6-сынып, 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар. Бөлімдері «Абайды оқы, таңырқа!», «Қазақтың ұлттық қолөнері».
Оқу мақсаты: 6.1.5.1. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау.
6.5.2.1 жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастыру.
Бағалау критерийі. Білім алушы: - Негізгі мәселені өмірмен байланыстыруда тақырыпқа қатысты сөздерді қолданады;
- Тақырыпқа қатысты құрылымы сақталған эссе жазады .
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну. Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
І. Оқылым. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Біздің еліміздің табағаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қазір қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктемге мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығады. Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты. Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі әсіресе ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын уақыт. Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанамын!
2-тапсырма. Мәтіннен қыс мезгілінің сипатын білдіретін 3 тірек сөзді теріп жазыңыз. Тірек сөздер: 1.____________________________________
2.____________________________________
3.____________________________________
3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақ
Жауап
Жаз қандай жыл мезгілі?
Көктем қалай суреттелген?
4-тапсырма. Берілген тірек сөздермен «Қазақтың зергерлік бұйымдары» деген тақырыпқа 3 жай сөйлем құрастырыңыз.
Тірек сөздер: қолөнер, бұйымдар, ою-өрнек, шебер, әшекей, алтын-күміс, халық
Бағалаукритерийі
№ тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтайды
1
мәтін мазмұнын түсінеді.
1
2
жаз мезгілінің сипатын танытатын 3 тірек сөзді анықтайды.