Жаңа сабақ: «Өзіңнің ұлтыңды танып алмасаң, сен басқа ұлттың кім екенін еш уақытта біле алмайсың»-деп М.Арын ағамыз айтқандай Қазақ халқының ата-тегі болған сақ тайпасының тарихын, мекендеген орнын, қоғамдық құрылысын, шаруашылығын, тұрмысын, мәдениетін,білу мақсатында өтетін ашық сабақ тақырыбы: Сақтар.
Тақырып бес бөлікке бөлінген.
Сақтардың тарихы, мекендеген орны.
Тұрмысы , шаруашылығы.
Қоғамдық құрылысы.
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Мәдениеті мен өнері.
Жаңа сабақтың жоспары:
Сақ тайпаларының шығу тарихы.
Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы.
Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман деректерінде аты әйгілі болғандары; сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпалары
Қазақ тарихын зерттеген ғалымдар қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыққан дейді.
Кесте №1,2.
Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы: Археологтардың пікірінше сақ тайпалары мен тайпа одақтары мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
№
|
Сақ тайпаларының аты
|
мекендері
|
1
|
Парадарайа
(теңіздің арғы жағындағы сақтар)
|
Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы
|
2
|
Тиграхауда
(шошақ бөрік киіп жүретін сақтар)
|
Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда
|
3
|
Хаумаварга
(хаома сусынын дайындайтын сақтар)
|
Мургаб аңғарында
(Түркіменстан)
|
Картамен жұмыс жасау:Шошақ бөрікті сақтарға ерекше тоқталу
-Алтын адам, Томирис, Шырақ.туралы қысқаша әңгіме қозғау
Суреттерді сөйлету
Достарыңызбен бөлісу: |