6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты



бет10/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
Байланысты:
6 Лекция
Бухгалтер-аудитор, Бухгалтер-аудитор, 5081936802007 Қаржылық есеп У1Б 01.04.2020, 5081936802007 Қаржылық есеп У1Б 01.04.2020, 6 Лекция, 6 Лекция, 6 Лекция
3.2. Банк балансын ашып көрсету
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің басты нысаны болып табылады: ол есепті күндегі банктің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты ұсынады.
Банктің жылдық бухгалтерлік балансына қойылатын талаптар (2-трауды қараңыз) Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде қаржылық есептілікті құрастыру жөніндегі ұсыныстарда көрсетілген.
Баланс қорытынды айналымдарды және қаржылық есептіліктің жиынтық балансын ескере отырып құрылады.Банк мұндай жіктеулерді өзінің активтер мен пассивтері үшін таңдап алуына болады.Алынуға тиісті және төленуге тиісті сомалар «12 ай ішіндегі» және «12 айдан кейінгі» болып бөлінеді.12 ай ішінде алынбайтын активтер ұзақ мерзімді,ал алынатындары ағымдағы деп аталады.Банк өзінің активтері мен міндеттемелер ұазақ және қысқа мерзімді деп бөлуіне болады.Егер ол жасалынбаса активтер мен міндеттемелер олардың өтімділік тәртібі бойынша ұсынылады.Сол сияқты 12 ай ішінде және одан да көп мерзімде реттелінетін немесе өтелетін сомаларды бөлу қажет.
Баланста көрсетілетін қысқа мерзімді активтерге мыналар кіреді:
- жай операциялық цикл ішінде өткізуге,сатуға немесе тұтынуға ұсынылатын активтер;
- 12 ай ішінде өткізуге ұсынылатын және негізінен сатуға арналағн активтер;
– оларды пайдалану бойынша шектеу болмайтын ақша қаражаттары және олардың баламалары.
Баланста көрсетілген қысқа мерзімді міндеттемелер құрамына кіретіндер:
-қалыпты операциялық цикл ішінде төлеуге тиістілер;
-12 ай ішінде орындалатын.
Төлемі 12 ай ішінде жүргізілетін ұзақ мерзімді пайыздық міндеттемелер,келесідей жағдайларда баланстар «ұзақ мерзімді» ретінде жіктелуі мүмкін:
-бастапқы мерзімі 12 айдан көп;
–міндеттемелерді қайта қаржыландыру емеуріндері барҮ
– емеуріндер шартпен бекітілген.
Таза активтердегі еншілес компаниялардың аздық үлесі жылдық бухгалтерлік баланста міндеттемелер мен меншікті капиталдан бөлек «Аздық үлес» бабында көрсетіледі және еншілес компанияның бас банкке жатпайтын таза активтерінің көлемін бейнелейді.Жылдық бухгалтерлік балансты құру және тиісті аздық үлестің есептемесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының талабына сәйкес жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет