Оқушылар мұғалімнің оқыған өлең жолдары мен іс-әрекетін қайталайды.
Қолдау
214
Сабақтыңортасы(26мин)
Сабақтыңкүтілетіннәтижесіментаныстыру: – Балалар, сендер бүгін берілген сөзді, сөйлемді, мәтінді буындап, тұтас оқисыңдар. Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазасыңдар. Сызба-модель арқылы сөйлемдер құрап оқисыңдар.
Оқулықта жазуға берілген тапсырмаларды дәптерге өздіктеріңнен көшіріп жазасыңдар.
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Қолдау
(МК, Ұ, Ө) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамытужұмысы. Оқылым. 1-тапсырма. Оқулықтың 64-бетінде оқуға берілген сөздер мен мәтінді оқушылардың дұрыс, тұтас оқуына қолдау жасау.
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Оқулық
Кеспе әріптер, буындар
2-тапсырма. Бағанда берілген сөздерге «ы» дыбысын жалғап оқуды қадағалау. Өзгеріске түскен дыбысты анықтау, дыбыстық талдау жасау.
тарақ – тарағытауық– тауығымоншақ–моншағы
Сөздің соңына «ы» дыбысын жалғап, «қ» дыбысының «ғ» дыбысына өзгеруіне назар аударып оқиды. Өзгеру себебін түсіндіреді.
Оқыған сөздердегі «ғ» әрпінің орналасу орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды.