лиракалық шегініс сияқты шығарманың идеясын, паюосын түсңндңру үшін
пайдаланылады.
Көркемдік аңдату – жазушы алда болатын
оқиғаны барынша терең
түсіндіру үшін оны алдын-ала соған ұқсас көріністер арқылы аңғартатын
тәсілді айтамыз.
Пейзаж – шығармада табиғат көрінісінің бейнеленуі. Мұнда қандай да бір
көркем шығармадағы өзге де көркемдік
құралдармен қатар өзіне тән
көркемдік-идеялық мән атқаруға тиісті пейзаж туралы. Пейзаж шығарманың
тұтас идеялық-көркемдік мәніне қызмет ету үшін де, сондай-ақ шығармадағы
жекелеген көріністерге,
оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты да қолданылы
береді.
Интерьер – шығарма кейіпкерлерінің тұрмыс-тіршілігіне қатысты түрлі
заттар мен құрал-жабдықтардың бейнеленуі. Интерьер, көбінесе
тар ауқымда,
яғни жекелеген кейіпкерлерге қатысты ғана қолданылады.
Сонымен қорыта айтар болсақ, композициялық бөлшектер мен сюжеттік
дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп тұратын нәрсе –
шығарманың композициясы. Ал, композициялық
шеберлік - шығармадағы
барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін
бір ғана нәрсеге- негізгі
идеяға-бағындыру.
Достарыңызбен бөлісу: