6 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің 2017-2018 оқу жылында үйде оқытылатын «Б» сынып оқушысы Базарбай Әзімбектің сабақ кестесі Сынып жетекшісі: Султамуратова М. Б. ІІ жартыжылдық



бет3/7
Дата16.05.2022
өлшемі83,46 Kb.
#143531
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
үйде оқыту күнтізбелік тақырыптық жоспар Султамуратова М
Чен стимульный материал, Чен стимульный материал, stud.kz-37345, 25 казан, Экология
Әдебиеттік оқу
Аптасына 1 сағат. Жыл бойы 34 сағат
1. Түсіндірме жазба

1. 1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы


23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.
2. Оқу бағдарламасы әр пән бойынша оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес білім, білік және дағдының мазмұны мен көлемін анықтайтын нормативтік-оқу құжаты болып табылады.
3. Оқу бағдарламасы әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға оқу процесін бағыттайды, ол оқушылардың пән бойынша білім алып және дағдыларды меңгеруге, оқу әрекеттерін меңгеруде оқушылардың дербестігін дамытуға, әлеуметтік мәдени ортада бағдарлау икемін қалыптастыруға септігін тигізеді.
4. Оқу бағдарламасында заманауи мектептегі білім беру процесін ұйымдастыруға арналған инновациялық педагогикалық жолдарын сипаттайтын оқу-нормативті құжаттың дәстүрлі түрі үйлесім тапқан.
5. Білім берудің классикалық негзі ретінде құнды-бағдарлы, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы, коммуникативті жолдары оқу мақсаттары жүйесінің басымдылығын және білім беру процесінің нәтижесін нығайту үшін қолданған және ол жаңа оқу бағдарламасының құрылымында көрініс тапқан.
6. Білім беру процесінің заманауи деңгейінде негізгі талаптардың бірі оқушылардың өздігінен білім табудағы белсенді әрекетін ұйымдастыру. Бұл пән бойынша білім алуға, әлеуметтік және коммуникативті дағдыларды, тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға септігін тигізеді, өйткені олар өз қызығушылығын, болашағын сезінуге және тиімді шешім қабылдауға септігін тигізеді. Оқушылардың белсенді танымдық әрекеті мұғалімнің қолдауымен және серіктес, кеңесші ретінде шығармашылық бірлесу жағдайында нығая түседі.
7. Тұлғалық-бағдарлы білім берудің осы сипатының нығаюы оқу процесінің барлық қатысушыларының ынтымақтастығының бастамасы болып, түрлі оқытудың интерактивті әдістерін қолданғанда қарым-қатынас орнатқанда басымдылықты жібермейді.
8. Білім беру процесін ұйымдастыруға арналған барлық инновациялық ықпалдар білімдермен, идеялармен, іс-әрекет тәсілдерімен белсенді алмасуды болжайтын оқытуды шынайы шығармашылық процестегі оқушылардың қарым-қатынас моделіне айналдырады.
9. «Оқу және тіл дамыту» пәні бойынша оқу бағдарламасы аймақтық материалды қолдануға бағытталуы арқылы оқушының танымдық және әлеуметтік белсенділігін арттырады (нысандар, мекемелер, ақпарат көздері). Пәнді оқыту мақсатына жету үшін іске асатын тәрбиелік мәні бар жобалар ата-аналар, жергілікті қауымдастықтардың қатысуымен ұйымдастырыла алады.
10. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болатын күтілетін нәтиже оқытудың мақсаттық жүйесінде берілген. Оқу бағдарламасы мазмұны жағынан өз оқуының және тұлғааралық қарым-қатынас субъектісі ретінде оқушы тәрбиесіне пәннің қосар үлесі.
11. Пән бойынша білім беру процесінің күнделікті мазмұны оқу мақсатына тәуелді және оқушылардың алған білім, икем, дағдыларын өмірде кездесетін түрлі жағдайларда пайдалануға дайындығын қалыптастыру.
12. Тұлғалық қасиеттерінің дамуы кең ауқымды икемдермен үйлесімде оқушыларға білім берудің негізгі құндылықтарын меңгертудің негізі болып табылады: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «сыйластық», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «жариялық», «өмір бойы білім оқу». Осы құндылықтар оқушылардың күнделікті әрекетін және оның тәртібіне түрткі болатын нақты тұлғалық бағдарлары болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет