6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты


Бухгалтерлік есеп және есептілік депортаментінің құрылымы



бет6/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
6 Лекция

Бухгалтерлік есеп және есептілік депортаментінің құрылымы

Банктердегі бэк-офистің құрамында бухгалдерлік есеп және есептілік Департаменті құрылады. Департаменттің негізгі міндеті банктегі бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы біріңғай әдістемелік саясатты қамтамасыз ету, банктің қызметі жөніндегй қаржылық және есептілікті құрастыру және оны банк басшыларына, ұлттық банк пен басқа да мемлекеттік органдарға ұсыну.
Департамент өз қызметін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын, Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің нормативті актілерін басшылыққа ала отырып, банк жарғысының ережелеріне, банк басқармасының шешімдеріне банк басқармасы төрағасының бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
Оның құзырына кіретін мәселелер бойынша Департаментінің барлық жарлықтан банктің құрылымдық бөлімшелері мен барлық Департаменттер міндетті түрде орындау керек.
Бухгалдерлік ееп пен есептілік Департаменті, операцияларды аналитикалық есепте бейнелеу мен жүзеге асыру бойынша үкіметтілік пен жауапкершілік-құқыққтарын тікелей оның жүзеге асыратын банк бөлімшелеріне бере отырып, шоттар жоспары бойынша операциялардың синтетикалық есебіне жауапкершілікте болады.
Департамент бухгалтерлік есепті жүргізу бухгалтерлік есепке қатысты нормативті актілерді жасау мәселелерді бойынша Қазақстан Республикасынан басқа да мемлекеттік органдармен, банктің басқа Департаменттерімен, банктің тиісті бөлімшелерімен өз ара қарым қатынаста болады.
Департамент көптеген функцияларды орындайды. Ол операцияларды бухгалтерлік есепте бейнелеу жұмыстарын ұыймдастырады, барлық құрылымдық бөлімшелер үшін біріңғай және міндетті бухгалтерлік есепті жүргізеді. Жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру тәртібін және банктегі құжат айналымын біріңғай тәртібін қамтамасыз етеді. Мұнан басқа, ол банкілік және статистикалық есептіліктерді жинауды, тексеруді, топтастыруды ұйымдастырады. Сонымен қатар оның қызметіне банктің өз қызметі бойынша салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуді жүзеге асыру жатады. Ол және де банктің бюджетін жоспарлайды, оның орындалуын қадағалайды, пайданы қорларға бөліп таратумен айналысады және олардың қолданылуы жөнінде ұсыныстар жасайды. Осы міндеттерді орындау үшін ол басқа Департаменттер мен банктің басқа да құрылымдық бөлімшелерінен қажетті барлық ақпараттарды, оның ішінде банкттік құпия болып табылатындарын да талап етеді.
Бухгалтерлік есеп Департаменті бухгалтерлік есептің жаңа профрессивтік әдістерін енгізеді, енгізіліп отырған банктің жаңа технологиялары мен опеарациялар банктің жаңа технологиялары мен операциялары бойынша бухгалтерлік есептін ережесі мен тәртібі жасап, оны басқа мүдделді бөлімшелермен келісіп, басқарма төрағасының бекітуіне ұсынады. Ол келіп түсетін бухгалтерлік есепке, есептілікке, бухгалтерлік құжат айналымына және бақылауына қатысты корреспонденцияларды қарастырады, тиісті ұсыныстарды шешімдерді хаттар мен жауаптарды дайындайды. Сол сияқты есептілікті құрастырады, бухгалтерлік және статистикалық есептіліктерді ағымдағы сақтауды ұйымдастырады, оларды архивке тапсыруға дайындайды, жыл сайын банктің негізгі құрамдарына түгендеу жүргізуге қатысады, филиалдардың бухгалтерлер оқытуды жүргізеді, оларға түсініктемелер дайындайжы және құжат айналымы, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу сұрақтары бойынша оларға түсініктемелер мен нұсқаулар дайындайды.
Департаментті бас бухгалтер басқарады, ол тікелей басқарма төрағасының осы мәселелер айналысатын орынбасарына және банк басқармасының төрағасына бағынады. Ол жоқ болған кезде бас бухгалтердің міндеттерін оның орынбасары орындайды. Бөлімдердің қызметіне тікелей басшлыықты бөлім бастықтары, ал бөлімдердің қызметіне бақылау жасау мен жалпы басқару бас бухгалтердің орынбасарына жүктеледі.
Қызметкерлердің санын, банк басқармасының төрағасы бекітетін штат кестесі бойынша анықталады.
Банкшілік операциялар бөлімі біріңғай әдістемелік саясатты жүргізеді,есеп пен есептіліктегі кемшіліктерді жоюды қадағалайды, сол сияқты мүліктердің бары мен қозғалысына , материалдық және қаржылық ресурстардың қолданылуына бақылауды қамтамасыз етеді, шаруашылық операциялардың синтетикалық есебін жүргізеді. Оған сол сияқты, табыстар мен шығындардың, пайдалар мен зияндардың, бекітілген қорлардың, банктің әкімшілік және шаруашылық қызметі бойынша тенге және шетел валютасы түріндегі дебиторлық және кредиторлық борыштарының есебін жүргізу жүктелген.
Бұл бөлім күрделі салымдардың, негізгі құралдардың, қоймадағы материалдардың есебін жүргізеді және негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеуді және есепте бейнелейді, банктің құрылымдық бөлімшелері есептіліктерінің барлық нысандарын құрастырудың дұрыстығын тексеруге қатысады. Ол жылма-жыл негізгі құралдар мен материалдарға түгендеу жүргізген кезде қатысады. Сол сияқты дебиторлық берешектерді өндіріп алу барысына және баланстан тыс шоттарда есепте тұрған зиянға жатқызылған берешектердің сомасына бақылау жүргізеді.
Осы аталғандардан басқа, банкшілік операциялар бөлімі ережелерді, нұсқауларды, банктегі құжат айналысы мен рәсімін жасайды, ашылықшілік операциялар есебінің тәртібі мен банктердің өз бетінше қызмет ететін құрылымдылық бөлімшелері дайындаған құжаттардың жобаларын қарастырып, егерде бұл құжаттар оның құзырына кіретін сұрақтарды қамтитын болса өзінің ескертпелері мен ұсыныстарын дайындайды, құжаттардың түгелдігін және архивке өз уақтылы тапсыруын қамтамасыз етеді, тиісті сі жүргізуді, шаруашылық операциялары мен басқа келісім шарттарды және олардың төлемдерін тіркеуді ұйымдастырады. Бір мезгілде, банк қызметінің салық салу мәселелері бойынша салық заңдылықтары мен нормативті актілерді сақтай отырып, банктегі салық есебін жүзеге асыруды ұйымдастырады.
Жиынтық есептілік бөлімі есептік – статистикалық жұмыстарды ұйымдастырады. Құрылымдық бөлімшелерге статистикалық және қаржылық есептіліктерді ұйымдастыру және дайындау мәселелерді бойынша көмек көрсетеді, нұсқау береді және тексереді, есептіліктерді жинтықтауды дайындайды, бухгалтерлік есептік барлық бөлімшелері мен есептілікті жүргізу бойынша қаралады, нұсқауларды, ережелер мен рәсімдерді жасайды. Ол қаржылық және статистикалық есептілікті құрастыруға қажетті ақпараттарды тиісті Департаменттердің, басқа да бөлімшелер мен филиалдардың ұсынуы бойынша жарлықтарды жасап таратады, бюджетті жоспарлауды қамтамасыз етеді. Басшылық берген өкілеттік шегінде қаржы шаруашылық қызметті талдайды, табыстар мен шығындардың бекітілген сметасын сол сияқты күрделі салымдардың шектелуін жоспарлап басқа Департаменттерге және өзге құрылымдық бөлімшелердің назарына жеткізеді, барлық құрылымдық бөлімшелердің орындауын бақылайды, табыстар мен шығындардың түрлері бойынша нәтижелерді таңдайды, бухгалтерлік есепті конверсиялау және ұйымның бас кітабы мен көмекші кітабын жүргізу үдерістеріне тікелей қатысады.
Кейінгі бақылау бөлімі құжаттардың бірініші даналарын негізінде, банктің бас бөлімшесі жүзеге асырған операцияларды бухгалтерлік есепте бейнелеудің дұрыстығын, толықтығын өз уақтылы екендігін тексеру мақсатында кейінгі бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы ұлттық банкіндегі корреспонденттік шотты жүргізеді, әр 10 күн сайын корреспонденттік шоттар бойынша сәйкес келмеушілік тізімдемелерін құрастырады, бұл жағдайда ұйымдық құрылымға байланысты, корреспонденттік шоттары басқару мен олардың жағдайына жауапкершілік өтімділікті басқару Департаментіне жүктелген. Ол банкттің барлық бөлімшелері құжаттарының бірінші данасын негізінде филиалдардың төлемдерінен басқа, тенге және шетел валютасы түріндегі банкшілік және шығатын төлемдерді акцептейді, есептік кезеңнің күндік жиынтығы бойынша бастапқы мәліметтерді валюта түрлері бойынша банк балансына, айдалым және тексеру тізімдеріне жиелейді. Сол сияқты ол күнделікті банктің барлық бөлімшелерінің аналитикалық есеп мәліметтерінің шоттарындағы қалдықтарды синтетикалық есеп мәліметтерінің шоттарындағы қалдықтар мен салыстырады және есепте жіберілген тәртіп бұзушылықтар мен қателіктерді анықтап, жою бойынша өз өкілеттілігіне сай шаралар қабылдайды. Бұл бөлім әр күннің құжаттарын қалыптастырады және өткен операциялық күн үшін, қателер тізімдемесін құрастырады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет