№26 Жамбыл Жабаев атындағы
орта мектеп директоры:
Г.Ч. Айткулова.------------
«....» ................ 2018 жыл
№26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің 2017-2018 оқу жылында үйде оқытылатын 2 «Б» сынып оқушысы Базарбай Әзімбектің сабақ кестесі
Сынып жетекшісі: Султамуратова М.Б.
ІІ жартыжылдық
№
|
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
Сенбі
|
Пәні
|
Сағат
|
Пәні
|
Сағат
|
Пәні
|
Сағат
|
Пәні
|
Сағат
|
Пәні
|
Сағат
|
Пәні
|
Сағат
|
1
|
Қазақ тілі
Султамуратова М.Б.
|
1110-1145
|
|
|
|
|
|
|
Әдебиеттік оқу Султамуратова М.Б.
|
1040-1125
|
|
|
2
|
Математика Султамуратова М.Б.
|
1150-1230
|
|
|
|
|
|
|
Математика Султамуратова М.Б.
|
1130-1200
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қол еңбегі\ Айнладағы әлем
Султамуратова М.Б.
|
1200-1230
|
|
|
Қазақ тілі-1 сағат
Әдебиеттік оқу-1сағат
Математика-2сағат
Қол еңбегі-0,5сағат
Айналамен танысу-0,5 сағат
Коррекция-2сағат
Орыс тілі-1сағат
Таныстым ата-ана:____________________________________________________ |_____________________|
Қазақ тілі
Аптасына 1 сағат. Жыл бойы 34 сағат
1. Түсіндірме жазба
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.
2. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
3. Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.
4. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.
5. Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарлық коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.
6. Қазіргі кезеңде оқушының өздігінен білімді игеруі үшін оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
7. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.
8. Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.
9. Пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.
10. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.
11. Пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез-келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.
12. Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс
Достарыңызбен бөлісу: |