1.2 Коммерциялық банк: міндеттері, функциялары және негізгі қызмет шарттары
Банк-бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.
Банктің негізгі тағайындауы-ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.
Қаржылық тәуекелдіктің субъектісі ретінде банктердің екі негізгі белгіәсі болады. Бұл белгілер оны басқа субъектілерден айырмашалап көрсетеді:
1. Банк қызметіне борыштық міндеттемелерді екі жақты (қосарлы) айырбастау тән. Банктер өзінің борыштық міндеттемелерін депозиттерге,жинақ ақша сертификаттарына және т.б. орналастырады, ал осының негізінде жұмылдырылған қаражат қаржы нарығының өзге субъектілері шығарған борыштық міндеттемелер мен құнды қағаздарға бағытталады.
2. Банктер заңды және жеке тұлғалардың алдында, мысалы, клиенттің қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, депозит сертификаттарын шығарғанда және т.б. тіркелген борыш сомасы бар сөзсіз міндеттемені қабылдайды. Бұл ресурстарды өз акцияларын шығарудың негізінде жұмылдыратын инвестициялық қорларға тән емес. Борыш сомасы бойынша тіркелген міндеттеме делдалдарға (банктерге) біршама қатер төленуі керек, ал инвестициялық компания (қор) активтері мен пассивтерінің құнына қатысты өзгерістер тудырған барлық қатерді өз акционерлеріне бөліп береді.
Коммерциялық банк қызметінің принцептері.
1.Нақты қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеу. Коммерциялық банктер өзінің ресурстары мен несие салымдарының арасын сандық арақатынаспен қамтамасыз етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдырылған ресурстардың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіруге ұмтылуы керек.
2.Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдан жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.
3.Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық қатынастың негізінде құрылады.
4.Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық (әкімшілік әдісімен емес) әдістермен реттеледі.
Коммерциялық банктердің функциялары.
1.Несиедегі делдалдық.
2.Шаруашылықтарды қорлануға ынталандыру.
3. Жекелеген дербес субъектілердің арасындағы төлемдерде делдал болу.
4. Құнды қағаздармен жүзеге асырылатын операцияларда делдал болу.
Банктің басқару аппаратының құрылымы, оның негізгі бөлімшелерінің міндеттері.
Банк операцияларын жоспарлауды және дамытуды басқару мына бөлімдерді қамтиды:
банктің коммерциялық қызметін ұйымдастыру және банктің өтімділігін басқару;
клиенттің несиені өтеу қабілетін зерделеу және экономикалық талдау;
банктің коммерциялық қызметінің негіздерін және жоспарын әзірлеу;
маркетинг және клиент урамен байланыс.
Депозиттік операцияларды басқару депозиттік операция бөлімінен және қор бөлімінен тұрады.
Несие операцияларын басқару мынадай бөлімдерде берілген:
клиенттерді қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелермен несиелеу;
халықты несиелеу;
несиелеумен байланысты дәстүрлі емес банк операциялары.
Делдалдық және өзге операцияларды басқару мына бөлімдерді қамтиды:
• кепілдікті операциялар және сенімхаттар бойынша операциялар;
• банктік қызмет көрсету;
• құнды қағаздармен операциялар жүргізу.
Халықаралық банк операцияларын ұйымдастыруды басқару несие және валюта операцияларының бөлімінен, сондай-ақ халықаралыұ есепайырысу бөлімінен тұрады.
Есептік-операциялық басқару мына бөлімдерді қамтиды:
■ операциялық;
■ кассалық операция;
■ есеп айырысу.
Банк қызметінің бөлімшелеріне мына бөлімдер кіреді:
♦ әкімшілік-шаруашылық;
♦ заңдық;
♦ кадр;
♦ ЭВМ-ді енгізу және пайдалану;
♦ тексеру бөлімі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 30 тамызындағы «ҚР банктері мен банк қызметі туралы! Жарлығына сәйкес біздің елімізде екі деңгейлі банк жүйесі әрекет етеді.
Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді; Ұлььық банктің міндеттері, қызмет принциптері, құқықтық статусы және өкілеттілігі республика Президентінің «ҚР Ұлттық банкісі туралы» заңдық күші бар Жарлығымен анықталады.
Қалған банктер банк жүйеснің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Бұл, оның ішінде:
Мемелекеттік банк- ҚР Үкіметінің шешімі негізінде құрылған екінші деңгейдегі банк.
Шетелдік қатысушылармен құрылған банк-екінші деңгейдегі банк. Бұл банктің үштен бір акциясы ҚР-дың реиденті еместерінің, ҚР резиденті-заңды тұлғалардың меншігінде, иелігінде немесе басқаруында болады, 50%-те көп акциясы ҚР резидент еместерінің немесе осыған ұқсас ҚР резиденті-заңды тұлғалардың, содай-ақ, ҚР резиденті еместерінің қаражатына өкімгерлік жүргізетін ҚР резиденттерінің иелігінде, меншігінде немесе басқаруында болады.
Мемлекетаралық банктер. Олар халықаралық келісімшарттың негізінде немесе құрылтайшылардың келісімі негізінде құрылып, әрекет етеді. Құрылтайшылар- ҚР Үкіметі мен осы келісімшартқа қол қойған мемлекет.
Банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым-банк болып табылмайтын негізінде банк оперцисының жекелеген түрлерін жүзеге асыра алады.
Банктер мемлекеттік міндеттемелер бойынша жауап бермейді, мемлекетте олардың міндеттемелеріне жауапты болмайды.
«Банк пен банк қызметі туралы» заңды ҚазақстанРеспубликасында банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.