6. Жаңа педагогикалық технологияларды информатика пәнінде қолдану
Компьютер арқылы оқыту мынандай міндеттерді қамтиды:
|
Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашады;
|
Ойлау қабілетін дамытады;
|
Оқыту тәрбие үрдісіндегі ақпараттың алмасу сипатын айқындайды.
|
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі:
|
Шығармашылық қабілеті дамып, мәдениетінің деңгейі мен ықыласы көтеріледі;
|
Оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелеріне сәйкес талдаулары мен ұсыныстарын бірге көреді;
|
Оқушының пәнге қызығушылығы артады;
|
Мұғалім оқушыға бағыт беріп отырады;
|
Уақыт үнемделеді;
|
Білім беруді тез қарқынмен компьютерлендіру қажеттілігі мына факторларымен түсіндіріледі:
|
Құралдарын қажетті деңгейге пайдалана алатындай жан-жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
|
Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни оқушыларға информатика мен комуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.
|
Оқушыныңшығармашылық қабілетін , экспериментальді іскерлігін дамыту.
|
Оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарлату мақсатын компьютерді жекелеген пәндерге оқыту құралы ретінде пайдаланады.
|
Информатика білім сапасын арттыруды негізгі құралын меңгеру үшін алдымызға мынандай мақсат қою керек:
|
Ақпараттық техниканың жетістіктерін толық пайдаланып , өмірге қажеттіліктерін пайдалануға жол ашу
|
Шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінін қалыптастыру
|
Оқушының жаңа мүмкіндігін ашу
|
Оқушылардың белсенділіктерін арттыру
|
Барлық топтар бойынша тәртіп, сыйластық ұйымшылдықты болдыру
|
Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
|
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
|
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
|
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
|
4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
|
5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.
|
Қазіргі заманғы жағдайларда жұмыс істеу үшін оқытушы не білуге тиіс? Санамалап айтсақ, келесі бес құрал педагогтың бесқаруы десе де болады:
|
Менеджмент ғылымы (басқару ғылымы);
|
Психология (білім беру – оқыту және тәрбиелеу процесін псхологияландыру жүріп жатыр); Егер біз оқушының субъектісін, жеке тұлғасын нысаналасақ, біз оны жақсы білуге тиіспіз;
|
Экономика (экономиканың қажеттіліктерін білу; мектепке қандай адам даярлау керек екенін білу);
|
Информатика (дербес компьютерді пайдалану);
|
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақта кеңінен қолдану (Интернет желісін пайдалана және іздей білу, электронды оқулықтарды қолдану, флипчарттарды игеру).
|
Оқу үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану барысы:
|
«Түсіну» деңгейінде (теориялық материалды меңгерту):
|
Электрондық оқулықтар;
|
Power Point бағдарламасында жасалған презентациялар;
|
MS Word редакторында жасалған сызба кестелер, үлестірмелер;
|
Блокнот мәтіндік кіші редакторда жазылған ережелер жиынтығы (электрондық ереже анықтамасы) немесе электрондық сөздік қолданылады.
|
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері информатика пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда.Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
|
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
|
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
|
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
|
7. Информатиканы орта мектепте қосымша оқыту түрлері.
Сыныптан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған:
|
1. Балада жағымды «МЕН»- тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға байланысты:
- өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;
- өзінің белгілі тақырыпты немесе материалды меңгеретініне сенімділігі;
- өзінің маңызды орын алатынын сезіну.
|
2. Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын қалыптастыруға жағдай туғызу.
Оқу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарға қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады.
|
3.Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру.
Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастару мүмкіндігі бар. Бұл жағдай әсіресе теріс жолға түскен жасөспірімдердің (алкоголь, нашақорлық, тәртіп бұзушылық, т.б.) көбеюімен көкейкесті болып тұр.
|
4. Әлемтанудағы адамгершілік, эмоциональдық, еріктілік компоненттерін қалыптастыру.
Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылды. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.
|
5.Танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сыныптан тыс жұмыстардың бұл міндетті оқу үрдісіндегі және сабақтан тыс іс-әрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы, сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі - мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шешеді.
|
6. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.
Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін баланың бос уақытын педагог тиімді ұйымдастыру қажет.
Оқушылар тәртібі олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне байланысты екендігі анықталған. Үлгермеуші оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту олардың оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына көмектеседі.
|
Информатика пәнінен жүргізілетін қосымша сабақтар оқушылардың жеке қабілетін дамытуға мүмкіндіктер береді. Ол өзінің алдына мынандай міндеттер қояды:
|
- информатиканы және оның қолданылуларын тереңдетіп оқытуға деген қызығушылығын туғызып, дамыту;
|
- ғылыми зерттеу сипатындағы дағдыны қалыптастыру;
|
- информатика мен ЭЕМ-ны қолдану саласында мектеп оқушыларының еңбекке, мамандық алуға дайындығын қамтамасыз ету;
|
- оқушылардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру.
|
Информатиканы қосымша оқыту түрлері:
|
Экскурсия информатика сала бойынша оқушының танымын кеңейтіп, теориялық біліммен оның практикалық қолданылуларының арасындағы байланысты көруге және бақылау жүргіуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, кәсіптік бағдары мен политехникалық оқытуды қамтитын, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқытуды ұйымдастыру түрі болып табылады.
|
Факультативтік курстаринформатика саласындағы білімді терең сіңіріп қабылдау, педагог маманның оқушыларымен қосымша жұмыс жасауға бағытталған. Информатикадан факультативтік сабақтарды өткізудің мүмкін болатын түрлерінің бірі әрбір сабақты екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші бөлім жаңа материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмалар бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады. Сабақтың бұл бөлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және ерекше қиын немесе қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналған.
|
Олимпиадамақсаты информатика саласындағы дарынды, білімі дамыған оқушыларды табу. Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында алға қойылған мақсатқа жетудегі табандылықты, өз бетімен жұмыс істеу әдетін қалыптастыру мақсатындағы сыныптан тыс жұмыс түрі. Оқушыларды білім жағынан өсуге ынталандыратын, олардың бойында информатикаға қызығушылықты, табандылықты тәрбиелейтін жарыс.
|
Пәндік апталықтар, онкүндіктер пәнге деген қызығушылықпен пәнаралық байланысты жүзеге асырады. Информатика апталығына мұғалімдермен бірге оқушылар газет шығаруға көмектеседі және түрлі іс шараларға қатысады.
|
Ғылыми жоба жарысы. Қазіргі уақытта оқушылардың ғылыми жоба жарысына орта мектепте ерекше мән береді. «Дарын» орталығы ұйымдастыратын оқушылардың ғылыми жоба жарысы бірнеше бағыт және секциялар бойынша өткізіледі. Бұл оқушылардың ғылыми жоба жарысына орта мектеп жоғары оқу орындарының оқытушыларымен тікелей байланыс жасап, бірлесіп жұмыс істейді. Оқушылардың олимпиадағы нәтижесі және ғылыми жоба жарысына қатысуы информатика пән мұғалімдердің және мектептің жетістігі болып саналады.
|
8. Оқыту нәтижесін бақылау, бағалау және тексеру.
Бақылаудың функциялары:
|
Тәрбиелік
|
Дамытушылық
|
Білім берушілік
|
Тексерушілік
|
Бақылау түрлері:
|
Ағымдық бақылау - бұл оқушылар білімін әр сабақта жүйелі түрде тексеру, бұл сабақтың құраушы бөлігі ретінде оқытудың нақты сабақта бағалануы болып табылады.
|
Периодты түрдегі бақылау - бағдарламаның үлкен тарауларынан кейін немесе оқыту ұзақ уақыт жалғасқан соң іске асады.
|
Қорытынды бақылау немесе нәтижелік бақылау - келесі сыныпқа ауысу кезінде жүреді. Оның міндеті: ары карайғы оқуын қамтамасыз ететін, дайындықтың сол қажетті минимумын белгілеу.
|
Бақылау әдістері:
|
Ауызша бақылау - әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру, оқу. Ауызша бақылау негізін оқушылардың монологты жауабы мен сұрақ-жауап түрдегі әңгімелесу құрайды. Әр сабақ сайын фронтальды немесе комбинирленген жекеше түрде жүріледі. Емтихан - тексерудің айтарлықтай толығырақ түрі болып табылады.
|
Жазбаша бақылау - бақылау жұмысы, реферат, өздік жұмыс. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың терең және жан-жакты білімдерін тексеруін қамтамасыз етеді, себебі мұнда оқушыға теориялық білімі мен оны практикада қолдана алатындығын көрсетуі қажет.
|
Практикалық жұмыстар - тәжірибелік жұмыс теориялық мәліметтерді зерттеу базасындағы әдіс-тәсілдерін, білімін құрастырып жинақтау үшін қажет.
|
Практикалық жұмыстың мазмұнына келесілер кіруі керек:
|
1) Жұмыстың мақсаты;
|
2) Тапсырмалар
|
3) Қондырғыларды қолдану (сипаттамалары бар ЭЕМ сияқты);
|
4)Тапсырманын физикалық, математикалық немесе ақпараттық үлгілерінің мазмұны;
|
5) Есепті шығару алгоритмі;
|
6) Бағдарлама;
|
7) Шығарылатын немесе бастапқы мәліметтер;
|
8) Кесте түріндегі алынатын нәтижелер;
|
9) Қорытындыларды тұжырымдау;
|
10) Тесттер (компьютерлік, бланктік).
|
Достарыңызбен бөлісу: |