциясы
нәтижесінде жылдам бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: