6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты



бет7/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64
Байланысты:
6 Лекция

Құжаттау және құжат айналымы

Өздерінің қызметтерін бөлуге және құжаттауды жүргізуге байланысты бухгалтерлік есеп және есептілік Департаменті, өз кезегінде шартты түрде бас бухгалтерияға және көмекші бухгалтерияға бөлінеді. Бухгалтерлік бөлім банктің ресми есептілігін жүргізеді, банктің басқа бөлімдері өздерінің жазбаларын өзін-өзін бақылау мақсатында жүргізуі мүмкін.


Есептерге жаупты бөліа бас кітапты жүргізуші бас бухгалтерия болып табылады. Есептің көмекші орталықтар қызметін орындаушы. Яғни бөлшектелген, аналитикалық есепті орындайтын банктің басқа бөлімдері көмекші бухгалтерия болып табылады және көмекші бухгалтерлік кітаптар мен журналдарды жүргізеді.
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына өту дегеніміз, банк жұмысын технологиясын батыстық үлгіде ұйымдастыру дегенді білдіреді.
Бас кітап пен көмекші кітаптар ұймдастыру технологиясына қатысты халықаралық стандарттар мен нормалар жоқ, алайда халықаралық банктік тәжірибе бар.
Батыстың банкілік жүйесінің (оынң ішінде бухгалтерлік есептің) стандарттық құрылымы әрбір модуль тиісті кітаптарды автоматтандыратын модулдік принцип бойынша орындалған.
Кітап ұғымында бухгалтерияның атқарымдық бөлімі алынған, мысалы, дебиторлар кітабы, кредиторлар кітабы,негізгі құралдар кітабы, әрбір кітап оның есеп объектісімен байланысты барлық операцияларды біріктіреді. Әр түрлі модульдерге енгізілген барлық ақпараттар, ары қарай бас кітапқа топтастырылады. Бухгалтерлік есеп бөлімшелері, көмекші кітаптардан алынып бас кітапқа бейнеленген операцияларды күнделікті есебін жүргізулері керек. Осылайша, бухгалтерлік есеп бөлімшелері алынған ақпараттардың негізінде түзетулер енгізіп, басқа да бухгалтерлік жазбаларды орындай алады.
Көмекші бухгалтерлік кітаптар бухгалтерлік есеп жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл кітаптар қызметтің тиісті салаларына қатысты жан жақты ақпараттарды сақтауға арналып, мәліметтерді біріктіре отырп, оны тұрақты түрде пайдалану мақсатына қызмет етеді.
Көмекші кітаптардың бірнеше түрі болады:

  • несиелік операциялар бойынша көмекші кітаптар;

  • акредитивтер бойынша көмекші кітаптар;

  • кепілдіктер бойынша көмекші кітаптар;

  • лоро- ностро шоттарының көмекші кітаптары;

  • заңды тұлғалардың депозиттік шоттары бойынша көмекші кітаптар;

  • банк аралық депозиттер мен несиелер бойынша кітаптар,

  • бағалы қағаздар мен жүргізілетін операциялар бойынша көмекші кітаптар,

  • банкілік бухгалтерияның ішіндегі көмекші кітаптар немесе басқалар.

Көмекші бухгалтерлік журналдардың саны мен мазмұны қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктеріне байланысты анықталады. Есептер бір есепке топтастырылуы мүмкін. Бұл есептіліктерді оқу мен талдаудың ыңғайлылығына байланысты.
Мысалы, берілген несиелердің түріне байланысты келесідей көмекші журналдар құрастырылуы мүмкін:

  • қарыз алушының карточкасы;

  • орындалған операциялар журналы;

  • әрбір клиент бойынша несиелік портфел жөніндегі есеп;

  • есептелгекн пайыздардар бойынша есеп;

  • қабылданбаған өткізбе журналы;

  • өтеу мерзімдері жөніндегі есеп,

  • мерзімі өткен және блок қойылған несиелер жөніндегі есеп,

  • табыстар мен шығындар жөніндегі есеп.

Ақпараттардың құрамы, мысалы, қарыз алушылардың карточкалары әрбір берілген несие бойынша талданған ақпаратарды енгізеді:

  • қарыз алушының атауы;

  • несие берілген күн;

  • несиелік келісім шарттың нөмірі мен күні;

  • несие түрі;

  • несие шифры;

  • қамтамасыз ету түрі;

  • кепілдік қамтамасыз етудің саласы;

  • дербес шоттардың нөмірлері судалық, есептелген пайыздар, негізгі мерзімі өткен қарыздар, мерзімі өткен пайыздар;

  • операциялардың жүзеге асыру күні;

  • өтелген негізгі қарыздар сомасы;

  • пайыздық мөлшері;

  • пайыздар сомасы;

  • жалпы табыс;

  • мерзімі өткен қарыздар сомасы;

  • құрылған мәжбүрлі шығын сомасы;

  • қарыздардың қадығы;

  • қамтамасыз етуді жою.

Бұл нысандарды барлығы басқару есептлігіне қатысты.
Басқару есептілігі дегеніміз қатып қалған жүйе емес, керісінше өзгеріп отыратын, бизнестің талап етуімен динамикалық байланысты жүйе. Бұл жүйені белгілі бір деңгейде ұстап отыру үшін оның бизнестің мақстаттарына сай келуін атап айтсақ нақты есептердің бөлімшенің алдыгда тұрған басқару міндеттіріне сәйкестігін үнемі қадағалап отыру керек.
Басқару есептерін құрастыру келесі принциптер негізінде жүзеге асырылады:

  • осы есептіліктердің мақсаттары анықталады;

  • негізгі көрсеткіштерді олардың тарихи және болжамдық құбылыстарында анықтау;

  • талдау жүргізілетін негізгі көрсеткіштер үшін аналитикалық белгілерді анықтау, яғни көрсеткіштер динамикасын бейнелеуге қажеттер резервттер бойынша;

  • негізгі көрсеткіштердің банктің жалпы қызметімен құрылымдық байланыстыратын макро эколномикалық көрсеткіштерді анықтау.

Банкшілік операциялар бойынша көмекші бухгалтерлік журналдар келесідей мақсаттарда қолданылады:

  • аналитикалық шоттар бойынша банктер жүргізетін бақылауды жүзеге асыру үшін;

  • табыстар мен шығындарды есепті кезеңдерге апарудың қамтамасыз ету;

  • бухгалтерлік есепті басқару қызметіне пайдалану.

Көмекші бухгалтерлік есеп журналдары электронды тасымалдаушыларды жүргізіледі және сақталады. Олардағы операциялар бас кітаптың дербес шоттары бойынша топтастырылады және хронологиялық тәртіппен бейнеледі. Бэк-офистің жауаптық тұлғалары және бақылаужы жүзеге асырушы тұлғалар операциялардың есепте дұрыс бейнеленуін қамтамасыз ету керек.
Операцияларды көмекші журналдарда бейнелеугу ҚР заңдылықтарына, ҚР ұлттық банкінің нормативті актілеріне сәйкес орындауға қабылданған бастапқы құжаттар негіз болып табылады. Екі жақты жазу әдісіне сәйкес, бухгалтерлік операциялар саласы автоматты түрде бір шоттың дебетінде, екінші шоттың кредитінде бейнеленеді.
Көмекші журналдар мен бас кітаптың ақпараттарына бақылау жасау үшін, көмекші журналдағы аналитикалық шоттың жиынтық салаларын бас кітаптағы синтетикалық есептің қалдықтары мен күнделікті салыстырып тексеру қажет.
Көмекші журналдардың ақпараттарын пайдаланушылар көмекші журналдарды бейнеленген операциялардың есеғбін жүзеге асырушы тұлғалар банк бөлімшесінің басшылары және аудиторлар болып табылады.
Оларды сақтаған кезде, рұқсат етілмеген түзетулерден сақтауды қамьтамасыз ету керек. Журналдағы түзетулерді бұл операцияларға рұқсат бар өкілетті тұлғалар жүргізе алады, барлық түзетулер негізделуі керек және түзету енгізген тұлғаның қол таңбасымен куәландырады.
Бас банктегі банкшілік операциялардың есебі бойынша көмекші журналдарды жүргізуге жауапты бухгалтерлік есеп пен есептілікті Департаментінің бэк-офисінің жауапты қызметкері болып табылады. Ал филиалдарда филиал бастығы белгіленген жауапты тұлға жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет