6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты


Синтетикалық есептің түсінігі және оның формалары



бет15/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64
Байланысты:
6 Лекция

4.3. Синтетикалық есептің түсінігі және оның формалары
Синтетикалық есеп-бұл жалпылама есеп. Банктегі Синтетикалық есептің материалдары болып мыналар табылады:

  1. Бухгалтерлік журналдар;

  2. Кассалық журналдар;

  3. Құрама карточкалар;

  4. Айналым және тексеру ведомстері;

  5. Баланстар (күндік, айлық, жылдық).

Синтетикалық есеп мәліметтері кассалық жоспардың, мемлекеттік бюджеттің және басқа да көрсеткіштердің қолданылуын талдау үшін пайдаланылады. Есептеу орталығымен берілетін күнделікті баланста кредит жәнедебет бойынша айналымдар, шығыс қалдықтары көрсетіледі. Күнделікті балансқа баланстан тыс шоттар бойынша құрылған баланс қосылады. Оның негізінде құрама карточка құрылады. Кассалық операциялармен, әкімшілік басқару шығындарымен байланысты операциялар бойынша № 0487007 формадағы құрама карточка жүргізіледі. Құрама карточкаға күнделікті дебет және кредит бойынша айналымдар және келесі күнге аналитикалық есептің балансты шотында ашылған дербес шот бойынша есептелген қалдық жазылады.
Кассалық журнал-кассалық жоспардың белгісі мен сомасын, клиенттердің дербес шоты мен нөмірін көрсететін кассаның кіріс және шығыс құжатының жазбасын сақтайды. Операция уақытының аяқталуына қарай кассалық журналдың қорытындысы есептелінеді, ол банктің айналым кассасының кіріс және шығыс мәліметтерімен салыстырылады. Күнделікті есептеу орталығымен екі данада сальдолық ведомость беріледі. Операциялық журналмен дербес шоттар жүргізілетін балансты және баланстан тыс шоттар бойынша тексеру ведомості құрылады. Онда әрбір айдың бірінші күніне қалдықтар, шот бойынша жазбалардың мерзімі және сомасы көрсетіледі. Бас бухгалтер аналитикалық және синтетикалық есептің үстінен осы шоттар бойынша тексеру жүұргізедіжәне оның нәтижесінде алынған қорытынды сальдолық ведомость пен балансқа қол қою арқылы куәләндырылады. Әрбір айдың бірінші күніне құрылған тексеру ведомостіне жауапты орындаушы мен бас бухгалтер қол қояды. Операциялық журнал немесе құрама дербес шоттар жүргізілетін балнсты және баланстан тыс шоттар бойынша тексеру ведомості құрылады. Әрбір айдың бірінші күнінде тексеру ведомостіне жауапты орындаушы мен бас бухгалтер қол қояды.

II ші деңгейлі банк балансы банктің меншікті және тартылған қаржыларының жағдайын көрсетеді, сондай-ақ банктің несиелік, инвестициялық және басқа да операцияларға орналастрылған қаржыларын бейнелейді. Банк балансы күнделікті құралады, банк басшысы мен бас бухгалтер қолдарымен куәландырылады. Банк мәліметтері арқылы келесілер бақыланады:


-ақша ресурстарының қалыптасуы мен орналасуы;
-банктің несиелік, инвестициялық, кассалық және басқа да операцияларының қозғалысы;
-бух. есепте операциялардың толық және дұрыс бейнеленуі көрсетіледі.
Осындай ретпен банк балансы синтетикалық есептің негізгі құжаты және қаржылық-шаруашылықтық қызметке сипаттама беруші болып табылады.
Банк балнсы __ __ __ __ __ __ __ж., мың тенге



Шот нөмірі

Актив

Пассив

1001
1002
1003
-
-







Барлығы









Бухгалтерлік есебіндегі қате жазбаларды түзету

Күнделікті бухгалтер аналитикалық және синтетикалық есептің мәліметтерін салыстыру керек. Алынған дербес шоттарды осы шотты жүргізуге жаупты орындаушылар тексереді. Дербес шоттағы барлық жазбалр сәйкес құжаттармен негізделгені тексеріледі. Бұл құжаттар банктің өкілді қызметкерлерінің бақыдауынан өтіп, операцияны құжаттау кезінде олардың қолдары қойылады. Сондай-ақ дербес шотқа құжаттардың реквизиттері мен сомалрдың дұрыс көшірілгендігі тексеріледі.


Қосымша бақылауды қажет ететін операция бойынша дербес шоттағы жазбаларды тексеруді бақылауды жүргізумен айналысатын қызметкерлер жүргізеді. Банк балнсы электронды есептеу машинасында құрылып, келесі жұмыс күнінң басына дайын болу керек. Күндіз құрылңан баланстың дұрыстығы актив пен пассив қалдықтарыныңі қорытындысының тең болумен бақыланады. Баланстан тыс шоттар бойынша балнстың қорытындысының дұрыстығы, алдыңғы балнстың қорытындысындағы кіріс айналымының қорытындысын қосып, баланс құрған күнгі шыығс айналымы қорытындысын алып тастағанға тең болады. Баланста балансты құрған қызметкердің және бас бухгалтердің қолы болуы тиіс. Сонан соң оны банк басшысы қарап,қол қояды. Кассалық журналмен күнделікті баланс ай болйынша жинақталды.
Клиентерге көрсетілетін қызметтің үзілуіне байланысты баланстың уақытылы құрылмауына банк және құжат айналымын ұйымдастырудағы қатедіктерге байланысты банк басшысы және бас бухгалтер жаауп береді.
Қате жазбаларды өшіру немесе үстінен түзету арқылы жөндеуге болмайды. Электронды есептеу машинасында операциялық күнді өңдеу кезінде дербес шоттар мен балнстағы қателерді түзетуге тыйым салынады. Барлық қате сомаларды түзету тек түзету ордері арқылы жүргізіледі. Бух. журналды бекітіп, балансты құрғаннан кеінгі жазбаларда табылған қателерді түзеу кері жазбамен түзетіледі, яғни қате жіберілген шоттар бойынша құрылған түзету ордері негізінде кері жазба жүргізіледі. Мұндай жағдайда шоттардан өшіру клиенттің келісімінсіз жүргізіледі. Егер клиентерге бір банк қызмет көрсетсе, онда түзету ордері бес данада толтырылады. Ордкр кітабы бас бухгалтерде немесе оның орынбасарында сақталынады.
Ордерлер басқа құжаттардан бөлек реттік нөмірмен нөмірленеді. Түзету ордерлеріндегі мәтінде қашан және қандай құжаттар бойынша қате жіберілгендігі көрсетілуі керек. Ал, егер ол клиенттің өтініші негізінде болса, онда клиент өтінішіне негізінде сүйненеміз. Дербес шотта қате жазбаның кесірінен есептемей қалған сома бойынша міндетті түрде түзетілген жазбаның мерзімімен «түзетпе» (сторно) деп қойылуы тиіс. Бұл белгі түзету ордеріне қол қойған бас бухгалтер немесе оның орынбасарының қолымен бекітілуі тиіс. Бас бухгалтер түзету ордерінің көшірмсін қолдана отырп, қызметкерлердің жұмысындағы қателрдің есебін жүргізіп, оның себебін анықтайды және жұмыстардың жақсаруы үшін іс-шаралар жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет