6-сынып, 4-тоқсан бойынша
жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.
Бөлімдері «Абайды оқы, таңырқа!», «Қазақтың ұлттық қолөнері».
Оқу мақсаты:
6.1.5.1. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау.
6.5.2.1 жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастыру.
Бағалау критерийі.
Білім алушы:
- Негізгі мәселені өмірмен байланыстыруда тақырыпқа қатысты сөздерді қолданады;
- Тақырыпқа қатысты құрылымы сақталған эссе жазады .
Ойлау дағдыларының
деңгейі Білу және түсіну. Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
І. Оқылым.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.
Біздің еліміздің табағаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қазір қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктемге мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығады. Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты. Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі әсіресе ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын уақыт. Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанамын!
2-тапсырма. Мәтіннен қыс мезгілінің сипатын білдіретін 3 тірек сөзді теріп жазыңыз.
Тірек сөздер:
1.____________________________________
2.____________________________________
3.____________________________________
3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақ
|
Жауап
|
Жаз қандай жыл мезгілі?
|
|
Көктем қалай суреттелген?
|
|
4-тапсырма. Берілген тірек сөздермен «Қазақтың зергерлік бұйымдары» деген тақырыпқа 3 жай сөйлем құрастырыңыз.
Тірек сөздер: қолөнер, бұйымдар, ою-өрнек, шебер, әшекей, алтын-күміс, халық
Бағалау критерийі
|
№ тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтайды
|
1
|
мәтін мазмұнын түсінеді.
|
1
|
2
|
жаз мезгілінің сипатын танытатын 3 тірек сөзді анықтайды.
|
1
1
1
|
3
|
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
|
1
1
|
Тақырыпқа қатысты сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастырады
|
4
|
сөздердің орын тәртібін сақтайды
|
1
|
3 жай сөйлем құрастырады
|
1
1
1
|
Барлығы
|
10
|
Достарыңызбен бөлісу: |